“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау б...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

5В072900 – Құрылыс

Строительство

ҚҰРЫЛЫС – адамның іс-әрекетті қызметі кеңінен қолданылатын сала. Экономикалық формациялар, саяси құрылыс өзгередi, бiрақ адам қызметтiң бұл түрi әрдайым көкейкесті болып қалады. Әрине, құрылыс саласы жаңа экономикалық жағдайларда түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Адамзат өмір сүрген кезде бұл мамандық ең қажетті болып қала береді. Бүгiнгi жағдайда құрылысшылардың алдында жаңа нысандарды тұрғызу ғана емес, сондай-ақ, қолданыстағы нысандардың қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету мәселесі тұр. Жақсы білімі болмай да карьера жасайтын уақыт әлдеқашан өткен. Қазір университет дипломысыз ірі компанияда лауазымды қызмет жасауға және жұмыс бабында лауазымдық саты бойынша өсу мүмкін емес. Сарапшылар «Құрылыс» мамандығына деген  сұраныс жоғарылап келе жатқанын болжайды.

ҚМИУ 5B072900 «Құрылыс» мамандғы бойынша барлық оқу түрлерінде  бiлiм беру қызметін жүзеге асырады  :

  • Күндізгі кәсіптік жоғарғы оқу түрі – 4 жыл;
  • Орташа кәсiби бiлiм базасында қысқартылған сырттай  жоғары кәсіптік  оқу түрі– 2,5 жыл;
  • Орташа кәсiби бiлiм базасында қысқартылған сырттай  кәсіптік  оқу түрі – 3,5 жыл;
  • Орташа кәсiби бiлiм базасында қысқартылған кешкілік кәсіптік  оқу түрі– 2,5 жыл;

 Казіргі кезде құрылыс ұйымдардарында ерекше сұраныспен әржақты білімді, бiртума өз қабiлетiн және қызықты ойларын көрсете білетін, оны конструкцияларды есептеуiмен, өндiрiстi ұйымдастыру жобасымен, экономикалық есептеулермен негіздей білетін мамандар қажет.

Мамандарды дайындау сапасы қазiргi заман талабына сай оқу жабдықтарымен, материалдық-техникалық базамен, мамандандырылған дәрiсханалар, жаңа корпуста орналасқан компьютер сыныптарымен өзге оқу базасымен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуімен жүзеге асырылады.

Оқыту қазiргi бiлiм беретiн материалдар және жаңа ақпараттық технологияларды қолдану (IBM, ғаламтор, компьютерлік есептi және графикалықе бағдарламалар негізіндегі мультимедиалық бағдарламалық жасақтамалар) арқылы жоғары деңгейiнде жүзеге асырылады.

 Тарихи анықтама

Кафедра құрылғаннан бері Қазақстанның түрлі аудандарында және шетелде еңбек етіп жүрген 4000 дей құрылыс инженерлері даярланып шығарылды. Түлектер арасында ірі мамандар, мемлекеттік және ірі шаруашылық басшылары бар. «Құрылыс » мамандығы бойынша алғашқы қабылдау 1969 жылы кешкі оқу бөлімінде және 1970 жылы күндізгі оқу бөліміне құрылыс – инженерлерін алғашқы қабылдаумен жүзеге асырылды.

2004 жылдан бастап жоғары білімді мамандарды көпсалалы жүйе бойынша (бакалавр және магистратура) дайындау жүргізіледі, кредиттік технология бойынша, Болондық келісімге сәйкес 2008 жылы алғашқы баклавр түлектер оқу бітірді.

«Құрылыс» бакалавры академикалық дәрежесін алған мамандар, келесі кәсіби қызмет түрлерінде еңбек ете  алады:

  •  Өндірісті басқару – ғимараттар құрылысын салуды тікелей басқару;
  •  Жобалау-құрастырушы қыхметі;
  • ҒЗИ- ғылыми-зерттеу мекемелерінде, тәжірибелік және зерттеулік құрылымдық бюрода;
  •  оқытушылық.

