“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

  • 21.06.2018: Маңызды күн

    Биылғы мектеп түлектері бүгін Ұлттық бірыңғай теслілеуді тапсыруда. Таңертең Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің алдында шамамен бес жүз астам түлектер, педагогтар, мектеп директорла...
  • 20.06.2018: ҚМИУ ҰБТ 481 түлек тапсырады

    21 шілде күні ҚМИУ Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі. Биылғы мектеп түлектері – 868.  Түлектердің өміріндегі ең жауапты емтиханды биылғы жылы 481, оның ішінде қазақ тілінде – 207, орыс тілінде – ...
  • 14.06.2018: Құттықтаймыз!

      ҚМИУ ұжымы Галина Сергеевна Арбузды PhD докторы ғылыми дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтайды. Жұмысына шығармашылық табыс тілейміз және ғылыми жаңалықтар күтеміз!   ...
  • 12.06.2018: Оқу, практика және мәдениетті бағдарлама

    ҚМИУ оқытушылары келесі апта ішінде Лакшми Миттал Ақпараттық технологиялар институтының екінші курс студенттеріне металлургия саласы бойынша дәріс оқиды. Он екі жігіт және екі қыз студенттер Раджас...
  • 12.06.2018: Бұқар Жырау Қалмақанұлының шығармашылық мұрасы

    ҚМИУ «Қазақ, орыс және шет тілдер» кафедрасының меңгерушісі Нұрзия Әбдікәрім қазақ халқының ауыз әдебиетінің өкілі, қазақ ханы Абылайханның бас кеңесшісі ұлы дала жыршысы  Бұқар Жырау Қалмақанұлыны...
  • 12.06.2018: Кәсіподақ шәкіртақысы 

    Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің үшінші курс студенті Айболат Едыгеевқа «Қарағанды облысының Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚҰ шәкіртақысы таға...
  • 08.06.2018: Өмірдің барлық сырын ашуды үйрену

    Жақында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде ерекше кездесу ұйымдастырылды. «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының доценті  Жұман Аманжолов топ старосталары және Жастар ісі жөніндег...
  • 06.06.2018: «Менің отанымның рәміздері» 

    Қалалық зияткерлік ойын «Менің отанымның рәміздері» 4 маусым күні ҚМИУ өткізілді. Қатысушылар – Теміртау қ. колледж студенттері – өздерінің мемлекеттік рәміздерге қатысты білімдерін және Қазақстанн...
  • 04.06.2018: ҚМИУ студенттері қоғамдық орындарда Қазақстанның әнұранын орындады

    Акция Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні және Астана қ. 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Теміртау қаласының Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, қаланың бірнеше қоғамдық орындарында ұйы...
  • 04.06.2018: Барлығына арналған жаңа оқулықтар

    ҚМИУ ғылыми кітапханасы барлық студенттер және оқытушыларды «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» бағдарламасы шеңберінде келіп түскен жаңа кітаптармен танысуға шақырады. Оқулықтар ...

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Оқу, практика және мәдениетті бағдарлама

ҚМИУ оқытушылары келесі апта ішінде Лакшми Миттал Ақпараттық технологиялар институтының екінші курс студенттеріне металлургия саласы бойынша дәріс оқиды. Он екі жігіт және екі қыз студенттер Раджастхан штатында орналасқан Джайпур қ. металлургиялық комбинатынан практикадан өту үшін келді.

Үндістаннан келген студенттер Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде бірнеше жыл қатарынан білім алуда. Осы кезде университет бойынша Теміртау қаласының қонақтары ҚМИУ мұражайымен және зертханаларымен, онда орналасқан ерекше жабдықтарымен танысады.

– Біздің студенттер Үндістанның әртүрлі қалаларынан келді – дейді доктор Ашок Даргар, Лакшми Миттал Ақпараттық технологиялар институтының оқытушысы – Біз Теміртау қаласына 8 маусым күні «АрселорМиттал» бағдарламасы бойынша жаңа технологияларды игеру және халықаралық байланысты нығайту үшін келдік. ҚМИУ оқу 18 маусым күні басталады, теориялық оқудан кейін №1 және №2 табақты таптау цехтарында өндірістік практика өткізіледі. Сонымен бірге студенттер  Персоналды оқыту және дамыту бөлімінде «Ақпараттық технологиялар» тақырыбына арналған сабаққа қатысады. Олар үшін мәдени бағадрлама да ұйымдастырылған, олар қазақ халқының салт-дәстүрімен, Балалар және жасөспірімдер орталығымен танысады. Қарағанды және Астана қалаларына арналған экскурсия ұйымдастырылады.

 ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 


Кәсіподақ шәкіртақысы 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің үшінші курс студенті Айболат Едыгеевқа «Қарағанды облысының Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚҰ шәкіртақысы тағайындалды.

«Көлік, көлікті техника және технология» мамандығының «ККТжТ-15қ-2» тобының студенті Айболат Едыгеев – ҚМИУ студенттерінің кәсіподағының және «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Ол жақсы оқумен қатар университеттің сонымен қатар қалалық және облыстық деңгейдегі қоғамдық және спорттық іс-шараларына белсене қатысады. Үш айлық 90 мың теңге мөлшеріндегі шәкіртақыны алуға арналған Сертификат Айболатқа Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні қарсаңында салтанатты түрде тапсырылды, бұл шара 8 маусым күні Қарағанды қ. өткізілді. Сонымен бірге осы іс-шара шеңберінде ҚР Кәсіподақтар Федерациясы, министрлік, салалық кәсіподақтар жоғары оқу орындары және колледж студенттері және жастар арасында өздерінің белсенді мүшелерін және әлеуметтік серіктестерін наградалармен марапаттады.

Осы күні үшінші курс студенті Ленин атындағы кинотеатр алдындағы саябақта балалар алаңының салтанатты ашылу іс-шарасына құрметті қонақ ретінде қатысты. Бұл облыстық салалық кәсіподақтардың территориялық құрылымдарының Қарағанды қ. қонақтарына және балаларға жасаған сыйлығы. Айболат Едыгеевке символды таспаны кесу сеніп тапсырылды. Осы саябақта Еңбек адамы аллеясы да бой көтерді, осы жерге кәсіподақтар бірлестіктерінің өкілдері 30 шырша ағашын отырғызды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Өмірдің барлық сырын ашуды үйрену

Жақында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде ерекше кездесу ұйымдастырылды. «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының доценті  Жұман Аманжолов топ старосталары және Жастар ісі жөніндегі комитеттің белсенді мүшелерімен кездесу барысында өмірдің мағынасы және адами әлеуеттер жайлы әңгіме қозғады.

Жоғары технологиялар дәуірінде адамдар көп жағдайда өмірдің ағымы бойынша өмір сүреді, ойлау және талдауға уақыт жоқ. Көптеген адамдар үшін қажетті ақпаратты интернеттен алу қалыпты дағдыға айналған.  Жұман Аманжоловпен болған студенттердің кездесуі өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін ойлау және нақты қадам жасауға үйрету үшін ұйымдастырылды. Кездесу тақырыбы алдын ала белгіленген жоқ. Бұл жағдай қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Техникалық бейінді жоғары оқу орында – адамның  рухани өмірі жайлы әңгіме қозғалды.

Кездесу барысында педагог қатысушыларды жұпқа бөлініп бір бірінің  көзіне қарауды өтінді. Қатысушылардың көбі бірінші рет «жұбына» көз тастады, күнде көріп жүрген адамдар бір біріне бірінші рет зейін қойып қарады.  Кездесудің осылай басталғаны бастапқы кезеңде күнделікті өмірді ой елегінен өткізуге және де басқа бір ырғақта кездесуді бастауға мүмкіндік берді.

Жұман Аманжолов – Мәскеу болат және қортпалар институтының түлегі. Ол тек ғана болат құюшы ғана емес, үлкен өмірлік тәжірибесі бар, өмірде білгені, түйгені бар зиялы ұстаз. Жұман Қалықұлы отыз жыл бойы өзінің білімін жетілдірумен айналысады. ҚМИУ жатақханасында тұратын студенттермен ол өзінің бастамасы бойынша адамның бұл өмірдегі рөлі жайлы әңгімелесулерді ұйымдастырып келеді, өзінің кітапханасындағы қызықты кітаптарды студенттерге оқуға береді, енді топ старосталары және белсенді студенттермен кездесу өткізуге бел байлады.

