“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау б...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРИУ ПОҚ «УНИВЕРСИТЕТТІҢ ПРОФЕССОРЛЫ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-ҚОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ» СЕМИНАРЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСАДЫ

[жариялау күні: 05.11.2020, 14:18:34, жариялауды: Әкімшілік]

«Экономика және құрылыс» факультетінің әдістемелік апталығы аясында 2020 жылдың 2 қарашасында э.ғ.к., профессор З.С. Гелманова «ЖОО профессорлы-оқытушылар құрамының ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» профессорлық-оқытушылар құрамына арналған семинар өткізді. Семинардың қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:

  1. Оқу бағдарламаларында «Цифрлық білім библиографиясы» пәнін ену;
  2. Университет көшіріп алу және плагиат мәселелері бойынша жергілікті (университеттік) сипаттағы нормативтік құжаттарды әзірлеуі қажет. Бұл құжатта барлық мамандықтар бойынша көшіріп алудың рұқсат етілген шектеулер және оның сараланған түрін белгілеу қажет;
  3. Қарағанды индустриялық университетінде ЮНЕСКО ұсыныстарына сәйкес АКТ саласындағы құзыреттіліктің профессорлы-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру стандартын енгізу, бұл университеттің өз идеяларын жүзеге асырумен, халықаралық позицияларға көтерілуіне мүмкіндік береді. Біліктілікті арттыру стандартын іске асырудың нәтижесі – жаңа ақпараттық білімге негізделген білім беру стратегияларын әзірлеу.

05.11.2020, 14:18:34, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар