“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау б...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар!

[жариялау күні: 08.01.2021, 16:13:25, жариялауды: Әкімшілік]

Қарағанды индустриялықы университетінің ТМЖ-18 академиялық тобының студенті Жарылқасын Бағдат «Қазақстанның үздік студенті – 2020» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Жарылқасын бірінші дәрежелі диплом, медаль алып, байқау жеңімпазы ретінде «Жас Қыран» Құрмет кітабына енгізілді! Оның жетістіктері ISBN халықаралық стандартты нөмірі берілген жинақта жарияланған. Конкурстың ұйымдастырушысы «Бөбек» ұлттық қозғалысы» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалардың бірлестігі. Бұл байқаудың басты мақсаты – жас ғалымдардың үздік инновациялық жобаларын анықтау, олардың ғылыми қызығушылықтарын насихаттау, ғылым мен білімді дамыту үшін ортақ біріктіруші платформа құру, сонымен қатар ТМД елдерінің студенттері арасында мықты ынтымақтастықты қалыптастыру.

Жарылқасын Бағдат – ҚарИУ белсенді студенттерінің біріі, 2019-2020 оқу жылының 3 семестрінде «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша Польшаның Люблин техникалық университетінде білім алды.

Ол ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың лауреаты. Жарылқасын мәдени іс-шараларға белсенді қатысады: Университеттің  КВН командасының құрамында ол «Magneticka NEXT» ашық КВН лигасының жүлдегері болды.

«Қазақстанның үздік студенті – 2020» байқауына бүкіл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылымы мен білімінің дамуына үлкен үлес қосқан үздік жас студенттер қатысты. Байқауға Қазақстан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан Республикалары және басқа да мемлекеттердің үздік студенттері қатысты.

 

Жарылқасынды жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз, оқу мен ғылыми жұмыстарына одан әрі сәттілік тілейміз!

 

ҚарИУ  баспасөз қызметі

08.01.2021, 16:13:25, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар