“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Біліктілікті арттыру

ҚМИУ жанындағы “ЭНЕРГИЯ АУДИТІН, ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ МЕН ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ САРАПТАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН КАДРЛАРДЫ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ”

келесі бағыттар бойынша оқыту жүргізеді:

 

ЭНЕРГОАУДИТ: энергоаудит бағыты бойынша қайта даярлауға немесе біліктілігін арттыруға техникалық және кәсіптік деңгейде техникалық мамандықтар бойынша білімі бар тұлғалар жіберіледі.

ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ САРАПТАМАСЫ: энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы бағыты бойынша қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру, энергетика саласында және (немесе) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында техникалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік ден төмен емес деңгейде білімі бар тұлғалар үшін жүргізіледі.

ЭНЕРГОМЕНЕДЖМЕНТ: энергоменеджмент бағыты бойынша қайта даярлауға немесе біліктілігін арттыруға техникалық және (немесе) экономикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік денгейде білімі бар тұлғалар жіберіледі.

Оқыту ұзақтығы: қайта даярлау бойынша — 250 сағат, біліктілігін арттыру бойынша – 120 сағат.

 

Орталық мынадай жабдықтармен жабдықталған:

 

  1. Testo 330-11 Газоанализаторы-түтін газдарының кәсіби талдауын орындауға арналған.
  2. АКЭ-824 анализаторы. Бір фазалы және үш фазалы электр желілеріндегі электр энергиясы сапасының микропроцессорлық Тіркеуші – анализаторы
  3. ИТП-МГ 4.03/5 жылу ағындарын өлшеуіш. Бір қабатты және көп қабатты қоршау конструкциялары арқылы өтетін жылу ағындарының тығыздығын өлшеуге арналған ГОСТ 25380 бойынша, эксперименттік зерттеу кезінде және пайдалану жағдайларында энергия объектілерінің қаптамасы және жылу оқшаулағышы арқылы.
  4. Ультрадыбыстық шығын өлшегіш+”Акрон”қалыңдық өлшегіш.
  5. АТК-2038 токтық кенелер.
  6. Манометр ДМЦ-01М. газ қысымының қысымын, сиретуін және айырымын өлшеуге арналған, сондай-ақ “НИИОГАЗ” немесе “ПИТО” (17.2.4.06-90 және ГОСТ 8.361-79 бойынша) арынды түтікшелерінің көмегімен газ тозаңды және ауа ағынының жылдамдығын және шығынын анықтауға арналған кәсіби аспап.
  7. Лазерлік алыс өлшегіш Disto.
  8. Корреляциялық ағыс іздегіш Т10.
  9. Тesto Тепловизоры 882.
  10. Люксметр-жаркомер ТКА ПКМ 02.
  11. Байланыс термометрі ТК-5.06.
  12. АКИП-9304 инфрақызыл термометр.
  13. Анемометр ТКА.
  14. СД-21 Виброанализатор.
  15. BALTECH VP-3410 виброметрі