– Бұл кездесуді ұйымдастырудағы негізгі ой – казіргі уақытта адамда үшін өмір сүруге барлық жағдай бар: денесі, жаны, әртүрлі энергия түрлері. Тек ғана осылардың барлығына қатысты қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыра білу керек, саған бар нәрсеге қанағат етуді үйрену қажет – дейді Жұман Қалықұлы – Егер адам өзін бақытты және табысты болуға рұқсат берген жағдай да өмір сәнді де мәнді болады. Сіз өзіңізге күлімсіреуге не ренжуге, басқа біреуді алдауға не өзіңіздің алдануыңызға рұқсат бересіз….

 

Жұман Аманжолов кездесу уақытында тест өткізді: тақтаға мұқият қарап, кейін көзді жұмып, ол қай жерде тұрғанын айту керек болды. Студенттер сенімді емес екендерін бірақ казір тақта дәрісханадан тыс жерде тұрғанын айтты.  Бірақта оқытушының сөзі бойынша ол олардың басында.

– Негізінде сыртағы барлық әлем біздің ішімізде. Адам бір нәрсемен айналысқан кезде, қоршаған ортамен өзара әрекетте болады, әрбір сәт қайталанбайды – дейді Жұман Қалықұлы. – өзіңнің әрекетіңді талдай, болжай білу керек. Адам барлық нәрсені «сөреге» орналастыра білетін кезде табысты болады. Табыс өзімізге қатысты.

Оқытушы үйретуге және тәжірибе алмасуға тырысады. Өзінің құнарлы топыраққа сепкен дәндері ертеңгі күні жемісін береді деп ойлайды.

– Өте қызық болды. Оқытушы жеке тұлға ретінде даму, адамның өзінің өмірі өз қолдында және барлық өмірде кездесетін жағдайларды ол қалай  қабылдаса, солай болатындығы жайлы қызықты пікірлерді айтты – дейді «МҚӨТ»-17 тобының старостасы Савелий Елефтериади. – Үлгі тұтатын адам: Жұман Қалықұлы өмір жылдарын айлаға, айларды апталарға, апталарды күндерге бөліп, әрбір күнді бағалау керектігі жайлы мысал келтірді, өмір қысқа, осы өмірде барлық мақсаттарды жүзеге асыру әрбір адамның өзіне байланысты. Сонымен бірге алға асқақ мақсаттарды қоя білу керек, оларға қол жеткізу үшін көп еңбек етуді қажет етеді. Бұл ұмтылыс және болашаққа деген үміт. Талқыланған тақырып қызық болды, ол жеке тұлға ретінде маған өте ұнады.

Жұман Аманжоловтың жоспарында – осындай кездесулерді жалғастыру жоспарланған. Ол жастармен мүмкіндіктер, талант және қабілеттілік жайлы әңгімелесуді ұнатады. Бұл қасиеттер әрбір адамның бойында бар тек ғана оны дамыту және жетілдіру қажет.

– Өмірде күтпеген сырлар жатыр, мен жастарға осы сырларды ауға көмектессем деп ойлаймын – дейді Жұман Қалықұлы. – біздің кездесулеріміздің тақырыптары өзгеріп отырады, бірақта әрқашан онда психология, социология, фидософия, сонымен қатар қарапайым және ұлы адамдардың өмірінен алынған ақпараттар көп болады.

Светлана ЕГОРОВА

Фото автордікі

 


«Менің отанымның рәміздері» 

Қалалық зияткерлік ойын «Менің отанымның рәміздері» 4 маусым күні ҚМИУ өткізілді. Қатысушылар – Теміртау қ. колледж студенттері – өздерінің мемлекеттік рәміздерге қатысты білімдерін және Қазақстанның өміріндегі олардың маңыздылығын, мәнін, атқаратын рөлін қалай анықтай алатындықтарын көрсетті. 

Осы күнгі пікір-талас өте қызықты болды. Студенттер берілген сұрақтарға дәлелді жауап берумен, өздерінің «мемлекеттік рәміздерге» қатысты білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті. Блиц-сұрақ уақытында олар геральдика дегеніміз не, «әнұран» және «елтаңба» сөздерінің мәнін, қай жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданғанын, ғимаратта мемлекеттік елтаңба және туды орналастыру кезінде қандай шартты қатаң сақтау керектігін, қай жерде және қайда мемлекеттік елтаңба және ту, сонымен бірге Қазақстан Республикасының әнұранын қолдануға болатындығы жайлы сұрақтарға толық жауап берді.

