“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БІТІРГЕНІНЕ – 50 ЖЫЛ

2017 жыл – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқытушылары, магистранттары мен студенттері үшін айрықша айтулы жыл. 50 жыл бұрын мұнда жоғары білім туралы дипломды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алды.

ҚМИУ тарихы – бұрынғы ҚМК жанындағы зауыт- ЖТОО – бірегей жоғары оқу орны. Оның жарты ғасырдан артық тарихы қала және ел тарихымен тығыз байланысты. Ұлы Отан соғысының ең қиын кезеңі 1943 жылы, Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің шешімі бойынша, Нұра өзен бойындағы Самарқан су қоймасының жағасында Қазақстан металлургиясының тұңғышы – қазақ металлургиялық өңдеу зауытының құрылысы басталды.

Жеңістен кейін Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерді экономикалық қалпына келтірудің тірек базасы болды. Ел басшылығымен Теміртауда  өндірістің толық циклінде металлургиялық зауыт салу туралы шешім қабылданады. 1950 жылғы күзде болашақ өндіріс алыбы аумағында Қазақстан Магниткасының – алғашқы қазығы геодезисттермен қағылды. 1958 жылы БЛКЖО XIII съездінде Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы – Қазақстандық Магнитканы жариялады. Елдің түкпір-түкпірінен  келген мыңдаған жігіттер мен қыздар осы алып құрылыста еңбек етті. Алғашқы құрылыс қиындықтары артта қалып металлургиялық зауыт өсу қарқыны үдей бастағанда, инженерлік-техникалық мамандарға қажеттілік туындады.

КСРО жоғары және арнаулы орта білім беру Министрінің 4 наурыз 1958 жылғы бұйрығымен Теміртау қаласында химия-механикалық техникум базасында өндірістен қол үзбей мамандар дайындау үшін Қарағанды политехникалық институтының кешкі филиалы ашылды. 1961 жылы Теміртау кешкі филиалы Қарағанды политехникалық институтының кешкі жалпы техникалық факультеті болып қайта құрылды.

Қалада құрылыс кәсіпорындары мен ұйымдарының өндірістік қарқынды өсу жағдайында жалпы техникалық факультеті инженерлік-техникалық мамандар қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмады. Жас индустриялық қалада дербес жоғары оқу орнын құру қажеттілігі туындады.

1963 жылы Теміртау қаласында Қарағанды политехникалық институтының кешкі факультет базасында Қарағанды металлургия зауытының жанындағы  зауыт-ЖТОО ашылды (1970 жылдан – Қарағанды металлургия комбинаты жанынан).

Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылындағы жас жігіттің тағдырымен ел мен қаланың тағдыры таңғаларлық түрде тоғысқан. Теміртау Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірінде ерекше орын алады. «Теміртау – менің махаббатым, менің жастық шағым, менің тағдырым» деген оның сөзі теміртаулықтармен кездесу барысында әрдайым айтылады. Дәл осы қалада біздің еліміздің Тұңғыш Президентінің еңбек жолы басталды, дәл осы жерде оның мемлекеттік қызметкер және саяси көшбасшы ретінде өзінің жеке қасиеттері қалыптасты және дамыды.

1958 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Абай атындағы Қаскелен қазақ орта мектебін бітірген. “Ленинская смена” газетінен комсомол шақыруы туралы хабарландыру оқып, ол Теміртауға Қазақстан Магниткасының құрылысына баруға шешім қабылдады. Сол жылдың қараша айында Қазақ КСР Үкіметінің шешімі бойынша  жергілікті ұлттың жасөспірімдер топ құрамында Нұрсұлтан Украинаның Днепродзержинск қаласына оқуға жіберілді. Дәл бұл қалада КСРО-техникалық училищелер үздіктерінің бірі – Днепр металлургия зауытының жанындағы №8 училище болды, онда  домна цехтарының пештерін, кран машинистерін, ашық аспалы цехтардағы жылыту пештерінің дәнекерлеушілерін дайындады.

