“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ «Мейірімділік» күні өтті

[жариялау күні: 08.04.2021, 12:25:42, жариялауды: Әкімшілік]

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Ізгі істер марафоны» ұлттық жобасы аясында 2021 жылы 8 сәуірде Қарағанды индустриялық университетінде Жастар ісі жөніндегі комитет «студенттер, қызметкерлері мен профессорлы-оқытушылар құрамына арналған Мейірімділік күні» акциясын өткізді.

Акцияның басты мақсаты – жақсылық жасау үшін қолайлы атмосфераны қалыптастыру!

Акция аясында ЖІК белсенділері барлығымен амандасып, ұлы ойшылдардың: Абай Құнанбаев, Олжас Суйлеменовтың, Филипп Честерфилдтің және басқа да философтардың өмірлік құндылықтар, көмек, мейірімділік және адами қабілеттер туралы дәйексөздерімен шағын ашық хаттар таратты. Сондай-ақ, барлығы «Жақсылық» ағашына өз тілектерін қалдырды.

Мұндай әрекеттер мүмкіндігінше жиі өткізілуі керек, өйткені олар мінездің жағымды қасиеттерін дамытуға, ұжымды қалыптастыруға ықпал етеді, қоғамды басқа адамдардың пайдасына жақсылық жасауға, ізгі істер жасауға итермелейді. Біздің планетамыздың кез-келген адамы еріктілік негізінде ізгі істерді жеке-дара немесе басқалармен бірігу арқылы еркін жүзеге асыра алатынын ұмытпауы керек. Сыпайылық пен әдептілік басқа ізгіліктер мен таланттарды қалыптастыру үшін өте қажет.


Просмотров: 55
08.04.2021, 12:25:42, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар