“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау б...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

British Council

2014 жылы Ұлыбритания мен Қазақстан үкіметтері жалпы бюджеті 20 миллион фунт стерлинг болатын бес жылдық мерзімге Ньютон Аль-Фараби бірлескен серіктестік бағдарламасын бастады. Тараптар бағдарламаны тең негізде қаржыландырады.

Бағдарлама Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Кәсіпкерлік, энергетика және өнеркәсіптік стратегия департаментімен басқарылатын Ньютон қорының бөлігі және есебінен жүзеге асырылады (қордың капиталы – 735 миллион фунт). Ньютон қорының әр түрлі бағдарламаларды қаржыландыруы Ұлыбританияның дамуға ресми көмек көрсетудің бөлігі болып табылады. Қор жұмысы арқылы Ұлыбритания серіктес елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу үшін өзінің ғылыми артықшылықтарын ғылыми зерттеулер мен инновацияларда қолдана алады.

 

Екіжақты және көпжақты бағдарламалар аясындағы бірлескен жұмыс барысында Ұлыбритания мен Қазақстан қазіргі байланыстарды кеңейтіп, нығайтуға және ғылыми зерттеулер мен инновациялар саласында берік, тұрақты, жүйелі қатынастар құруға ниетті.

 

Ньютон Аль-Фараби бағдарламасының үйлестірушілері – «Ғылым қоры» АҚ, сонымен қатар Ұлыбританиядағы Британдық кеңес.

 

Бастапқыда бағдарлама ғылыми әлеуетті арттыруға, кадрлар алмасуға және бірлескен ғылыми орталықтар құруға бағытталған. Төмендегі алты басым бағытқа назар аударылады:

 

Энергетика

Денсаулық және сауықтыру

Ауылшаруашылық технологиясы

Апаттарды қалпына келтіру мүмкіндігі

Экология және қоршаған орта

Тамақ және су

Болашақта Бағдарлама Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы осы салалардағы ғылыми ынтымақтастыққа көбірек қолдау көрсетеді, сондай-ақ инновациялардың экономикалық және әлеуметтік құндылығын арттырады.