ҚарИУ «Тәуелсіздіктің жеті қыры» топтамасы бойынша «Маңызды шешім» фильмін талқылауға арналған семинар өтті
[жариялау күні: 20.11.2020, 11:55:59, жариялауды: Әкімшілік]
2020 жылдың 19 қарашасында «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының аға оқытушысы Екатерина Спичак кАжБ-17, кАИС-19, кАИС-19с академиялық топтарымен «Маңызды шешім» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты «Маңызды шешім» фильмінің «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінің үшінші бөлімімен таныстыру және талқылау.
«Тәуелсіздіктің 7 қыры: Маңызды шешімм» деректі фильмі 2020 жылдың 4 шілдесінде «Астана» телеарнасында көрсетілді.
Фильмде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тарту және Семей полигонын жабу туралы тағдырлы шешімі, сондай-ақ Арал теңізін қалпына келтіру жұмыстары туралы айтылады.
Барлығы жеті фильм дайындалған. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған – экономика, интеграциялық үдерістер, ұлтаралық келісім, антиядролық бастамалар, жаңа астана, транзиттік әлеует, отандастарының өз Отанына оралуы.
Фильмдердің мазмұны беделді спикерлердің – белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қоғам қайраткерлерінің, Елбасының елдің дамуына қатысты күрделі саяси шешімдер қабылдағанының куәгерлерінің естеліктері мен пікірлеріне, сондай-ақ тарихшылармен, саясаттанушылар, экономистермен сұхбаттасуға негізделген. Оқиғаға сәйкес фото және бейне көрсетілім (архивтік және заманауи материал негізінде) қосылады.
Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде, сондай-ақ Қарағанды индустриялық университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге байланысты жұмыстар жалғасуда.
ҚарИУ баспасөз қызметі