“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Білімді ел» газетіндегі жарияланым


Сәкен оқулары

ҚМИУ-да 16 шілде  «Сәкен оқулары» конкурсы өтті. Оның қатысушылары көрнекті қазақ жазушысы, ақын және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын оқыды, сондай-ақ домбыраның сүйемелдеуімен орындады.

Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық мұрасын зерттеуге бағытталған конкурстың ұйымдастырушылары Теміртау қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тілдерді үйрену орталығы болды. Іс-араға 60-тан астам адам қатысты, олардың арасында Теміртау қ. ақсақалдар кеңесінің өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшелері, студенттік жастар болды, олар үшін Сәкен Сейфуллиннің бейнесі – бұл Қазақстан поэзиясының жарқын беттерінің бірі.

Қатысушылар заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы шығармаларын орындаумен қатар, оның жарқын, бірақ өте қысқа өмірінің санаулы белгілі сәттері туралы да айтты. Өкінішке орай, Сәкен Сейфуллин 1938 жылдың сәуірінде Алматыдағы ІІХК түрмелерінің бірінде «халық жауы» ретінде атылған. 1957 жылы КСРО Жоғарғы Сотының Әскери Алқасымен қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.

Ақсақалдар Ілияс Баймырзаев пен Қасым Ботанов Сәкен Сейфуллиннің ұлы шығармашылық мұрасын және Қазақстан Республикасының ағарту ісіне қосқан зор үлесін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


«Казахстанская правда» газетіндегі жарияланым


Металлург күнімен!

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің

ұжымы атынан теміртаулықтарды

металлург күнімен – біздің қаламыздың

мерекесімен құттықтаймын!

Металлургия отандық экономика көшбасшыларының бірі болып табылады және Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік әлеуетін орнықты дамуын қамтамасыз ететін сала болып қала береді. Елдің экономикалық әл-ауқаты, барлық өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі, мемлекеттің қорғаныс күші металлургия саласына тікелей тәуелді.

Қымбатты теміртаулықтар! Құрметті металлургтер! Шынайы тілектерді қабыл алыңыздар, мықты денсаулық, сәттілік, жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!

 

Қарағанды мемлекеттік

индустриялық университетінің

ректоры                                                                                                                         Б. Жәутіков

 


Талапкерлерді кешенді тестілеуді күтуде 

2018 жылдың 15-16 шілдесінде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университет базасында кешенді тестілеу (КТ) өтеді. Қабылдау комиссиясына 348 адам өтініш берді, оның ішінде 268 – ТжКБ базасында, 80 – жалпы орта білім беру базасында. КТ мемлекеттік тілде – 113 адам, орыс тілінде – 235 адам тапсыратын болады.

Тестілеу желдету (желдеткіштер), өртке қарсы қорғаныс (өрт сөндіргіштер), тікелей күн сәулесінен қорғау (жалюзи) құралдарымен және қабырға сағаттарымен қамтамасыз етілген бес аудиторияда өтеді. Ауыз су режимін қамтамасыз ету үшін екінші қабатта (әр жағынан) сумен және бір мәртелік стақанмен диспенсерлер орнатылады.

Қауіпсіздік үшін, сондай-ақ КT ережелерін сақтау үшін 14 бейнебақылау камералары, ұялы телефон сигналдарын өшіруге арналған 8 құрылғы, бір аркалы және төрт қолмен жұмыс істейтін металл іздегіш тартылатын болады.

Университеттің білікті оқытушыларынан  тұратын апелляциялық комиссияның құрамы, сондай-ақ КТ өткізу кезіндегі аудиториялар мен дәліздер бойынша кезекшілер тізімі ректордың бұйрығымен бекітілді.

ҚР БҒМ өкілдерімен ақпараттық-коммуникациялық техникалардың (компьютерлер, принтерлер, сканерлер, көшірме аппаратуралары, спутниктік байланыс аппаратуралары  және т. б.)  техникалық жай-күйі тексерілді.

Тестілеу күні университеттің медпунктінде медициналық қызметкерлердің, сондай-ақ ҚМИУ аумағында ІІБ, ТЖБ және Теміртау қ. жедел медициналық көмек қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.

ҚМИУ баспасөз қызметі