“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Ұлы Жеңіс күні!

[жариялау күні: 08.05.2018, 13:49:12, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылады. Біз олардың алдында өтелмес қарыздармыз, олар бізге жарқын болашақты сыйлады және соғыстан кейінгі жылдары қираған еліміздің әл-ауқатын көтеру үшін талмай еңбек етті. Олардың өмір жолдарында талай қиындықтар кездесті, бірақта қажырлы еңбектері, болашаққа деген сенімдері арқасында олар барлық қиындықтарды жеңді. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Бахыт Ахатұлы Жаутіков Ұлы Отан соғысының ардагері Никола Семенович Куриленкомен кездесті.

91 жастағы Николай Семенович Куриленко соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан. Қалалық ардагерлер ұйымы өзінің белсенді мүшесін Твардовскийдің шығармасының басты кейіпкері Василий Теркинге теңейді. Ақ жарқын көңілді, белсенді, әрқашан болашаққа үмітпен қарайтын Николай Семенович әрқашан өзінің сүйікті поэмасын жатқа айтады. – Теркин жайлы кітап және зілсіз әзілдер соғыстың ауыр күндерінде көп көмектесті,  – дейді Николай Семенович.

Николай Семенович 36 гвардиялық зенитті-артиллерия полкінде 1944 жылдан соғысқа шақырылған күннен бастап әскери борышын өтеді. Ұлы Жеңіс күнін Польша жерінде қарсы алды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін І дәрежелі «Отан соғысы» ордені, Жуков медалі, «Ерлігі үшін» «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» және т.б. мерейтойлық медалдермен марапатталған.

Николайя Семеновичтің зайыбы Мария Федоровна, – тыл еңбеккері. Олар бірге бес баланы тәрбиелеген, 10 немере және 7 шөбере сүйіп отыр. Куриленко отбасы Қазақстанға Брянь облысынан 1958 жылы Қазақстан Магниткасының құрылысын салуға екі баламен келген, кейін осы жерде үш баласы дүниеге келді. Металлургтер қаласында Николай Семенович құрылыс техникумын бітіріп, аға шебер, «Казметаллургстрой» ұйымында сумен жабықтау және желдету цехының бастығы болып көп жылдар еңбек етті.

Николайя Семенович өзінің жасына қарамастан әлі тың, балық аулағанды, велосипедпен серугенді және саяжайды жұмыс жасағанды жақсы көреді. Олар зайыбымен 66 жыл тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Өткен жылы Куриленко отбасты ұлттық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңілпазы болды. Бұл байқаудың жеңілпазы атану заңдылық, өйткені Куриленко отбасы – үлгілі, тату-тәтті, бірлігі жарасқан, шығармашылықты және өте ерекше отбасы.

Б. А. Жаутіков Николай Семенович және Мария Федоровнаға жоғары оқу орнының ұжымы атынан сыйлық тапсырды. ҚМИУ ректоры атап өткендей, ардагерлердің арқасында бүгінде Қазақстанның барлық халықтары бейбітшілік жағдайда, ашық аспан астында өмір сүріп жатыр.

ҚМИУ баспасөз қызметі