“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Абдикарим Нурзия Абдикаримовна

Білімі: 1988 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша  Архангай педагогикалық техникумын үздік нәтижемен тәмамдаған. 1989 жылы МХР Ховд мемлекеттік университетіне түсіп, ІІІ курстан Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына ауысты және аталған мамандықты 1995 жылы бітіріп, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. Филолог» дипломын алды.

2010 ж. 20 қазанында 10.02.20 –  Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салыстырмалы тіл білімі мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

Академиялық тәжірибесі: 1988 ж. бастап университеттегі оқуымен қоса орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі;

1.09.1992 – 30.08.1995 дейін Шет ауданындағы Шет ауылының ОМ бастауыш сынып мұғалімі;

01.09.1995 – 01.11.1995 ж. дейін Теміртау қ. Әубәкіров ат. гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

01.10.2001 – 28.08.2007 дейін Қазақстан-Ресей институты Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының Теміртау қ. филиалында қазақ тілі пәнінің оқытушысы, аға оқытушысы;

01.09.2007 – 30.08.2009 дейін ҚМИУ жанындағы лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

01.09.2009  – 30.08.2011 дейін ҚМИУ жанындағы ГТК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;

01.09.2011 – 2017-2018 оқу жылының басына дейін Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер кафедрасының доценті;

2017-2018 оқу жылынан бастап Қазақ, орыс және шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі міндетін атқаруда.

Оқытатын пәндері: Қазақ тілі мен әдебиеті, кәсіби қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және іскерлік қарым-қатынас.

Ғылыми зерттеу жұмысы: алтай тілдерінің синтаксистік жүйесін салыстырмалы-тарихи, салғастырмалы-типологиялық тұрғыдан зерттеумен айналысады; 60-ға жуық ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалаларының авторы, техникалық және экономикалық бағытта оқитын студенттерге арналған  5 оқу-әдістемелік құралын құрастырып, оқу үдерісіне енгізген; 2012-2014, 2015-2017 жылдары секцияда орындалған мемлекеттік бюджеттік ғылыми зерттеу жұмысының жетекшісі болды.

Куәліктері немесе кәсіби тіркеуі: Қазақстан-Ресей университетінде біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудан өткендігі туралы сертификат (04-11 желтқсан 2006 ж. №195);

Қарағанды облыстық мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында қайта даярлаудан өткендігі туралы сертификат (05-15 қазан 2009ж. №0141243);

«Өнертану, филология және мәдениеттанудың көкейкесті мәселелері» тақырыбындағы ХҒПК қатысушысы сертификаты (18 қаңтар 2012ж., Новосибирск қаласы РФ);

Ғылыми зерттеулерге арналған Thomson Reuters  ресурстары бойынша Онлайн-семинардың қатысушысы сертификаты. (Scitntific&Scolarly Research, 27-31 мамыр 2013 );

«Заманауи ғылыми ойлар: мәселелері және даму келешегі» тақырыбында  ХҒПК қатысушысы, (30 тамыз 2013 жылы., Челябинск қаласы РФ);

«Ана тілі аясы: оқыту,зерттеу мәселелері»  тақырыбында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар (72 сағат) сертификаты   (06 наурыз 2017 ж).

Марапаттары

Қазақстан Ресей институтының ректорының мадақтамалары, алғыс хаттары;

«Теміртау» газетінің бас редакторының алғыс хаты;

«НұрОтан» ХДП Теміртау қалалық филиалының мадақтамасы;

ҚМИУ жанындағы ГТК директорының «Үздік куратор» мадақтамасы

ҚМИУ ректорларының (Б.А. Найзабеков және М.К. Ибатов) мадақтамалары;

Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хаты

Тұңғыш Президенттік тарихи-мәдени орталығының мадақтамасы

Теміртау қаласы әкімінің Құрмет грамотасы (  ж.);

ҚМИУ ректорының «Үздік куратор» мадақтамасы

ҚМИУ ректорының Алғыс хаты (Жаутиков Б.А.)

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты (2017 ж.)