“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Материалды-техникалық базасы

Қазақстан Республикасының үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы жаңа технологияларды енгізудің маңызы орасан зор екендігі белгілі. Кафедра Англияда жасалып, Macmillan баспасында басылып шыққан, құрамында оқытушыға арналған кітабы, видео-практикалық кітабы, үлестіру материалдық пакеті бар ағылшын тілін үйрететін Reward жинағына ие болды. Бұл курс коммуникативтік мақсаттың сөйлеу, жазу, дыбыстау, грамматика, лексика сияқты барлық сатысын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Дыбыстау және бейне материалдармен жұмыс істеу студенттердің орфоэпиялық нормаға сай сөйлеу дағдыларын арттырады.

Қазақ тілі бойынша жоғары деңгейге арналған электрондық оқулықтар студенттердің мектепте, колледжде алған білімдерін реттеп, тілдік дағдыларын жетілдіруге көмектеседі және тілдерді үйретудің тиімділігін арттырады. Соңғы жылдары кафедрада оқылатын барлық пәндер бойынша арнайы жабдықталған компьютер сыныптарында қолдануға болатыни инновациялық электрондық оқулықтар дайындалып, тіл пәндерін оқытудың озық технологияларын оқу үдерісіне пайдалану мәселесі оң шешімін табуда.

Материалдық-техникалық базаға 39 орындық 3 компьтер сыныбы кіреді. Компьютерлік сыныптар заманауи компьютерлік техникамен жабдықталған. 10 орындық лингафон кабинеті бар.

Материалдық-техникалық базаға студенттердің сөйлеу дағдыларын барынша табысты меңгеруі үшін бейнефильмдер де кіреді.