“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау б...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Нұрымғалиев Асылбек Хабадашұлы

Нурумгалиев Асылбек Хабадашевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, ХАҒА академигі, «Металлургия және материалтану» кафедрасының мегерушісін м.а.

Білімі:

1980 ж. ҚарМК жанындағы ЖТОО зауытын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті) бітіріп, 240140 – «Қара металдар металлургиясы» мамандығында оқып, «инженер-металлург» біліктілігін алып шықты

1992 ж. 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады

2007 ж. 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

Еңбек жолы:

1980-1997 ж.ж. ҚСР ҒА химия-металлургия институтының (қазіргі Ж.Әбішов ат. ХМИ) ферроқорытпалар және тотықсыздану үдірістері және металлургиялық балқымалар зертханасының инженері, аға инженері, кіші, ғылыми және аға ғылыми қызметкері

1997 ж. ҚР батыс өңірі үшін кадрлар даярлау бойынша «Металлургия» мамандығын ашу үшін Қ. Жұбанова ат. Ақтөбе мемлекеттік университетіне ауыстырылды, техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы

1997-2002 ж.ж. Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Металлургия және жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, доценті

2002-2018 ж.ж. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Металлургия және материалтану» доценті, профессоры

2008 ж. «Материалтану және металдар технологиясы» кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды

2009 ж. Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі болып сайланды (ХАҒА)

2011 ж. «Электронды микроскопия және нанотехнологиялар» ғылыми зертханасының жетекшісі болып тағайындалды

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы.

Ғылыми-зерттеу қызметі:

220-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде 4 монография, 30 оқу құралы және әдістемелік нұсқаулар, 15 авторлық КСРО куәлігі және ҚР патенттері.

2012-2017 ж.ж. профессор А. Х. Нұрымғалиевтің жетекшілігімен келесі ғылыми-зерттеу мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім-шарт жұмыстары жүргізілді:

  • «Si-Al-Mn, Si-Al-Ba, Si-Al-Cr негізінде қорытпаларды алу технологиясын әзірлеу және физика-химиялық зерттеулер» № мемлекеттік тіркеу 0112РК02874, инв. 0112РК02874;
  • «Пирометаллургиялық процестерге қатысты термиялық талдау нәтижелерін өңдеу және өткізу принциптері мен әдістерін, жабдықтарды дамыту және жетілдіру».№ мемлекеттік тіркеу 0112РК02876, инв. № 0214PK01421;
  • «Құрамында кальций мен барий бар қорытпаларды алу және қолдану технологиясын әзірлеу және физика-химиялық зерттеулер»,мемлекеттік тіркеу № 0115РК01373, инв. № 0215РК02596;
  • «Назарбаев Университет» № 431-2016 келісім-шарты бойынша «Беттік-күшейтілген рамандық спектроскопия фундаменталиясы (БКТС): наноскопиялық ортаның сигналға әсері»;
  • «Өркен» ЖШС-мен № 4200007601 шарт бойынша шаруашылық келісім шарт ҒЗЖ: «Өркен-Атасу өкілдігіне арналған ШПМ электрқозғалтқыш дайындаудың алдын ала мерзімін анықтау” тақырыбы бойынша»
  • Шұбаркөл Көмір АҚ кәсіпорнымен № 103 / 12с шарт бойынша шаруашылық келісім-шарт ҒЗЖ: «Шұбаркөл қимасында жанатын сланецтің қасиеттерін зерттеу және генераторлық газ, сланец майы және ферросиликоалюминий өндіру бойынша ұсыныстар әзірлеу» тақырыбы бойынша.

Келесі шетелдік жоғары оқу орындары және мекемелерімен халықаралық ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасады:

  • Ченстохов политехникалық университеті (Польша);
  • Вроцлав техникалық университеті (Польша);
  • Синьцзян университеті (Қытай);
  • Оңт.-Орал Мемлекеттік университеті (Челябі қ., РФ);
  • Н.Э. Бауман ат. Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (РФ);
  • А.А. Байкова ат. металлургия және материалтану институты (Мәскеу, РФ);
  • «Қоршаған ортаны қорғау ғылым мен техника» ЖШС (Шыңжаң, Китай);
  • ТОО «Қызыл алтыннан жасалған төзімді материал» ЖСШ (Шыңжаң, Китай) және т.б.

Марапаттар мен алғыстар:

2008 ж. «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері

2009 ж. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен «Металлургия» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді

2013 ж. «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды

2015 ж. «ҚМИУ алдында сіңірген еңбегі үшін” медалімен марапатталды

2015 «ТКМ мамандықтары бойынша 2015 жылғы «Ғалым-педагог» номинациясы бойынша «Алтын Гефест» ұлттық сыйлығымен марапатталды

2015 ж. «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері

2016 ж. еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін және жоғары білікті мамандарды даярлаудағы еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы қола медальмен марапатталды

Дополнительная информация:

  • «Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттік» сарапшысы (HKAOKO-IQAA);
  • 6D070900 «Металлургия» мамандығы бойынша PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау бойынша Диссертациялық Кеңестің мүшесі;
  • «Металлургия» мамандығы бойынша республикалық ОӘК төрағасы
  • «Металлургия» және «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша диссертациялық жұмыстарды қорғау бойынша кафедрааралық ғылыми семинардың төрағасы»;
  • «ҚМИУ хабаршысы»республикалық ғылыми журналының редакция алқасының мүшесі.