Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ
[жариялау күні: 06.04.2021, 11:50:44, жариялауды: Әкімшілік]
2021 жылдың 2-4 сәуірінде «Абадан» пікірсайыс командасының мүшелері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ» ашық республикалық пікірсайыс турниріне белсенді қатысты.
Турнирге еліміздің 16 облысы қатысты (Шымкент, Нұр-Сұлтан, Түркістан, Тараз, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Талдықорған, Алматы және т.б.). Біздің команда атынан келесі студенттер қатысты: Назерке Абдрах (ФӨТ-19қ), Мерей Сағат (ФӨТ-19қ), Алихан Бедеров (МҚӨТ-17қ) және Лаура Сейдахмет (ФӨТ-19қ). Іс-шараны Халықаралық Silkway университеті ұйымдастырды.
Турнирдің басты мақсаты – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелерді талдау барысында тәуелсіз шешім қабылдау және шындыққа жету кезінде сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын игеру дағдыларын дамыту, сонымен қатар, студент жастар арасында мәдени-интеллектуалды орта қалыптастыру.
Турнир AПФ және ЛД екі форматта өтті.
Барлық ойыншылар лайықты ойын көрсетіп, республикалық пікірсайыс турниріне жақсы баға берді. Дәстүр бойынша барлық қатысушыларға сертификаттары мен естелік сыйлықтар табысталды.