Ойынның келесі кезеңінде ҚР елтаңбасының авторлары жайлы, бесбұрышты жұлдыз, шаңырақтың екі жағында не орналасқанын, нені білдіретіндігі, жалпы Отанға қызмет ету идеясы, елтаңбадағы шаңырақ, және т.б. сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезең еліміздің туына арналды. Сұрақтар арасында – мемлекеттік тудың авторы кім? Тудың бірыңғай түсі нені білдіреді, тудағы күн нені білдіреді, оның маңында қанша сәуле белгіленген, сәулелер неге бидай түрінде бейнеленген, еліміздің туын әзірлеуге арналған конкурсқа қанша жобалар қатысты, тудың ұзындығы және енінің өлшемі қанша деген сұрақтарға жауап алынды.

Келесі кезең мемлекеттік әнұранға арналды.  Сұрақтар тізімінде: әнұран сөзінің авторы кім, ҚР әнұраны шырқалған кезде ҚР азаматтарының іс-қимылдарының тәртібі қандай, герк сөзінен «әнұран» сөзінің аудармасының мәні қандай, «Менің Қазақстаным» әні қай жылы жазылды, Қазақстан тарихында әнұран неше рет бекітілді? Кейін ұйымдастырушылар – Теміртау қ. Ішкі саясат бөлімі және ҚМИУ өкілдері конкурсқа қатысушылар қаншалықты әнұранды жатқа білетіндерін тексерді: командаларға параққа жазылған әнұран мәтіні таратылды, мәтінде көп нүктенің орнына қажетті сөзді 1 минут ішінде жазу керек болды.

Командалар 7 минут ішінде «Жастар бойында мемлекеттік рәміздерге деген құраметті қалай қалыптастыру керек?» деген тақырыпқа арналған шағын-жобаны жазу ең қызықты кезең болды. Қортындысында қатысушылардың бірі мектеп бағдарламасына әрбір оқу жылының соңында осы тақырып бойынша емтихан тапсыруды енгізуді, басқалары қалада әртүрлі акцияларды ұйымдастыру қажеттілігі туралы жазды.

Зияткерлік ойынның барлық қатысушылары грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар осы іс-шарада Теміртау қ. Ішкі саясат бөлімі бұрын өткізген іс-шаралар бойынша әртүрлі конкурстардың жеңілпаздары да мараптатталды.

Эссе конкурсы бойынша: 1 орын – Л. Желикке (жетекшісі  – Ж. Жумадилова), 2 орын – С. Ховдбайға (жетекшісі  – М. Атчабарова), 3 орын – Н. Гайнуллинге (жетекшісі – А. Бикенова) берілді, сонымен бірге Б. Султанбекова, А.Аслан, А. Кабдыгалиев, А. Аманбеккызы, А. Гусев марапатталды.

Бейнекөріністер конкурсы бойынша: М. Темирбеков және В. Еремеев марапатталды.

Әлеуметтік жарнама конкурсы бойынша: М. Айнабекова, А. Апекина, В. Басова, Е. Харина, А. Едапина, Л. Ермакова, Г. Тулегенова, Е. Захарова, С. Искакова, А. Зотеева марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


ҚМИУ студенттері қоғамдық орындарда Қазақстанның әнұранын орындады

Акция Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні және Астана қ. 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Теміртау қаласының Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, қаланың бірнеше қоғамдық орындарында ұйымдастырылды. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері туған елінің әнұранын орындады.

4 маусым күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік символдар – ту, елтаңба және әнұран – мемлекеттің ажырамас бөлігі. Еліміздің  әнұраны 2006 жылы «Менің Қазақстаным» («Мой Казахстан») әні негізінде қайта өңделді.

ҚМИУ студенттері – жас патриоттар – өздерінің үлгісімен теміртаулықтарға «үлгі» болды. Олар бірнеше топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалыста қолдарын жүректеріне қойып жан-тербелісімен әнұранды орындады.

– Біз үшін осы акцияға қатысу үлкен жауапкершілік. Қазақстан Республикасының әнұранын орындағанымыз үшін мақтаныштымыз – дейді ҚМИУ Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы «МЖ-15қ» тобының студенті Карибжан Мадияр. – біз мемлекетіміздің болашағымыз. Барлық ұрпақтар өкілдерін әсіресе жастарды ұлттық құндылықтарымызды – тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, сонымен бірге мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырамыз.

ҚМИУ баспасөз қызметі