“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ «БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ» АТТЫ ЭКСПОЗИЦИЯНЫ ТАМАШАЛАДЫ

[жариялау күні: 25.10.2018, 14:52:21, жариялауды: Әкімшілік]

 

2018 жылдың 23 қазан күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері Қала күніне арналған Теміртау қ. Тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған «Балалық шаққа саяхат» атты экспозицияны тамашалады.

Осы экспозицияны мұражай қызметкерлері алты ай бойы дайындады. Көктемде «Біздің әжелеріміздің балалық шағы» атты акция жарияланды және жарты жылдан кейін ғылыми жұмысты жүзеге асыру барысында мұрашай қызметкерлері ерекше көрмені ұйымдастырды.

Біздің қаланың тұрғындары шамамен жүзден астам әртүрлі экспонаттарды, суреттерден бастап фотографиялар, жұмсақ ойыншықтар, үстел ойындары, қуыршақтар, сонымен бірге көше ойындарының әртүрлі атрибуттарын жинауға көмек көрсетті.  Көрмеге қойылған заттардың жасалған уақыты әртүрлі өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастап осы күнге дейін.

Көрме үш аймаққа бөлінген. Бұл аймақтар үстел ойындарына, «Әженің сандығы», аула ойындары аймақтарына бөлінген. Бұл аймақтарда балалардың қай жерге жасырынғандары, әр ұрпақтың құпиясы және қорқынышы туралы баяндайды.

Көрмеге қатысушылар тек ғана өздерінің балалық шақтарын естеріне түсіріп ғана қоймай, сонымен бірге осы экспозицияда қойылған қандай да бір ойыншыққа қатысты естеліктерін естеріне түсірді.

Біздің студенттер атап өткендей, олардың әрқайысы көрмеде өзінің балалық шағымен байланысты затты көргендеріне қуанышты болды.

Сонымен бірге мұражай қызметкерлері қаламыздың жас тұрғындарын осы көрмені тамашалауға шақырады, олар өздерінің аналары, әжелері, әкелері, аталары қандай ойыншықтармен және қандай ойындар ойнағандарын біледі.

Қала тұрғындары ағымды жылдың қараша айының соңына дейін осы көрмені тамашалауға мүмкіндіктері бар.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

25.10.2018, 14:52:21, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар