Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
ҚМИУ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетеді.
Магистратурада кадрлар даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
оқу мерзімі 1 жылдан кем емес (1-1,5 жыл));
оқу мерзімі 2 жыл ғылыми және педагогикалық.
Бейіндік магистратура экономика, медицина, құқық, өнер, қызмет көрсету және бизнес салалары үшін кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады. Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламалары оқытудың қолданбалы сипатына ие, басқару дағдыларын дарытуға және кәсіби менеджерлерді (басқару қызметінің барлық аспектілері бойынша жалпы бейіндегі жетекшілерді) даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Ғылыми және педагогикалық магистратура терең ғылыми-педагогикалық дайындыққа ие жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми сала жүйесі үшін ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.
Алдыңғы білім деңгейі: магистранттың магистратураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру үшін қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы негізде меңгеруге рұқсат етіледі. Магистрант пререквизиттерді толық игергеннен кейін магистратурада оқуын бастайды.
Магистратурада оқу тек күндізгі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады.
Магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысын жүзеге асыру шеңберінде міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту көзделеді.
Магистратура түлектерінің іргелі ғылыми және кәсіби дайындығы, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруі, ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласында құзыретті болуы, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді қалыптастыра және шеше білуі, жоғары оқу орындарында оқыта білуі, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыруы тиіс.
Докторантурада оқу мерзімі-3 жыл.