“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ командасы Қазақстан Республикасының Конституциясы және мемлекеттік рәміздері негізі бойынша өткізілген облыстық олимпиадада 3 орынды иеленді

[жариялау күні: 31.10.2018, 16:33:05, жариялауды: Әкімшілік]

 

Студенттік жастар ортасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қатысты құрметті насихаттау, құқықтық сауаттылық және студент жастарды құқықтық мәдениетті құндылықтарға тарту, сонымен бірге студент жастардың азаматтық ұстанымдарын және патриоттық сезімдерін, шығармашылық және зияткерлік қасиеттерін дамытуға арналған жағдайды қалыптастыру мақсатында 2018 жылы 31 қазан күні академик Е.А.Бөкетов атын. Қарағанды мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Конституциясы және мемлекеттік рәміздері негізі бойынша облыстық олимпиада өткізілді. Осы облыстық олимпиадаға Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің командасы қатысты, команда құрамы: Мадина Есболова, Жадыра Көшербаева, Өміржола Рахымжан және Қонысбек Тажиков.

Біздің команда 14 команданы артта қалдырып, олимпиаданың 3 кезеңінен табысты өтіп, 3 орынды иеленді.

Олимпиада нәтижелері бойынша жеңілпаздар анықталды:

1 орын – ҚарМУ командасы;

2 орын – ҚР ІІМ КЖМ командасы;

3 орынды ҚМИУ және ҚарМУ командалары өзара бөлісті.

Барлық жеңілпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

31.10.2018, 16:33:05, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар