“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенті халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар конкурсында екінші орын алды

[жариялау күні: 04.06.2020, 11:39:26, жариялауды: Әкімшілік]

 

Михаил Остроградский атындағы Кременчуг Ұлттық университетінде (КрНУ) 2019-2020 оқу жылында студенттердің халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсы өткізілді.

Байқау  ұйымдастырушылары келесі шетелдік оқу орындары: Матей Бел университеті (Словакия), Бизнес және технологиялар институты (Чехия), Еуропалық және аймақтық зерттеулердің жоғары мектебі (Чехия), Баранавичи мемлекеттік университеті (Беларусь), Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті. (Қазақстан), Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті (Қазақстан), ISMA ақпараттық жүйелерді басқару жоғары мектебі (Латвия), Қолданбалы ғылымдар университетінің Алитус колледжі (Литва), Люблин политехникалық институты (Польша), Вроцлав экономика университеті (Польша).

Конкурс мақсаты – Украинаның еуропалық білім беру және зерттеу кеңістігіне кіруіне, халықаралық қатынастардың кеңеюіне, студенттердің инновациялық белсенділігін ынталандыруға, оларды заманауи технологияларды қолдана отырып игеруіне, дарынды жастардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жағдай жасау.

Конкурс келесі мамандықтар бойынша өтті:

– «Менеджмент»;

– «Кәсіпкерлік, сауда және биржалық қызмет»;

– «Экономика»;

– «Электр, электроника және электртехника»;

– «Экология»;

– «Автомобиль көлігі»;

– «Көліктік технологиялар»;

– «Кәсіптік білім (сала бойынша)»;

– «Автоматтандыру және компьютерлік интеграцияланған технологиялар»;

– «Филология».

Конкурс  қорытындылары 2020 жылдың 30 мамырында КрҰУ ғылыми-практикалық скайп конференциясында өткізілді.

Екі турдың қорытындысы бойынша Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің магистранты Әлібек Батырбек құрметті екінші орынды жеңіп алды.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

04.06.2020, 11:39:26, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар