“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ МЕРЕКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

[жариялау күні: 02.11.2018, 18:51:01, жариялауды: Әкімшілік]

 

2018 жылы 2 қараша күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде бірінші курс студенттері көптен күткен ең маңызды оқиға «Студенттер қатарына қабылдау» іс-шарасы өткізілді.

Студенттер қатарына қабылдау дәстүрі әрбір жоғары оқу орында қалыптасқан. Бұл дәстүр ерте кезеңнен Ора ғасыдан атақты Париж университетіне (орталығы Париждегі Сорбонн ғимараты) оқуға түскен жас адамдардың мінезінің қайраттылығы және оқуға деген ұмылысын тексеруге арналған белгілі сынақ түрлерінде өткізілген. Егер студент барлық сынақтан абыроймен өткен жғдайда оны құпия студенттер одағына қабылдаған.

Біздің университет үшін – бұл дәстүрлі көңілді іс-шара, ол әрбір студенттің өміріндегі ұмытылмас кезеңінің басталуының куәгері, әрбір бірінші курс студентіне жағымды тосын сыйлар ұсынылды.

Іс-шара жылы, есте қаларлықтай, жастар форматында – ерекше көңілді өтті.

Бірінші курс студенттерін мерекелерімен оқу ісі жөніндегі проректор Галина Александровна Сивякова құттықтады, ол студенттерге оқуда табыс, студенттік өмірлері есте қалатын оқиғаларға толы болуына тілек білдірді.

Іс-шара басында университеттің ректорының атынан, университеттің белсенді студенттері еліміздің оңтүстік өңірлерінде өткізген кәсіби бағдарлау жұмыстарына белсене қатысқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды, олар өздерінің жоғары оқу орындарының нағыз патриоттары!

Іс-шараның көңілді, ашық жарқын жағдайда өтуіне мерекені жүргізушілер: Сержан Рахымжанов, Дархан Алимхан, Дарина Накупова және Сергей Хегай өз үлестерін қосты. Өздерінің  жалын шашқан әзілдерімен олар көрермендердің көңілдерін көтерді. Студенттер үшін бірнеше конкурстар ұйымдастырылды: олар фото бойынша өздерінің оқытушыларының аты-жөнін табу керек болды. Олар бұл сынақтан сүрінбей өтті, бірінші курс студенттері сабаққа қатысатындықтарын дәлелдеді. Әрі қарай фото бойынша университеттің қай бөлігі екенін анықтау қажет болды, бұл қиындау сынақ болды, кеш жүргізушілері бұл қиындық екі ай ішінде университеттің барлық бөлігін білу мүмкін емес деп оларды ақтады.

Үй тапсырмасы ретінде университеттің барлық факультетінің және Техника-экономикалық колледж студенттері би бойынша  флеш-моб дайындады. Бұл тапсырма біздің бірінші курс студенттері 2 айлық оқу ішінде бір бірімен жақсы тату екендерін айқындады.

Әрбір флеш-мобтан кейін оларға көрермендер ыстық ықыластарын ду шапалақпен білдіріп жатты. «Металлургия және машинажасау» факультетінің бірінші курс студенттерінің билері қызықты, ерекше болды. «Құрылыс және экономика» факультетінің студенттері ашық сары түсті билерімен мәселенің барлығы санда емес сапада екенін дәлелдеді. Техника-экономикалық колледж ең жас қатысушылар болды, оларға да өздерінің үлкен өмірге қадам басқандарын дәлелдеді. Барлық көріністер арасындағы ең есте қалған көрініс «Энергетика, көлік және басқару жүйелері» факультетінің студенттерінің биі болды. Олар ерекше форматты таңдаған, импровизацияландырылған шоу көрсетті, сахананың төбесінен әртүрлі түсті шарлар нөсері жауды, бұл көрініс көрермендерді таң қалдырды.

Бұл кеш сыйлықсыз өткен жоқ: бірінші курс студенттері алдында жоғары курс студенттері өздерінің өнерлерін ортаға салды. Осы кеште көрермендер  Сухроб Ашуров және Фарзона Гулаёзова, Нұргүл Кылышбаева, Сұңқар Авижат және Нұрдәулет Шукурулла , Аслан Кенесбеков, Нұрхан Талгат, Мақсат Жұмақкан, Бекзат Абдуганиев, Алмат Садырханов және Мақсат Арыстанбековтың өнерлерін тамашалады.

Мереке шарықтау шегіне жеткен кезде студенттік билетке қол қойылды: саханаға залдың қошеметімен студенттік билет макеті шығарылды, осы студенттік билетке оқу ісі жөніндегі проректор Галина Александровна Сивякова қол қойды.

Өткізілген іс-шара студенттер, көрермендер көңілінде жылы және жарқын естілік болып қалды. Бұл үлкен өмірге деген қадамның жаңа бір тармағы. Бірақта студенттік өмірдің нағыз сынағы «Бірінші сессия» деп аталады. Осы іс-шарадан алған жақсы әсерлерімен желтоқсан айында басталатын емтихандарда оқытушылардың күрделі сұрақтары мен есептеріне жауап беруге дайындалу керек. Біз шын жүректен бірінші курс студенттеріне ақ жол тілейміз!

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

02.11.2018, 18:51:01, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар