“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Байғабатов Төлеутай Смакович

Білімі:

1972 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Тарих» мамандығы бойынша білім алып, «Тарихшы. Тарих және қоғамтану оқытушысы» біліктілігі берілді.

1977 жылдан 1981 жылдарда С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің сырттай оқу бөлімінде аспирантурада оқыды. (Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)

1985 жылы тарих ғылымынң кандидаты дәрежесінде кандидаттық ғылыми ізденіс диссертациясын қорғады.

1993 жылы ҚР ЖАК «Әлеуметтану» мамандығы бойынша доцент атағын берді.

Академиялық тәжрибесі: 1972-1974 жылдарда ҚарМЕТ комбинат жанындағы завод-ВТУЗда КОКП тарихы және ғылыми коммунизм кафедрасында тарих пәнінің қосалқы оқытушысы ретінде қызмет етті.

1974 жылдан бастап завод-ВТУЗдың КОКП тарихы және ғылыми коммунизм кафедрасы штатына ассистент болып қабылданады.

1974-1976 жылдарда, 1984-1989 жылдарда завод-ВТУЗдың құрылыс-инженерлік факультетінің декан орынбасары болды. (Қазіргі ҚМИУ)

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының» доценті.

Оқытатын пәндері:

Әлеуметтану, саясаттану, дінтану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті, психология.

Куәліктері және кәсіби тіркеулері:

1977 жылы Новосибирск мемлекеттік университетінде біліктілікті көтеру иниститутында «КОКП тарихы» кафедрасына курстан өтті.

1981, 1986, 1989 жж. «Ғылыми коммунизм» пәні бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) біліктілікті көтеру институтында курстан өтті.

Марапаттары мен сыйақылары:

1970 ж. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі

1973 ж. «Қарағанды металургия комбинатының ардагері» медалі

2003 ж. «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері» медалі

2003 ж. «КарМетИ еңбек сіңірген қызметкері» медалі

2010 ж. Қазақстанның алғашқы шойын құюының 50-жылдық мерейтойы құрметіне медалі;

2013 ж. ҚР БжҒМ «Ы.Алтынсарин» төс белгісі.

2013 ж. «Еңбек даңқы» медалі

2013 ж. Қарағанды облыстық әкімінің грамотасы.

2013 ж. ҚР білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподағының грамотасы.

2014 ж. «ҚМИУға сіңірген еңбегі» үшін төс белгісі