“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Құрметті оқытушылар және студенттер!

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының қауымдастығының баспасынан келіп түскен жаңа әдебиеттер туралы фотоесепті ҚМИУ сайтыннан көруге болады.
24.10.2018, 12:19:31, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Объявления

«Жаңа оқу жылы- жаңа оқулық»

 

2018 жылы 28 қыркүйек күні кітапхананың оқу залында (3 қабат)
«Жаңа оқу жылы- жаңа оқулық»
атты Маман күні ұйымдастырылады.

 

Факультеттердің студенттері мен оқытушыларын шақырамыз. Жұмыс уақыты сағат  09.00 ден 17.00 дейін.

25.09.2018, 09:01:30, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Объявления

«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.

Бағдарлама мақсаты – еліміздің еңбек ресурстары мол оңтүстік өңірінің жастарын оқытумен (Алматы, Түрікстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) кадрлар жетіспейтін шығыс, солтүстік және батыс өңірлерінде жұмыспен қамтамасыздандыру.

2015 жылдан бастап Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасына техникалық мамандықтар бойынша біздің Қарағанды мемлекеттік инлдустриялық университетті де қатысады.

2015 жылы ҚМИУ 8 мамандық бойынша 300 грант бөлінді. Оның 01.09.2015 жылы 294 гранты игерілді, 6 грант 2016 жылдың қаңтар айында қайта бөлінді.

2016 жылы ҚМИУ 11 мамандық бойынша 160 грант бөлінді. Оның 01.09.2016 жылы 157 гранты игерілді, 3 грант 2017 жылдың қаңтар айында қайта бөлінді.

2017-2018 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша 11 мамандықтар бойынша 161 талапкер оқуға қабылданды. 6 грант игерілмеді.

Ағымды 2018-2019 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша  90 талапкер, 9 мамандық бойынша оқуға қабылданды.

Мамандық  2015-2016 оқу жылында оқуға қабылдау

2016-2017

оқу жылында оқуға қабылдау

2017-2018 оқу жылында оқуға қабылдау 2018-2019 оқу жылында оқуға қабылдау
1 Машинажасау 32 15 16 4
2 Көлік, көлікті техника және технологиялар 35 10 20 9
3 Технологиялық машиналар және жабдықтар 34 20 5
4 Электрэнергетика 35 5 12 14
5 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы 35 20 4 5
4 Металлургия 44 19 9 7
5 Құрылыс 39 15 24 9
8 Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы 40 28 27 9
9 Автоматтандыру және басқару 10 23 24
10 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 5
11 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру 10 21 9
БАРЛЫҒЫ: 294 157 161 90

 

Қазіргі таңда барлығы 659 студент оқиды.

Осы бағдарлама бойынша ҚМИУ оқуға түскен талапкерлер жатақханамен қамтамасыз етілген, олар оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастырылады.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жақсы оқу үшін студенттеге қолайлы жағдай жасалған.

Университетте заманауи оқу дәрісханалары және ғылыми зертханалары орналасқан 6 оқу-зертханалық корпус, 260 мың кітап қоры бар кітапхана, екі заманауи акт залы, құрамында 6 ойын залы және ашық алаңды спорт кешені жұмыс жасайды.

Университетте 890 орынды 2 жайлы жатақхана бар. Студенттер үшін жатақхана тегін. Университетте қоғамдық тамақтану орындары (4 дәмхана, 80 орынды асхана), сонымен бірге медициналық бөлме  жұмыс жасайды.

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетін таңдаумен – болашаққа сенімді кепілдендірілген  жолдаманы таңдайсың!

 


СОТСБИ біліктілікті арттыру курсы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқытушылары СОТСБИ компаниясымен бірге Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсында біліктіліктерін арттырып жатыр.

Курс тыңдаушыларын бірнеше күн ішінде «СОТСБИ интерактивті зертханалық-оқу кешені» курсы бойынша  дәрістер, практикалық және жеке өзіндік жұмыстар күтіп түр. Сабақты М. А. Бонч-Бруевич ат. Санкт-Петербург  телекоммуникация университетінің оқытушысы,  СОТСБИ ҒТО ЖШС техникалық жазушысы Татьяна Лушникова жүргізеді.

Оқылатын тақырыптар – байланыс желістері, ашық жүйелердің өзара әрекеттесуі, ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты коммуникациялық хаттамаларды зерделеуге арналған СОТСБИ-ngn аппаратты-бағдарламалық кешен және т.б. Курс ұзақтығы 72 академиялық сағат, оқыту нысаны- күндізгі/сырттай.

ҚМИУ баспасөз қызметі


“Горно-металлургическая промышленность” журналындағы жарияланым, №7 (120) шілде 2018 ж.