“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйім зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

СПОРТ ПЕН ЕҢБЕК ӘРҚАШАН ҚАТАР ЖҮРЕДІ!

[жариялау күні: 20.03.2018, 19:25:58, жариялауды: Әкімшілік]

Наурыз мерекесіне арналған ҚМИУ оқытушылары мен қызметкерлерінің Спартакиадасының қорытындысы шығарылды. ҚМИУ жанындағы Техникалық-экономикалық колледжінің командасы сөзсіз көшбасшы болды. Екінші орында – «Металлургия және машинажасау» факультетінің командасы, үшінші орынды сенімді түрде «Энергетика, көлік және жүйелерді басқару» факультеті және «Инфрақұрылымды пайдалану және дамыту» департаментінің ойыншылары иеленді. 

Төрт күн бойы әр түрлі спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді, құмарлықпен және спорттық қуанышпен, жанкүйерлердің белсенді қолдауымен өткізілді. Университет оқытушылары мен қызметкерлері олар тек жұмыс барысында ғана емес, спорт жарыстарында да  жақсы және нәтижелер көрсететіндерін тағы бір рет дәлелдеді. Бекер айтпайды: спорт пен еңбек қатар жүреді. Дәл осы екі құрамдас барлық бағыттар бойынша жемісті жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

ҚМИУ оқытушылары мен қызметкерлері 13-20 наурыз аралығында командаларға бірігіп жарысты. Университеттің спорт кешені бұл күндері сағат 16.00-ден бастап, жұмыс күні аяқталарда, бірақ ең қызықтысы енді ғана басталарда олар үшін есігін ашты.

Волейболдан ойындар үш партия кезеңінде 15 ұпайға дейін өткізілді. Командалар алты адамнан құралған, әрқайсысы аралас құрамға жол берді. Жарыс нәтижесінде, бірінші орынды МжМЖФ иеленді, екінші орында ЭКжЖБФ командасы, ал  үшінші орында ИПжДД.

Жеке-командалық жарыстар үстел теннисі бойынша өтті. Ойын үш партиядан тұрды және 11 ұпайға дейін жетті. Осы жарыстардың қорытындысы: бірінші орындарды –Омаров Нұрлан мен Бабашайкова Айнагүл, екінші орынды – Ошан Аманжол және Қариполла Алқагүл, үшінші орынды – Базаров Бауыржан және Чепелян Лариса иеленді.

Шахмат, дойбы және тоғыз құмалақ ойындары бір партиядан тұрды және қатардан шыққанша олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Дойбыдан бірінші орынды – Аманжол Ізтілеу және Исабекова Гүлнар иеленді. Екінші орында Ахметов Жетпісбес пен Серғазықызы Анар, ал үшінші орында Байсейіт Марат және Жолтай Салтанат иеленді.

Шахматта Аманжол Ізтілеуге тең келер ешкім болмады. Екінші орын –Ахметов Жетпісбесте, үшінші орын – Джаналин Серікте.

Тоғыз құмалақ бойынша көшбасшы – Кәріполла Алқагүл. Екінші орында – Уктаева Ләззат, үшінші орында – Бекеева Әсел.

Дартс бойынша жеке-командалық жарыстар өтті. Жеңімпаздар 10 ұпайдан жиналған баллдардың ең көп мөлшеріне қарай анықталды – олар Қалдыбаев Еркебұлан мен Тұргымбаева Гүлнар. Екінші орынды Базаров Бауыржан мен Гүлмира Қалышева сенімді иеленді. Үшінші орын – Утебаев Нұрлыбек пен Жұмабекова Ғалияда.

Асық ойынында команда бес адамнан құралды. Жеңімпаз көп ұрылған асық саны бойынша анықталды. Нәтижесінде бірінші орын – Жолтай Салтанатта. Екінші орында – Туғанбеков Болат, үшінші орында – Байсейіт Марат.

Кіші-футболдан матч 15 минутты екі бөліктен тұрды. Команда құрамасы – 5 адам, ауыстыру шектеусіз. Бұл жарыста көшбасшы ИПжДД командасы болды.

Ең қызықты және көңілді спорттық іс-шаралардың бірі – спорттық-ойын-сауық эстафетасы. Әрбір команда төрт әйелден және осындай санда ерлерден тұрды. Жеңімпаз кезеңдегі орындардың аздығымен анықталды. Ережелерді бұзғаны үшін 2 айыппұл секунд қосылды. Қорытынды: 1 орын ТЭК. Екінші орында – ЭКжЖБФ, үшінші орында – МжМЖФ.

Кір көтеруден өз салмақ дәрежелерінде жүлделі бірінші орынды иеленгендер: Лехтмец Владимир (85 кг жоғары), Балғабаев Мақсат (85 кг дейін), Әкішев Талғат (78 кг дейін), Қалдыбаев Еркебұлан (70 кг дейін) және Нұрмаханов Нұрхан (63 кг дейін).

Арқан тартуда көшбасшы команда ИПжДД командасы жетекші орын иеленді. Екінші орын –  ТЭК, үшінші – ЭКжЖБФ.

Спартакиада ұйымдастырушысы – ҚМИУ ректораты. Аталған жарыстың бас төрешісі Колесникова Р.К.,бас хатшы – Трус А.Б.сөз сөйледі.

20 наурыз ҚМИУ ректоры Жәутіков Б.А. салтанатты жағдайда, әріптестерінің қошеметімен жеңімпаз командаларға грамоталар мен сыйлықтар табыстады. Естелік сыйлықтарымен және мақтау қағаздарымен жеке біріншілік жеңімпаздары мен жарыстардың белсенді қатысушылары (үш және одан да көп түрлері) марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

20.03.2018, 19:25:58, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар