“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Сәкен оқулары

ҚМИУ-да 16 шілде  «Сәкен оқулары» конкурсы өтті. Оның қатысушылары көрнекті қазақ жазушысы, ақын және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын оқыды, сондай-ақ домбыраның сүйемелдеуімен орындады.

Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық мұрасын зерттеуге бағытталған конкурстың ұйымдастырушылары Теміртау қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тілдерді үйрену орталығы болды. Іс-араға 60-тан астам адам қатысты, олардың арасында Теміртау қ. ақсақалдар кеңесінің өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшелері, студенттік жастар болды, олар үшін Сәкен Сейфуллиннің бейнесі – бұл Қазақстан поэзиясының жарқын беттерінің бірі.

Қатысушылар заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы шығармаларын орындаумен қатар, оның жарқын, бірақ өте қысқа өмірінің санаулы белгілі сәттері туралы да айтты. Өкінішке орай, Сәкен Сейфуллин 1938 жылдың сәуірінде Алматыдағы ІІХК түрмелерінің бірінде «халық жауы» ретінде атылған. 1957 жылы КСРО Жоғарғы Сотының Әскери Алқасымен қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.

Ақсақалдар Ілияс Баймырзаев пен Қасым Ботанов Сәкен Сейфуллиннің ұлы шығармашылық мұрасын және Қазақстан Республикасының ағарту ісіне қосқан зор үлесін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


«Казахстанская правда» газетіндегі жарияланым


Сәт сапар, түлектер! 

5 шілде ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында еліміз үшін маңызды мемлекеттік мереке – Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында –Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 2018 жылы оқу бітірген бакалаврлар мен магистранттарға, сондай-ақ ҚМИУ жанындағы техникалық-экономикалық колледж түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табысталды.

Біздің университет металлургия, машина жасау, энергетика, құрылыс және Қазақстанның өнеркәсіптік кешендерінің басқа да салаларының білікті мамандарын үлкен өмірге мақтанышпен шығарады. Кешегі студенттің – дәрістері, емтихандары, сынақтары, ұйқысыз түндері, кітапханада және интернетте өткізілген уақыттары артта қалды. Көптен күткен сәтте туды, олар ЖОО бітіргені туралы құттықтаулар қабылдайтын кез келді. ҚМИУ ректоры Б.А.Жәутіков сахнадан жиналғандарға сөз сөйледі. Ол жарты ғасыр бұрын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бітірген ЖОО-да оқудың үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. ҚМИУ түлектері тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар оның шегінен тыс жерлерде өнеркәсіп және экономиканың барлық салаларында іс жүзінде жұмыс істей отырып, өндірістік және қоғамдық қызметте жақсы нәтижелерге қол жеткізе бұл өмірлік сынақты абыроймен көтеруде.

Қарағанды облысының көптеген танымал адамдары ҚМИУ-ға екінші, тіпті үшінші рет жоғары білім алу үшін келеді. Соның ішінде, 5 шілдеде диплом табысталғандар арасындағы металлургиялық әулетінің өкілі, мемлекет Басшысы үзеңгілесінің ұлы Т.Ж. Арысов және Теміртау қалалық мәслихаттың хатшысы А.Б. Ломакин.

Бұл күні ҚМИУ ректоры барлық оқу жылдары үздік нәтижелер көрсеткен ЖОО үш факультетінің бакалавриаттарына және ҚМИУ жанындағы колледж түлектеріне қызыл диплом табыстады. ҚМИУ мақтанышы: А. Абилхасымова, А. Мусин, Ж. Аменов, Р. Романов, А. Талгатова, М. Аубакирова, В. Рахимов, А. Рахимбекова и С. Сайфуллин (Металлургия және машинажасау факультеті); Д. Корепанова, Р. Кудайбергенов и А. Базаров (Экономика және құрылыс факультеті); В. Ким и С. Попов (Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультеті); В. Курлаев, Е. Богданова, Н. Болюх и М. Скрынникова (техникалық-экономикалық колледжі).

Биылғы жылы ұзақ үзілістен кейін ҚМИУ жанындағы техникалық-экономикалық колледжінің алғашқы түлектері бітірді. Колледж директоры С.Б.Хамитов құттықтау сөз  және диплом табыстау рәсімі үшін сахнаға шақырылды. Құрметті ақсақал, соғыс және еңбек ардагерлер қалалық кеңесінің төрағасы Б.К. Ордабаев өзінің эмоционалдық сөзінен кейін ҚМИУ түлектеріне магистрлер дипломдарын табыстады. Содан кейін сахнаға ЖОО үш факультетінің декандары кезек-кезек көтеріліп әркім өз түлектеріне дипломдар табыстады, оларға жарқын жол, сәттілік, кәсіби қызметте табыс тіледі.

Сәт сапар, қымбатты түлектер!

ҚМИУ баспасөз қызметі


ҚМИУ-да үнді студенттерін оқыту аяқталды

18 маусымнан 22 маусымға дейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқытушылары Үндістанның ең үлкен штаты  –  Раджастханда орналасқан Джайпур қаласынан бір айға келген Лакшми Миттал ақпараттық технологиялар Институтының екінші курс студенттеріне «Металлургия негіздері» курсы бойынша дәрістер оқыды.

ҚМИУ-дың төрт оқытушысы шетелдік студенттерді «Металлургиялық процестерге шихталық материалдарды дайындау», «Болат өндірісі» (атап айтқанда, оттегі-конвертер процесі туралы), «Шойын өндірісі», «Болат құю және пештен тыс өңдеу» және «Материалдарды қысыммен өңдеу» секілді тақырыптардың қыр-сырымен таныстырды.

Үнді студенттері металлургия комбинатында тәжірибеден өту үшін Теміртауға қанша келсе (ал бұл-оныншы жыл), сонша оларға «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Анатолий Торговец дәріс оқиды. Өзі – тұлға және оның сабақтары да, олардың барлық қиындықтарына қарамастан қызықты. Анатолий Корнеевичпен бірге үнді студенттері, олардың ішінде, тек екі қыз ғана «Үздіксіз-құю дайындама машиналар құрылымы мен жабдықтары» тақырыбын зерттеді. Іс барысында сұрақтар қойылды. Барлық қарым-қатынас аудармашы арқылы өтті.

– Бұл, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жағдайында үздіксіз құю туралы қарапайым білім беретін курс. Ол студенттерге технологияны түсіну үшін керек, сондай-ақ стационарлық емес жылу бұру жағдайында үздіксіз құйма қалыптастыруға әр түрлі факторлардың әсері туралы білім алуға болады, – дейді Анатолий Корнеевич. – Бұл курс қарапайым білім ғана емес, сондай-ақ, технологиямен, үздіксіз құю, металдың сапасына, балқыту процесі мен үздіксіз илектеуге байланысты терең іргелі білім береді.

«Металлургия негіздері» курсының «LNM Institute of Information Technology» он жеті студентін оқыту, сондай-ақ бұдан бұрынғы осы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алма-матеры болып табылатын университет бойынша егжей-тегжейлі экскурсия ҚМИУ мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде ұйымдастырылды.

Теміртауда үнді студенттері университетте оқу мен комбинатта тәжірибеден өтіп қана қоймай, – оларды кең көлемді мәдени бағдарлама күтті. Мысалы, қонақтар 25-29 маусым аралығында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ балалар-жасөспірімдер орталығының бірнеше: «Қазақстанның ою-өрнек өнері» (көлемді қағаз пластикасы, сәндік кескіндеме), «Дауыс аппаратының құрылымы. Ән айту қағидасы» (орыс халық әндерін үйрену), «Туған өлке» (қағаз орамасы, түрлі-түсті пластик), «Өзін-өзі қорғау элементтерін зерттеу; омыртқа түзету; сколиоздың алдын алу» және «Менің елімнің халық биі»(қазақ халық биін үйрену) шебер-сыныптарына барды.

– Әсер өте жақсы. Теміртауға алғаш рет келдім. Бұл өте әдемі қала және қонақжай адамдар. Мұнда мен көптеген жаңа достар таптым, дейді Үндістаннан келген студент Рохит Патель.

– Маған осы тамаша қалада бәрі ұнады, – толықтырады Яшасви Джейн. – Теміртау – өте шырайлы орын, онда менің ана тілімде сөйлемейтін адамдармен кездестім және онда олардың тілінде бірнеше сөздерді үйрендім. Бұл өте пайдалы тәжірибе.

 ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Назар аударыңыз!

ҰБТ (КТ) тапсыруға қатыспаған не ҰБТ (КТ)

тапсырмаған талапкерлер үшін ҚР жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге арналған қайта ҰБТ (КТ)

тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Қайта тестілеуге арналған құжаттар

25 шілде және 3 тамыз аралығында қабылданады.

Анықтама телефоны: 91-42-34.