Бітіру емтихандарын “өте жақсы” тапсырып және тау-кен біліктігінің 8-разрядын алып Нұрсұлтан Назарбаев 1960 жылы Теміртауға Қарағанды металлургиялық зауытында жұмыс істеу үшін оралады. 1960 жылдан бастап ол тоғыз жыл аралығында “вулкан” домнада   төртінші тау-кеншіден домна пешінің аға газшысына дейін қызметтік өрлеу жолынан өткен. Білімге деген ұмтылыс, металлург мамандығын терең меңгеруге деген талпыныс Н.Ә.Назарбаевтың жоғары оқу орнында оқу қажеттілігіне алып келеді. 1962 жылдың қыркүйегінде ол «Қара және түсті металдар құю өндірісі» «от» мамандығын таңдап, Қарағанды политехникалық институтының Теміртау кешкі филиалының металлургиялық факультетінің  студенті болады. Филиалда бір жарым жыл оқығаннан кейін, 1964 жылғы ақпанда ол Қарағанды политехникалық институтының күндізгі оқу нысанына ауысады және өзін толығымен оқуға арнайды.

1965 жылдың тамызында институттағы металлургиялық факультет жабылып, 1963 жылы Теміртау қаласында ашылған ЖТОО-зауытқа берілді. Нұрсұлтан ауыстыру туралы өтініш жазады және қайтадан оқуын ЖТОО-зауытта кешкі бөлімінде, оқу мен жұмысты және белсенді қоғамдық қызметпен үйлестіре отырып жалғастырады. Соңғы курста Нұрсұлтан Назарбаев диплом жұмысының тақырыбы ретінде алған тапсырмасы:

“Мазуттың пешке енгізілуімен ағын агломераттың 100% -ында пеште жұмыс істеген кезде Қарметзауыт жағдайында 300 млн. тонна шойын құю, 3,8 млн.т. табақты таптаманы қамтамасыз ету үшін домна цехының  жобасын әзірлеу”. 1967 жылы диплом жобасын «үздік» қорғап және «инженер-металлург» мамандығын алып Нұрсұлтан Әбішұлы ЖТОО-зауытта оқуын аяқтады. Осылайша, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, бұрынғы зауыт-ЖТОО Тұңғыш Президенттің ЖОО болып саналады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Теміртау қаласындағы өмірінің бір кезеңі адамдарды басқаруға, өзінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына әрі қарай дамуына және биік шыңдарды бағындыруға ұмтылуына ықпал еткен мол тәжірибе жинаған кезең болды. Н.Ә.Назарбаевтың ерекше табиғи болмысы мен алған іргелі жоғары білімі оның болашақ Тұңғыш Президент және Егемен Қазақстанның Ұлт Көшбасшысы болуына негіз болып қалыптасты. Нұрсұлтан Әбішұлы бірнеше рет айтқан: “Магнитканың тарихы, Теміртау тарихы, оның адамдарының тағдыры менің тағдырымнан алыс емес. Егер менің өмірімде Магнитка мен Теміртау болмағанда, мен ешқашан Президент болмас едім”.

 60-шы жылдарды ЖТОО-зауыттың бірегей жоғары оқу орындары ретінде қалыптасу кезеңі деп санауға болады. 1964 жылдан бастап 1969 жылға дейінгі кезеңде ЖОО барлығы 740 білікті маман дайындады. Оның ішінде 133-і – бұл 1967 жылғы түлектер. Зауыт-ЖТОО бойынша Тұңғыш Президенттің үзеңгілестері КСРО-ның Құрметті металлургы, комбинат ардагері Колбаса Владимир Федорович, ҚР Құрметті металлургы, комбинат ардагері Искаков Тоқтархан Ибраевич, ҚР Еңбек сіңірген экономисі, бұрынғы Қарағанды металлургия зауытының экономика бойынша директорының орынбасары Кауц Владимир Александрович, бұрынғы Қарметкомбинаттың кәсіподақ комитетінің төрағасы , 1979 жылдан бастап – Теміртау қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Стринжа Виктор Матвеевич және көптеген т.б. болып табылады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Теміртауда оқыған және жұмыстағы әріптестерімен және достарымен, серіктестерімен кездесуді ешқашан ұмытпайды. Ол өзінің Alma mater-ін ұмытпайды. Нұрсұлтан Әбішұлының ЖОО алғашқы сапары 3 шілде 2000 жылы өтті және Қарағанды металлургия комбинатында домна пешінің іске қосылуына 40 жыл толуына орайластырылды. Нұрсұлтан Әбішұлы 12 желтоқсан 2001 жылы екінші рет келгенде, ЖОО жаңа оқу-зертханалық корпусының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. 13 қаңтар 2003 жылғы үшінші сапары, жоғары оқу орнының базасында Президенттің “АрселорМиттал Теміртау” АҚ, “Казхром”, “Қазақмыс” инвесторларымен жүргізген жиналысымен байланысты болды.

