“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Кафедра туралы


Мамандар дайындайтын алғашқы кафедралардың бірі – «Шойын және болат металлургиясы» кафедрасының тарихы 1963 жылдан (ЖТОО-зауыт құрылған жыл) басталады. Металлургиялық бейінді кафедра Қарағанды металлургиялық зауытының домна және болат балқыту өндірісінің қызмет істейтін білікті мамандарды өндірістен үзбей дайындаудың қажеттілігіне байланысты ұйымдастырылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі металлургия факультеті деканының міндетін атқарушы Аюков А.С. (1963-1964 ж.ж.) болды, кейін кафедра меңгерушісі кафедрасына Нам Б.П. тағайындалды.
Кейіннен кафедра атауы «Қара металдар металлургиясы» болып өзгертілді, кафедраны 1966 жылдан бастап Капустин И.В. басқарды, ал 1972 ж. «Шойын металлургиясы» кафедрасы және «Болат металлургия» кафедраы болып екіге бөлінді. Бірінші кафедраны т.ғ.к. Артықбаев О.А. (1972-1983 ж.ж.), ал 1983-1990 ж.ж. т.ғ.д. Тілеуғабылов С.М., екінші кафедраны Омаров К. (1981-1988 ж.ж.) басқарды. 1990 ж. екі кафедра қайтадан «Шойын және болат металлургиясы» кафедрасына біріктірілді, кафедраны Тілеуғабылов С.М. (1990-1993 ж.ж., 1996-2001 ж.ж.) және Никитин Г.М. (1993-1996 ж.ж.) басқарды.
2001 ж. «Шойын және болат металлургиясы» кафедрасының атауы «Қара және түсті металдар металлургиясы» болып өзгертілді, кафедраны 2003 жылға дейін Тілеуғабылов С.М., ал 2003-2008 ж.ж. Торговец А.К. басқарды. 2008 ж. Қыркүйек айында кафедраның атауы тағы өзгертіліп, «Металлургия» кафедрасы болып атала бастады.
Ертеректе 1968 ж. «Қара металдар металлургиясы» кафедрасының құрамынан «Металдар технологиясы және құю өндірісі» кафедрасы (1976 жылдан бастап «Құю өндірісі» кафедрасы) бөлінді, кафедраның меңгерушілері Костин А.В. (1968-1973 ж.ж.), Шнайдерман М.Е. (1973-1976 ж.ж.), Пинчук Е.И. (1976-1983 ж.ж.), Шуголь Б.М. (1984-1992 ж.ж.), Киманов Б.М. (1992-1996 ж.ж.) болды.
1981 жылы ЖТОО-зауытта «Металдар технологиясы және металтану» кафедрасы құрылды, ал 1989 жылы «Металтану және металдар физикасы» кафедрасы болып атауы өзгертілді. Әртүрлі жылдары кафедраны Жүкішев Ш.М. (1981-1982 ж.ж.), Канаев А.Т. (1982-1989 ж.ж.), Нечаев Ю.С. (1989-1992 ж.ж.) басқарды.
1997 ж. Кафедра атауы «Металтану, металдар физикасы және құю өндірісі» болып өзгертілді. Қайта құрылған кафедраның меңгерушісі болып 1997-1999 ж.ж. т.ғ.к. Мусин Д.К. тағайындалды. 1999-2005 ж.ж. кафедраны т.ғ.к. Боранбаева Б.М. басқарды.
2005 ж. «Металтану, металдар физикасы және құю өндірісі» кафедрасының атауы «Материалтану және жаңа технологиялар технологиясы» болып өзгертілді, кафедраны т.ғ.к. Решоткина Е.Н. (2005-2007 ж.ж.) ал 2007-2009 жылдар аралығында т.ғ.д. Нұрымғалиев А.Х. басқарды.
2009 ж. «Металлургия» және «Материалтану және жаңа металдар технологиясы» кафедралары біріктірілді. Олардың негізінде «Металлургия және материалтану» кафедрасы құрылды. Кафедраны қазіргі кезде т.ғ.д. Нұрымғалиев Асылбек Хабадашұлы басқарады.