Құрметті оқытушылар, студенттер!
[жариялау күні: 15.12.2020, 11:32:19, жариялауды: Әкімшілік]
Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын.
Осы айтулы күні сіздерге мықты денсаулық, игілік пен тұрақтылық, егеменді Қазақстанның гүлдене беруіне арналған еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Отанымыз – Қазақстан Республикасы дамып, гүлдене берсін!