 

 

 

29 қарашада Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қатысуымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаңа тұжырымдамалар мен қазіргі заманғы шешімдер» атты ІХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының салтанатты ашылуы болды.

 Үлкен міндеттер

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және 1967 жылғы түлектердің 50 жылдық мерейтойына арналған конференцияның модераторы, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов сөз сөйледі. Қатысушыларды құттықтай отырып, ол бұл конференция қазіргі уақытта ел алдында үшінші жаңғыру дәуірінде ашылатын жаңа мүмкіндіктер мен шешімдерге арналғанына назар аударды.

– Мемлекет басшысы алдымызға үлкен міндеттер қояды. Олар қоғамның барлық күштері біріктірілген жағдайда ғана мүмкін, – деді Ерлан Қошанов. – Және біз технологияларды жаңарту, сандық және адами капитал сапасы туралы айтқанымызбен не бизнес, не билік, не ғылым жалғыз өзі осыны орындап шыға алмайды.  Сондықтан біз әлі де ғылыми қоғамдастыққа, іскерлік ортаға және азаматтық қоғам белсенділеріне балама шешімдерді іздестіруге белсене қатысудамыз.

Конференцияның құрметті қонағы – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың маңызды күнге және конференцияға арналған құттықтауын Ерлан Сағадиев оқыды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі өз сөзінде, өкінішке орай, республиканың жоғары оқу орындарында академиялық еркіндік дәрежесі жеткіліксіз, сондықтан Парламенттің екінші оқылымында университеттердің академиялық еркіндігі туралы заң қаралу үстінде, оған сай, олар өздерінің білім беру бағдарламаларын дамытатын болады. ЖОО үшін типтік оқу бағдарламалары болмайды. Білім және ғылым министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, білім беру бағдарламаларының рейтингісін өткізеді. Ерлан Сағадиев ғылыми-техникалық үдерісті жеделдету барысында көптеген мамандықтар жоғалып кететінін, сондықтан бүгінгі таңда оқушыларға жаңа білімге толығымен жаңа көзқарас қажет екендігін атап өтті.

Жылы естеліктер

Бұл күні сөз сөйлеушілер Мемлекет басшысы және Карметкомбинаттың жанындағы ЖОО-зауыт, Теміртау қаласы мен қала құрушы кәсіпорынның пайда болғаны туралы ұлы сөздер айтып, ұлттың болашақ көшбасшысының мінезі мен кен-тау мамандығының құпиясы болды.

Нұрсұлтан Назарбаев ЖОО бітіргеннен бері білінбей жарты ғасыр  уақыт өтіпті, қазіргі уақытта Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті деп аталады. Бірақ кеше болған секілді. ҚР Тұңғыш Президентінің үзеңгілестері Түлеутай Сүлейменов және Қабидолла Сарекенов оның белсенді азаматтығы мен жоғары және жоғары өсуге деген ұмтылысын еске алды. Курстастарының естеліктері бойынша Нұрсұлтан Әбішұлын өзінің студенттік жылдарында өзіндік құндылықтары, адалдығы, жолдастарға көмектесуге дайындығы, сендіру таланты және талқыға салу сияқты қасиеттері ерекшелендірді.

Осы күні құттықтау сөздерімен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин, Қазақ ақпараттық-коммуникация академиясының президенті Шахмаран Сейілов және Астрахань мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы) «Ұлттық қауіпсіздік» кафедра меңгерушісі Равиль Арыкбаев сөз сөйледі.

Конференцияға Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері, еліміздің және шетелдің жоғары оқу орындарының ғалымдары, мемлекеттік органдардың, оқу орындары мен кәсіпорындардың басшылары, депутаттар, қоғам қайраткерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Осы күні университеттің бірнеше аудиторияларында «Инновациялық және білімге негізделген технологиялар Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асыру құралы ретінде», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау арқылы адами капиталдың сапасын арттыру», «Жоғары оқу орны – «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру орталығы ретінде» және «”Туған жер” Президенттік бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау және пайдалану мәселелері» атты бөлімдер бойынша жұмыс жүргізілді.