Магистратура 6М072900 – «Құрылыс»

  • Бакалавр дипломын алған студенттер магистр дәрежесін алу үшін  оқуды магистратурада жалғастырларуға мүмкіндіктері бар (2 жыл).
  • «Құрылыс және Жылуэнергетика» кафедрасында жыл сайын бюджеттік негізде үлгерімі жоғары студенттер арасында оқуға қабылдау жүргізіледі.
  • Магистратураны аяқтағаннан кейін «Құрылыс»  Магистрі деген академиялық дәреже беріледі.

Талапкерлер  назар аударыңыздар!!!

  • «Құрылыс» мамандығына мемлекеттік оқу гранттарының саны көп .
  • Үлгерімі үздік студенттерге, университет өміріне белсенді қатысушыларға, ҚР Президентінің атынан гранттар, қала және облыс әкімшілігінің, ҚМИУ, сондай-ақ, аймақтық  кәсіпорындардан, мамандарды дайындауға арналған арнайы оқу гранттары беріледі.
  • Мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы аясында студенттер және магистранттар  шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндіктері бар.
  • ҚМИУ түлектеріне оқу мерзімінің соңында дипломдық жұмысын қорғағандарға  мемлекеттік үлгідегі
  • Университетте дайындық курстары жұмыс жасайды.
  • Профильді пән  – ФИЗИКА!

Мамандықтың әдістемелік қамтамасыз етілуі

Кафедраның профессор-оқытушы құрамы, құрылыс өндiрiсiнiң қазiргi талаптарына сәйкес  оқу үрдісін жүзеге асырады және әдiстемелiк материалдарды жасаун және жетiлдiру жұмысымен белсене жүзеге асырады. Олар оқылатын (электрондық кiтапханада 300 астам  нормативтiк және техникалық әдебиеттер бар) пәндер бойынша дәрiстер конспектi, электрондық оқулықтар және кейстер, көрнекті материалдар тағы басқалар компьютерлік тестілеу үшiн виртуалды дәрiстер және лабораториялық жұмыстар және т.б. материалдар қолданылады. Кафедра құрылыс саласы бойынша фильмдердiң үлкен видеотекасы орналасқан.

Өндірістік практика

Оқу, өндірістік және диплом алдындағы практиканы өту барысында, студенттер қаланың және облыстың құрылыс кәсіпорнында өндірістік және басқару үрдістерімен танысуға қатысты мүмкіндіер қарастырылған.

Біздің студенттердің жетістіктері

Төрт жыл қатарында біздің студенттер халықаралық және республикалық көрмеде студенттердің дипломдық жоба байқауларында, компьютерлік графика олимпиадасында,  I, II және III жүлделі орындарды иеленді халықаралық және республикалық ғылыми – техникалық конференцияда баяндама жасағандары үшін  үшін грамоталармен марапатталды.

Түлектерді жұмысқа орналастыру

      Құрылыс кешеннiң белсендi дамуына байланысты еңбек нарығында түлектерді жұмысқа орналастыруға арналған сұраныстардың жоғары деңгейде болуына қатысты түлкетер толығымен жұмыспен қамтамасыз етіледі. Құрылыс мамандарына деген сұраныстың болуы, бұл құрылыс өндiрiсiнiң саласында жобалаумен және ғылыми-зерттеу қызметімен шұғылданатын жетекшi фирмалардың дамуымен тікелей байланысты.

Жұмыс берушiлер қазiр коммерциялық ЖОО-ның дипломдарына сенбейдi және жұмысқа қабылдауды тек қана мемлекеттiк ЖОО-ның түлектерін қабылдаумен шектеуге тырысады .

Бiздiң «құрылыс»  мамандығының түлектері жұмысқа 100% орналастырған

Кәсiпорын екiншi-үшiншi курс студенттерiмен шарт жасайды, және әзiрлеу әрi қарай жеке жоспар бойынша жалғастырылады.