“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау б...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ

Эразмус+ «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (ЖБӘА) бағдарламасының компоненті шеңберінде серіктес елдердің жоғары оқу орындары мен жоғары білім беру жүйесіне ұзақ мерзімді ықпал етуге қол жеткізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға болады.

ЖБӘА жобалары – бұл Бағдарламаның 34 елінен және 150-ден астам серіктес елдерден жоғары оқу орындары арасындағы көпжақты серіктестіктерге негізделген трансшекаралық ынтымақтастық жобалары. Эразмус+ бағдаарламасына қаржылық үлес қосатын Бағдарлама Елдері – бұл ЕО-ға мүше 28 мемлекет, сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн, Норвегия, Сербия, Түркия және бұрынғы Югославия республикасы Македония. Қазақстан бағдарламаның осы құрауышына қатыса алатын серіктес елдерге жатады.

ЖБӘА жобалары келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • жоғары білімнің модернизация, инновация және қол жетімділігін қолдау;
  • жоғары білім берудің сапасын және оның еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкестігін арттыру, жоғары білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарын жедел және стратегиялық басқаруды ұйымдастыру мен жоспарлау және ЖОО-ларды интернационалдандыру;
  • ЕО мен тиісті серіктес елдер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
  • жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы құзыреттілік деңгейін арттыру;
  • бірлескен бастамалар мен озық тәжірибе алмасу арқылы әлемнің түрлі өңірлерінің өңірлік және өңіраралық интеграциясы мен ынтымақтастығына жәрдемдесу.

ЖБӘА жобаларының екі түрі бар: бірлескен және құрылымдық.

Бірлескен жобалар оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқытудың заманауи әдістерін әзірлеуге және жаңғыртуға, оқу-материалдық базаны жаңартуға бағытталған.

Бірлескен жобалар үшін қызметтің үш санаты қарастырылған:

  • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
  • Жоғары оқу орындарының қызметін және менеджментін жетілдіру;
  • Жоғары оқу орындары мен экономикалық және әлеуметтік орта арасындағы байланысты нығайту

Құрылымдық жобалар, бірлескен жобаларға қарағанда, жалпы жоғары білім беру жүйесіне және серіктес елдерде аймақтық немесе ұлттық деңгейде реформаларды ілгерілетуге ықпал етуге бағытталған. Құрылымдық жобаларды іске асырудың міндетті шарты ұлттық басқару органдарының (Білім және ғылым министрлігінің) қатысуы болып табылады. Құрылымдық жобалар үшін қызметтің екі санаты қарастырылған:

  • жоғары білім беру жүйесін басқару және саясатты жаңғырту;
  • жоғары білім беру жүйесі мен неғұрлым кең экономикалық және әлеуметтік орта арасындағы байланысты нығайту.

Жобалар серіктес елдер үшін әрбір санат бойынша анықталған ұлттық/өңірлік басымдықтарға сәйкес келуі тиіс.