“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Жабалова Гүлнар Ғазизқызы

 

 

Білімі:

1994 жылы Қарағанды металлургиялық институтының 220440 «Өндірістік жылуэнергетика» мамандығы бойынша оқу бітірген.

Ғылыми дәрежесі, атағы

Техника  ғылымының кандидаты, доцент.

Басылымдары:

50 артық ғылыми-әдістемелік еңбектер авторы, оның ішінде © индексті,  ISBN индексті 6 әдістемелік құрал, 2 өнертапқыштық куәлік авторы.

ӨМІРБАЯНЫ

  • 1994 жылдың 1 маусымында «Өндірістік жылуэнергетика және металлургиялық жылутехника» (ӨЖЭ жМЖТ) кафедрасына стажер-оқытушы лауазымына қабылданды.
  • 2004 жылы аспирантураны аяқтағаннан кейін «Қара, т.сті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.
  • 2008 жылы «Энергетика» мамандығы бойынша доцент деген ғылыми атақ алды.

Соңғы уақыт ішінде ол «Өндірісті кәсіпорындардағы қазандықты қондырғылар», «Жоғары температуралы үрдістер және қондырғылар», «Қыздыру және қыздыратын қондырғылар», «Металлургиялық жылутехника» және т.б.,  оның ішінде күндізгі және сыртқы оқу түрінде оқитын студенттерге арналған курстық жобалау бойынша әдістемелік құралдар әзірлеген.

Жыл сайын Г.Г. Жабалованың жетекшілігімен 3-6 дипломдық жобалар орындалады. Г.Г. Жабалованың жетекшілігімен бітіруші-студенттер күшімен әртүрлі пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған 4 зертханалық қондырғылар жасалған.

Жыл сайын университетте және т.б. ғылыми-техникғалық конференциялар жұмысына белсене қатысады, студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етеді.

Г.Г. Жабалова 2D, 3D, DEFORM 2D, 3D сызба-графикалық құжаттарды дайындауға арналған КОМПАС-График автоматтандырылған жобалау бағдарламасының қолданушысы, металлургиядағы термодинамикалық үрдістер, болатты үздіксіз құю, болондық үрдісті жүзеге асыруға арналған кредитті технология бойынша оқыту, біліктілікті арттыру курсынан, «МитталСтил Теміртау» 2-ЖЭЦ өндірістік іс-тәжірибеден өткен.

Байланыс телефоны: 8 (7213) 91-42-64. Email: g-zhabalova@mail.ru.