“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау б...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ 2020-2021 оқу жылында көктемгі семестрде оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері бойынша студенттермен онлайн кездесу өткізілді

[жариялау күні: 13.01.2021, 17:01:16, жариялауды: Әкімшілік]

Бүгін, 13.01.2021 жылы Қарағанды индустриялық университетінде студенттер және магистранттарымен жоғары оқу орының басшылығы 2020-2021 оқу жылында көктемгі семестрде оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алу бойынша онлайн кездесу өткізілді.

Кездесуді өткізу шеңберінде оқу ісі жөніндегі проректор Галина Александровна Сивякова, Академиялық саясат жөніндегі департамент директоры Елена Михайловна Харченко, Тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Мадина Мейрамовна Салпенова, «Экономика және құрылыс» факультетінің деканының орынбасары Асем Егинбаевна Алдабаева, оқу үрдісін ұйымдастыру (дәрістер, зертханалық және прктикалық сабақтар) диплом алдындағы тәжірибеден өтіп жатқан студенттер, сондай-ақ университет жатахқанасында тұру ережелері тіралы толық  түсіндірме берді және студенттердің барлық сұрақтарына толық жауап берді.

Еске сала кетейік, ҚарИУ студенттері мен магистранттары үшін шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде оқыту мен тағылымдамадан өтуге уақытша шектеулер енгізілген. Факультеттердің сапа кепілдігі жөніндегі комитеттерінің және университеттің академиялық сапа комитетінің отырысында осы өтінімдер қарастырылады, егер студенттерде COVID-19, өкпе пневмониясы немесе басқа вирустық аурулардың белгілері болса, студенттер өздерінің өтініштері негізінде қашықтықтан оқуды жалғастыруға  мүмкіндік алады. ҚарИУ студенттері университет аумағында болған барлық уақыт ішінде медицицналық маскалар киюге, сондай-ақ санитарлық тәртіпті және әлеуметтік 2 метр арақашықтықты сақтауға міндетті.

Кездесуге университеттің 100 астам студенттері қатысты.

Көктемгі семестрде оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелерін нақтылауға арналған осындай іс-шаралар 2021 жылы 14 қаңтарда сағат 11.00 және 2021 жылы 16 қаңтарда сағат 10.00 өткізу жоспарланған.

Қарағанды индустриялық университеті карантин кезеңінде өз студенттеріне үлкен қолдау көрсетеді, ең бастысы, біздің университет оқу нысанына қарамастан барлық студенттерге курстың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеріп, емтихандарды ойдағыдай тапсыруларына бағытталған.

Университеттің барлық білім беру бағдарламалары бойынша 1 ден 4 курсқа арналған оқу үрдісін ұйымдастыру туралы толық ақпаратты ҚарИУ ресми сайтынан https://kgiu.kz  білуге болады.

 

ҚарИУ баспасөз орталығы

13.01.2021, 17:01:16, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар