10.06.2020ж. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Республикалық «SANALY URPAQ» кеңселік жобасымен және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ -мен бірлескен вебинар-тренинг өткізді.
[жариялау күні: 10.06.2020, 15:34:55, жариялауды: Әкімшілік]
Вебинар-тренинг тақырыбы: «Университеттердегі ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандартты жүзеге асырудың тиімді механизмдері».
Вебинар-тренинг мақсаты – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандартты жүзеге асыру механизмдерін талқылау және жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейіне ұйымдастыру-құқықтық бағалау жүргізу принциптерін түсіндіру.
Вебинар-тренингінің спикерлері ретінде Республикалық ««SANALY URPAQ» кеңселік жобасының басшысы Қ.А.Токушев және жоба аясында ашылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ директоры Қ.Р.Усеинова және модератор ретінде ҚМИУ-дың Әдеп жөніндегі уәкілі, ОІ жөніндегі проректоры Сивякова Г.А. толық түсіндірме баяндама жасады. Сондай-ақ вебинарға Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Парасат» орталығының директоры Қ.Т.Усипов қатысып, көтерілген мәселенің халықаралық стандартқа сәйкестілігі жөніндегі сұраққа тоқталды.
Вебинар тренинг жоғары білім саласында жаңа қабылданған жемқорлыққа қарсы стандартты жүзеге асыру механизмдерін зерделеу мақсатында болғандықтан, шара қатысушылары ҚМИУ-дың сапа менеджменті жүйесін, академиялық саясатын, ғылыми-зерттеу ісін, жемқорлыққа қарсы комплаенсын, қаржы-шаруашылық ісін ұйымдастырушы құрылымдық бөлімшелер басшылары мен «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелері, «Парасаттылық мектебі» қатысты.
Шара жаңа стандартта айқындалған ашықтық принциптері мен академиялық адалдық нормаларын талқылауда конструктивті диалог түрінде өткізілуімен және студенттік қоғамдастық тарапынан берілген ұсыныстармен маңызды болды. Вебинар-тренинг жұмысының нәтижесінде белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды.