“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ студенттері бірінші халықаралық ” Қоғам мүддесіне арналған цифрлық технологиялар” IT – Форумға және “IT – WEEKEND.KZ”хакатонына қатысты

[жариялау күні: 25.10.2018, 14:47:48, жариялауды: Әкімшілік]

2018 жылы 16 мен 20 қазан аралығында ҚМИУ 23 белсенді студенттері “Рухани Жаңғыру” бағдарламасы аясында «Қарағанды облысының Кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық ұйымы және «Қарағанды облысының Жастар саясаты жөніндегі басқармасы» ММ ұйымдастырған бірінші халықаралық “Қоғам мүддесіне арналған цифрлық технологиялар” IT – Форумға және “IT – WEEKEND.KZ” хакатонына қатысты

Форум бағдарламасы бойынша:

16 мен 18 қазан аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетінің базасында Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттері арасында жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайтын  IT-Форумы аясында «IT-WEEKEND.KZ-2018» Хакатоны өткізілді. Үш күн бойы студенттер командасы ақпараттық технологияларға қатысты жағдайлармен жұмыс жасады және осы мәселелерді шешуге қатысты шешімдерді қабылдады.

19 қазан күні қала сыртындағы «Derby Village» клубында Хакатонға қатысушыларға арналған IT – технология саласындағы жетекші әлемдік және қазақстандық мамандар өткізген тим-билдинг және шеберлік сыныптары өткізілді, осы күні кешкісін бизнес өкілдерімен IT – технология саласындағы жетекші әлемдік және қазақстандық мамандардың кездесуі ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, 19 қазан күні  «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «IT-WEEKEND.KZ – 2018» IT-технологиялар көрмесі жұмыс істеді.

20 қазан күні форумның басты күні мынандай мәселелер талқыланды: «Қарағанды – IT- кеңестігіне стартты алаң», «Мемлекет және қоғам мүддесі үшін цифрлық технологияларды қолдаудағы қоғамдық тапсырыс», «IT- мамандарды дайындау мәселелері және болашағы», «Экономиканың бәсекеқабілеттілігін қолдаудағы цифрлық технологиялар», «SMART-city басқару жобалары – табысты жобаларды презентациялау».

Осы IT- алаңының көмегімен жастар интернет платформасын әзірлеуші әлемдік және қазақстандық жетекші мамандармен кездесті, олар өздерінің тек ғана бағдарламалау саласы ғана емес, сонымен бірге бизнесті дамытуға арналған тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен бірге форумда мемлекеттік органдар өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, IT саласындағы әлемдік және қазақстандық мамандар қатысты.

ҚМИУ студенттері пікір алмасу алаңында қажетті білімді білгендерін, инновациялық жобаларды жобалау негіздерін игерумен, оларды көпшілік назарына ұсынуды үйренгендерін атап өтті.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 

25.10.2018, 14:47:48, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар