“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ЖАН МОНЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жан Моне бағдарламасының қызметі Еуропалық Одақтың проблемалары саласындағы зерттеулерді дамытуға және қолдауға бағытталған. Бағдарлама әртүрлі пәндер шегінде жоғары білім беру деңгейінде еуропалық интеграциялау үдерістерін оқыту және зерттеудің, сондай-ақ мақсатты топтардың кең көлемі үшін озық тәжірибесін таратуға мүмкіндік береді. Олар сол сияқты жаһандық әлемде ЕО рөліне және еуропалық елдерде азаматтық ұстанымды белсенді жылжыту және халықтар мен мәдениет арасындағы диалогта ЕО рөліне қатысты.

МІНДЕТТЕР

Жан Моне бағдарламасы:

  • Академиялық мамандар, студенттер және дүние жүзіндегі азаматтар арасында еуропалық интеграциялау мәселелері бойынша білім беру және зерттеулерді жылжытуға мүмкіндік береді;
  • Еуропалық интеграциялау саласында зерттеулермен айналысатын бірлестіктердің қызметін қолдайды;
  • академиялық қауымдастық пен саяси басшылық арасындағы ЕО саясатының артықшылықтары туралы саяси пікірталастар мен диалогқа жағдай жасайды;
  • студенттер мен жас мамандарды олардың ғылыми жұмыстары мен мансаптары үшін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін өзекті ЕО проблемасы саласындағы біліммен қаруландырады;
  • педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінде инновацияларға әрекет етеді (мыс., салааралық және (немесе) көп салалық зерттеулер, ашық білім, басқа жоғарғы оқу орындарымен және т.б. желілік өзара әрекеттесу).

Келесі аспектілерге ерекше назар аударылады:

  • Еуропалық өлшемдерді білім беру бағдарламаларына, тіпті бұл әдетте тән емес пәндерге енгізу
  • Осы жұмысқа жас ғалымдардың жаңа буынының қатысуына әрекет ету.

ҚҰРЫЛЫМ

Жан Моне бағдарламасы негізгі үш компоненттерден тұрады:

  1. Оқыту және зерттеу
  • Жан Моне модульдері: Еуропалық зерттеулер саласындағы қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары бір оқу жылына кемінде 40 академиялық сағат. Модульдер еуропалық зерттеулер немесе пәнаралық зерттеулер саласында нақты бір пәнге арналуы мүмкін. Грнаттың үлкен көлемі – үш жылға 30 000 еуро.
  • Жан Моне кафедралары: көлемі бір оқу жылында кемінде 90 сағаттан құрылатын университеттің профессоры немесе аға оқытушысы беретін оқыту бағдарламалары. Гранттың ең үлкен көлемі – үш жылға 50 000 еуро.
  • Жан Моне Озық тәжірибесінің орталықтары: бір немесе бірнеше оқытушылар/профессорлар құзіреттілікті, білім және ЕО тақырыбы бойынша – көбінесе Жан Моне бар кафедралардың басшылығымен бір немесе бірнеше жоғары оқу орындарында үйлестіру орталығын ашатын қызмет.
    Гранттың ең үлкен көлемі – үш жылға 100 000 еуро.
  1. Саясат саласындағы пікірталастар және диалог
  • Жан Моне желілері: Ынтымақтастықты дамыту, ақпарат жинау, тәжірибе алмасу, білім қалыптастыру және грантқа өтінім білдіруші-ЖОО дүниежүзі бойынша мүдделі тараптармен – кемінде үш мемлекеттің үш әріптесімен бірлесіп желі құру арқылы жоғары деңгейдегі зерттеулердің нәтижелерін тарату бойынша қызмет. Гранттың ең үлкен көлемі – үш жылға 300 000 еуро.
  • Жан Моне жобалары: әртүрлі аспектілерді және білім беру әдістерін тәжірибелік игеру, әр түрлі мақсатты топтарға, соның ішінде бастауыш және орта мектептердің білім алушыларына арналған пікірталастарды ұйымдастыру бойынша қызмет. Бұндай қызмет конференциялар, тренингтер, оқыту бағдарламаларын әзірлеу, қашықтықтан оқыту және т.б. болуы мүмкін. Гранттың ең үлкен көлемі: 60 000 еуро 12 айдан бастап 24 айға дейін.
  1. Қауымдастықтарды қолдау
  • Еуропалық интеграциялау процесстерін, өңірлік, ұлттық ғылыми және осы саладағы материалдық ресурстарды меңгеруге әсер ету мақсатында ЕО проблемасының зерттеулерінде мамандандырылатын профессорлар және зерттеушілер қауымдастығын қолдау. Қызмет жыл сайынғы кездесулерден, ақпараттық бюллетендерден, іс-шаралар, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстан және т.б. тұруы мүмкін. Грнаттың ең үлкен көлемі – үш жылға 50 000 еуро.