Абдикарим Нурзия Абдикаримовна
Білімі: 1988 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша Архангай педагогикалық техникумын үздік нәтижемен тәмамдаған. 1989 жылы МХР Ховд мемлекеттік университетіне түсіп, ІІІ курстан Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына ауысты және аталған мамандықты 1995 жылы бітіріп, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. Филолог» дипломын алды.
2010 ж. 20 қазанында 10.02.20 – Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салыстырмалы тіл білімі мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
Академиялық тәжірибесі: 1988 ж. бастап университеттегі оқуымен қоса орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі;
1.09.1992 – 30.08.1995 дейін Шет ауданындағы Шет ауылының ОМ бастауыш сынып мұғалімі;
01.09.1995 – 01.11.1995 ж. дейін Теміртау қ. Әубәкіров ат. гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
01.10.2001 – 28.08.2007 дейін Қазақстан-Ресей институты Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының Теміртау қ. филиалында қазақ тілі пәнінің оқытушысы, аға оқытушысы;
01.09.2007 – 30.08.2009 дейін ҚМИУ жанындағы лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
01.09.2009 – 30.08.2011 дейін ҚМИУ жанындағы ГТК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;
01.09.2011 – 2017-2018 оқу жылының басына дейін Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер кафедрасының доценті;
2017-2018 оқу жылынан бастап Қазақ, орыс және шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі міндетін атқаруда.
Оқытатын пәндері: Қазақ тілі мен әдебиеті, кәсіби қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және іскерлік қарым-қатынас.
Ғылыми зерттеу жұмысы: алтай тілдерінің синтаксистік жүйесін салыстырмалы-тарихи, салғастырмалы-типологиялық тұрғыдан зерттеумен айналысады; 60-ға жуық ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалаларының авторы, техникалық және экономикалық бағытта оқитын студенттерге арналған 5 оқу-әдістемелік құралын құрастырып, оқу үдерісіне енгізген; 2012-2014, 2015-2017 жылдары секцияда орындалған мемлекеттік бюджеттік ғылыми зерттеу жұмысының жетекшісі болды.
Куәліктері немесе кәсіби тіркеуі: Қазақстан-Ресей университетінде біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудан өткендігі туралы сертификат (04-11 желтқсан 2006 ж. №195);
Қарағанды облыстық мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында қайта даярлаудан өткендігі туралы сертификат (05-15 қазан 2009ж. №0141243);
«Өнертану, филология және мәдениеттанудың көкейкесті мәселелері» тақырыбындағы ХҒПК қатысушысы сертификаты (18 қаңтар 2012ж., Новосибирск қаласы РФ);
Ғылыми зерттеулерге арналған Thomson Reuters ресурстары бойынша Онлайн-семинардың қатысушысы сертификаты. (Scitntific&Scolarly Research, 27-31 мамыр 2013 );
«Заманауи ғылыми ойлар: мәселелері және даму келешегі» тақырыбында ХҒПК қатысушысы, (30 тамыз 2013 жылы., Челябинск қаласы РФ);
«Ана тілі аясы: оқыту,зерттеу мәселелері» тақырыбында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар (72 сағат) сертификаты (06 наурыз 2017 ж).
Марапаттары
Қазақстан Ресей институтының ректорының мадақтамалары, алғыс хаттары;
«Теміртау» газетінің бас редакторының алғыс хаты;
«НұрОтан» ХДП Теміртау қалалық филиалының мадақтамасы;
ҚМИУ жанындағы ГТК директорының «Үздік куратор» мадақтамасы
ҚМИУ ректорларының (Б.А. Найзабеков және М.К. Ибатов) мадақтамалары;
Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хаты
Тұңғыш Президенттік тарихи-мәдени орталығының мадақтамасы
Теміртау қаласы әкімінің Құрмет грамотасы ( ж.);
ҚМИУ ректорының «Үздік куратор» мадақтамасы
ҚМИУ ректорының Алғыс хаты (Жаутиков Б.А.)
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты (2017 ж.)