“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйім зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Тағы да – дін мен бейбітшілік туралы

[жариялау күні: 29.03.2018, 16:46:08, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Теологтардан құрылған облыстық ақпараттық-түсіндірме тобы 29 наурызда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттерімен кездесті.

Кездесу діннің, толеранттылықтың, мемлекеттің зайырлы негіздерін нығайту мен дамытудың, экстремизм мен радикализмнің, оның ішінде дін саласындағы көріністерімен күресу мәселелеріне арналды. Оған Қазақстан Республикасы дін және азаматтық қоғам істері жөніндегі Министрлігі, дін істері жөніндегі Комитетінің діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқарма басшысы М.Иманбаев, Қарағанды облысының Діни істер жөніндегі департаментінің басшысы Н.Бикенов, Теміртау қ. әкімінің әлеуметтік мәселелер және ішкі істер жөніндегі орынбасары Д.Есімханов, халықты жұмыспен қамту қалалық бөлімінің аға маманы Д.Саттыбаева қатысты.

Барлық сөз сөйлеушілер студенттердің ерекше назарын Қазақстан – зайырлы мемлекет, онда білім беру мекемелерінде діни атрибуттар мен діни киімдер киюге жол берілмейтініне аудартты. Жастарға діни сипаттағы сұрақтар туындаған жағдайда қайда хабарласуға болатыны туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, кездесу қатысушылары сенім телефондарын, жергілікті атқарушы билік органдарының байланыс номерлерін және т.б. хабарлады.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша «2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының діни саладағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы» әзірленіп, 2017 жылдың маусым айында бекітілген. Бұл құжатта қысқа, бірақ дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың үрдістері мен пайымының ағымдағы жағдайдың мазмұнды талдауы берілген. Осы құжатпен бірге “Діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын әзірлеу қатар жүрді. Ол ағымдағы жылдың қаңтарында Мәжіліс депутаттарына ұсынылды және қазір қоғамның және конфессиялардың пікірін ескере отырып өңделуде.

ҚР Президентінің бес жаңа әлеуметтік бастамасы әлеуметтік-экономикалық негізді нығайтуға бағытталған, бұл азаматтардың сана-сезіміне әсер ететін деструктивті діни ілімдердің жақтастарына қарсы тұруға ықпалын тигізеді. Басым бағыттардың бірі азаматтық қоғам институттарын тарта отырып, халық арасында алдын-алу жұмыстарды қамтамасыз ету болып табылатындығын ескере отырып, Қарағанды облысында ақпараттық-түсіндірме топтар мүшелерінің халықпен кездесулері ұйымдастырылды. 29 наурызда кездесу ҚМИУ-да ғана емес, сонымен бірге қаланың басқа да ұйымдарында өтті.

Университет студенттері баяндамашыларды қызығушылықпен тыңдады, содан кейін оларды қызықтырған сұрақтарды қойды.

ҚМИУ баспасөз қызметі