“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау б...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ

Техника-экономикалық колледжі (ТЭК) «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» КЕАҚ құрылымдық бөлімі болып табылады және өзінің қызметін үздіксіз колледж-ЖОО білім жүйесі бойынша жүзеге асырады.

Колледж 1998 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында Қарағанды металлургиялық институты (ҚарМетИ) жанында ұйымдастырылған және кейін Гуманитарлы-техникалық колледж деп аталды. 1998-1999 жылдарда колледжді Анатолий Михайлович Суворов, 1999-2001 жылдарда Г.А. Микрюкова және Л.В. Суворова басқарды. 2001 мен 2010 жылдар аралығында колледжді басқару «Физика және жоғары математика» кафедрасының доценті, жоғары санатты оқытушы Альфия Самиевна Байсалбаеваға жүктелді. 2010 жылдан осы күнге дейінгі колледж директоры педагогика ғылымдарының магистрі, жоғары санатты оқытушы Сапар Бағдатұлы Хамитов. 2016 жылы Гуманитарлық-техникалық колледж “Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті” РМК жанындағы Техникалық-экономикалық колледж болып өзгертілді. 2020 жылдан бастап техникалық-экономикалық колледж “Қарағанды индустриялық университеті” КЕАҚ жанындағы Техникалық-экономикалық колледж болып өзгертілді.

Колледжде барлық мамандықтар бойынша оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде 9 сынып және 11 сынып базасында жүзеге асырылады. Колледжі бітіргеннен кейін мемлекеттік үлгілегі диплом беріледі. Сонымен бірге біздің колледждің түлектерінің дипломдары тек ғана облыста ғана емес сонымен бірге басқа алыс және жақын елдерде де жарамды.

Колледжде жаңа инновациялық оқыту технологиялары енгізілген, әрбір мамандық зертханалық базамен (зертханалар: электронды микроскопия, геотехника, рентгенография, металдарды қысыммен өңдеу процестерінің және термиялық өңдеу зертханасы, электржабықтарды баптау, балқыту залы) жабдықталған.

Жыл сайын колледж мәртебесі қала және облыс дәрежесінде жоғарлауда, осыған байланысты қара металлургия және өнеркәсіптің басқа салаларына арналған білікті және сұранысқа ие мамандарды дайындау жүзеге асырылады.

Профессорлы-оқытушылар құрамының біліктілігі жоғары деңгейде. Жыл сайын оқытушылар біліктіліктерін арттырады, арнайы пәндер ғылыми дәрежесі бар оқытушылармен оқытылады.

Колледж мемлекеттік лицензияға сәйкес 9 мамандық: 2 экономикалық және 7 техникалық мамандықтар бойынша білімдік қызметті жүзеге асырады.