“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау б...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Жеке тұлғаның интеллектуалды дамуы

Зияткерлік мәдениетті дамыту ойлау қызметін жандандыруды, логикалық қабілеттерін дамытуды, білім алушылардың қызығушылығын арттыруды, олардың санасын сенімді білімдермен байытуды, ақыл-ой қабілеттерін дамытуды, ғылыми-зерттеу дағдыларын меңгеруді, таным объектілеріне шығармашылық пен жауапты тәсілді көздейді.

Жеке тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру «адам-табиғат», «адам-қоғам», «адам-техника», «адам-адам» жүйелеріндегі іргелі білімді қалыптастыруды көздейді. Өзін-өзі тану жасөспірімге айналасындағы әлемді түсінуге, өзін және оған өзінің қатыстылығын ұғынуға, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға, жалпы адамгершілік құндылықтар тұрғысынан қоршаған әлемге өз көзқарасын жүйелеуге көмектесу үшін бейімделген. Өзін-өзі тану жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады.

Жеке тұлғаның зияткерлік дамуының нәтижесі ғылыми және философиялық дүниетанымның негізгі қағидаларын меңгеру, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік, жоғары кәсіптілік болып табылады.

Зияткерлік тәрбие студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, пәндік олимпиадаларға, дипломдық жұмыстар мен жобалардың кәсіптік байқауларына қатысуға, «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубының, пікірсайыс клубының, «Сөз бостандығы» пікірталас клубының жұмысына қатысуға оқитын жастарды баулу арқылы  жүзеге асырылады.