Екінші күн

Халықаралық конференцияның екінші күнінде, 30 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында және жоғары оқу орнында қатысушылар мен қонақтарға экскурсиялар өткізілді.

30 қарашада Конференцияның жабылу рәсімінің модераторы ҚМИУ ректоры Бахыт Жаутиков болды. Ашық талқылауларда ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері белсенді қатысқанын атап өтті. Конференцияға Германия, Ресей, Моңғолия, Чехия, Жапония және басқа елдердің ғалымдары баяндамаларын ұсынды.

— Ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және 1967 жылғытүлектердің оқу бітірулерінің 50 жылдық мерейтойына орайластырылғаны ерекше болды, – деді Бахыт Ахатұлы.– Баяндамаларда және Конференция қатысушыларының сөйлеген сөздерінде мерекелер және металлургия мен басқа да өнеркәсіп салаларындағы ғылыми-техникалық прогресске қатысты маңызды мәселелер талқыланды, қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап іздеу бағыттары берілді.

Конференцияның нәтижелерін жариялау үшін сахнаға шақырылған, бір күн бұрын жұмыс істейтін бөлімдердің төрағалары: Астрахань мемлекеттік университетінің агробизнес, ветеринария және технологиясы факультетінің деканы Равиль Арыкбаев, «Мәскеу болат және қорытпалар институты» ҒЗИ Угаров ат. (филиалы) Ескі Оскол технологиялық институтының гуманитарлық ғылым кафедрасының меңгерушісі Зинара Мухина, «Тұран-Астана» университетінің профессоры Нұркен Мырзаханов пен Моңғолия ғылым және технология университетінің PhD докторы Erkhembayar Tseveen. Олар конференция қатысушыларына сертификаттар табыстады.

Қарар және меморандумдарға қол қойылды

Әрбір конференция дәстүр бойынша қарармен аяқталады. Ұйымдастырушылар ақпараттық және ғылыми сыйымдылықты технологиялардың бағыттарының қазіргі кездегі жағдайына жасалған сарапттамалардың, сонымен бірге жақын жылдарда олардың дамуына  жасалған болжаулар ұсынылған баяндамалардың тереңдігін атап өтті.

Конференция қатысушылары адами капиталдың сапасын жоғарлатуға арналған білім саласының жағдайын әрі қарай жақсартудағы негізгі бағыттарды анықтаумен жеке тұлғаның толық даму тұрғысынан жоғарғы оқу орындарындағы оқыту жүйесінің қолданыстағы үлгісіне жан-жақты талдау жасау керектігін ұсынды. Сонымен бірге «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жаңа әлемдік тәртіп жағдайында тарих, салт-дәстүр, құндылықтар және тідің синтетикалық бірлігінің тұтастығы арқылы Қазақстанның мәдени сәйкестілігінің кескінін тұжырымдамалау ұсынылды.

Республикалық «ҚМИУ Жаршысы» ғылыми журналында ұсынылған баяндамалар қортындысы бойынша Б.Б. Быхиннің («Экспериментальные методы определения опережения и уширения металла при прокатке с реализацией интенсивно пластической деформации», Н.М. Мырзаханованың («Табиғат заңы – шектеу»), А.А. Невзорованың («Влияние микролегирования комплексным сплавом Cа-Bа на микроструктуру конструкционной углеродистой стали»), Т.С. Байгабатовтың («Гуманизация и гуманитаризация высшего образования как фактор формирования общественного сознания студентов») және көптеген мақалаларды жариялау ұсынылды.

Конференция соңында ҚМИУ ректоры Бахыт Жаутиков Астрахань мемлекеттік университеті және Угаров атындағы Ескі Осколь техникалық институтымен («Мәскеу болат және қорытпалар институтының филиалы) ынтымақтастық келісім шартына қол қойды.

Өткізілген конференцияның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де маңызы зор. Ғылым және өндіріс өкілдері арасында қызықты пікір-алмасу жүзеге асырылды. Сөзсіз, конференция көптеген елдердің металлургиялық кластерлерінің әрі қарай дамуына жаңа екпін береді.



ТРУДЫ IХ Международной научно – практической конференции «Третья модернизация Казахстана – новые концепции и современные решения», посвященной 50-летнему юбилею выпуска 1967 года – выпуска Первого Президента Республики Казахстан Нурсултана Абишевича Назарбаева  (29-30 ноября 2017 года)

 

 

Темиртау 2017