“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Жүнісқалиев Талғат Тоқашұлы

Техника ғылымдарының магистрі, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 6D070900 – «Металлургия» мамандығының докторанты, «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы.

 

Білімі

2002-2007 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде 240140 – «Қара және түсті металдар металлургиясы» мамандығында оқып, инженер-металлург біліктілігін алып шықты.

2011-2013 жылдары Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде білім алып, 6М070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша магистратурада білім алып, техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.

2018 жылы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетіне «6D070900 –Металлургия» мамандығы бойынша докторантураға түсті.

Еңбек жолы

2007 жылы «Хобас Пайпс Қазақстан» ЖШС-іне оператор қызметінде еңбек жолын бастады.

2008-2010 жылдары Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде арнайы пәндер оқытушысы болып қызмет істеді.

2009-2018 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасында оқытушылық қызметін атқарды.

2015-2017 жылдары Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «E-Learning» ҒПО-ның директор орынбасары қызметін атқарды.

2017-2018 жылдары Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде цифрлық технологиялар орталығының директоры қызметін атқарды.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы.

Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілімін 2008 жылы бастады. Негізгі ғылыми бағыты – марганец құрайтын кендерді байыту және өңдеу, сонымен қатар жоғары күлді көмірлері мен марганец кендерін қолданып Fe-Si-Mn-Al тобындағы кешенді лигатура өндірісінің теориялық негіздерін дамыту және технологиясын жетілдіру. Халықаралық конференцияларда және ғылыми жариялымдарда аталған тақырып бойынша баяндамалар жасады және 5-тен астам мақалалар жариялады.