Патриоттық тәрбие
Азаматты-патриоттық, құқықтық және көпмәдениеттілік тәрбие – мақсаты бағыттағы, мемлекеттік өзін өзі тану, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген құрметтеу және патриоттық сезімдері, ұлттық сананы, ұлтаралық мәдени қаьтынастарды, әлеуметтік және діни толеранттылықты қалыптасыруға, дамытуға арналған оқушы жастар ортасында жүргізілетін жұмыс. Кәзіргі заман жағдайына қатысты құқықты сананың қалыптасуы, жастар ортасында заңға қарсы құбылыстарға қарсы тұра білудің ерекше маңызы зор.
Осы жұмыстарды жүзеге асыру барысында үш негізгі аспектің ерекше маңызы зор:
- когнитивті – өзінің Отанының тарихын, рухани негізін, мәдениетін білу шарты;
- эмоциялы – адамзатқа, өзінің еліне, халқына, рухани мәдениетті, тарихи ұқсастығын сезіну;
- мінез-құлықтық – осы құндылықтар негізінде белсенді іс әрекет жасауға деген тілекті, қабілетті жүзеге асыру.
Осы бағыттарды жүзеге асыру үшін ҚМИУ патриоттық тәрбие берудің мына түрлері қолданылады:
- ғылыми конференциялар, «домалақ үстелдер», семинар, пікір-таластар ұйымдастыру. Университетте құрылымына пікір-талас клубы, дискусиялық клуб «Сөз еркіндігі» біріктірілген қоғамдық-саяси клуб «Абадан» белсенді жұмыс жасайды;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне қатысты мемлекеттік рәміздер қолданылатын салтанатты шаралар өткізіледі;
- кураторлық сағаттар;
- қоғамдық –гуманитарлы пәндерді оқыту кезінде, баяндама, рефераттар дайындау
- патриоттық әндер байқауына, әскери-патриоттық тәрбие айлықтарынағ митинг, шерулерге және т,б, шараларға қатысу;
- соғыс және еңбек ардагерлерімен, қаланың құрметті азаматтары, республикалық депутаттар, қоғам қайраткерлерімен және т.б. кездесулерді ұйымдастыру;
- қалалық өлкелік мұражайға, ҚМИУ мұражайына экскурсиялар ұйымдастыру.
Патриотизм дегеніміз ерекше мәні бар рухани құндылық, ол алуандас адамзат қоғамдастығында қоғамды үйлестіруге, оның өзіндік өзгешелігін сақтауға арналған негіз болып саналады. Қоғам өзінің мақсаттарын, ұмтылыстарын жандандырусыз қарқынды дами алмайды. Патриоттық және интернационалдық тәрбие ХХІ ғасырда Қазақстанның жаңа азаматын қалыптастыруға және демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруға және елімізді жаңа әлемдік деңгейдегі мемлекеттер қатарына қосуға жүйелі әсер етуге жағдай жасайды.