“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

  • 20.06.2018: ҚМИУ ҰБТ 481 түлек тапсырады

    21 шілде күні ҚМИУ Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі. Биылғы мектеп түлектері – 868.  Түлектердің өміріндегі ең жауапты емтиханды биылғы жылы 481, оның ішінде қазақ тілінде – 207, орыс тілінде – ...
  • 14.06.2018: Құттықтаймыз!

      ҚМИУ ұжымы Галина Сергеевна Арбузды PhD докторы ғылыми дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтайды. Жұмысына шығармашылық табыс тілейміз және ғылыми жаңалықтар күтеміз!   ...
  • 12.06.2018: Оқу, практика және мәдениетті бағдарлама

    ҚМИУ оқытушылары келесі апта ішінде Лакшми Миттал Ақпараттық технологиялар институтының екінші курс студенттеріне металлургия саласы бойынша дәріс оқиды. Он екі жігіт және екі қыз студенттер Раджас...
  • 12.06.2018: Бұқар Жырау Қалмақанұлының шығармашылық мұрасы

    ҚМИУ «Қазақ, орыс және шет тілдер» кафедрасының меңгерушісі Нұрзия Әбдікәрім қазақ халқының ауыз әдебиетінің өкілі, қазақ ханы Абылайханның бас кеңесшісі ұлы дала жыршысы  Бұқар Жырау Қалмақанұлыны...
  • 12.06.2018: Кәсіподақ шәкіртақысы 

    Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің үшінші курс студенті Айболат Едыгеевқа «Қарағанды облысының Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚҰ шәкіртақысы таға...
  • 08.06.2018: Өмірдің барлық сырын ашуды үйрену

    Жақында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде ерекше кездесу ұйымдастырылды. «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының доценті  Жұман Аманжолов топ старосталары және Жастар ісі жөніндег...
  • 06.06.2018: «Менің отанымның рәміздері» 

    Қалалық зияткерлік ойын «Менің отанымның рәміздері» 4 маусым күні ҚМИУ өткізілді. Қатысушылар – Теміртау қ. колледж студенттері – өздерінің мемлекеттік рәміздерге қатысты білімдерін және Қазақстанн...
  • 04.06.2018: ҚМИУ студенттері қоғамдық орындарда Қазақстанның әнұранын орындады

    Акция Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні және Астана қ. 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Теміртау қаласының Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, қаланың бірнеше қоғамдық орындарында ұйы...
  • 04.06.2018: Барлығына арналған жаңа оқулықтар

    ҚМИУ ғылыми кітапханасы барлық студенттер және оқытушыларды «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» бағдарламасы шеңберінде келіп түскен жаңа кітаптармен танысуға шақырады. Оқулықтар ...
  • 31.05.2018: Есте сақтау үшін!

    30 мамырда қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Төңкерілген әлем: мұрағат құжаттары сөйлейді» атты сұхбат алаңы өтті. Іс-шараға ҚМИУ студентт...

Конференциялар

Архив

Зияткерлік ойын

[жариялау күні: 09.04.2018, 15:21:42, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Астанада 4-6 сәуірде Динара Сәдуақасова Кубогына студенттер арасында шахматтан дәстүрлі республикалық турнир өтті. Жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің командасы жарыстарға алғаш рет қатысты.

Динара Сәдуақасова – шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер, ҚР бірнеше дүркін және даусыз чемпионы, ООН Unicef балалар қорының Ізгі ниет Елшісі. Динара Сәдуақасованың Кубок Турниры Гумилев ат.Еуразия Ұлттық университетінің студенттік қоғамдастық бастамасымен 2013 жылы құрылған. Бұл жарыстар осы ЖОО қабырғасында жыл сайын Қазақстан Республикасының жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқитын күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін өткізіледі.

Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 33 команда қатысты. Әр команда құрамына 26 жастан аспаған екі ер бала және бір қыз кірді. ҚМИУ-дан жарысқа Василий Ким (ЕТБҚ-14 т.), Сұлтан Тұран (ЭЭ-17қ т.) және Айгерім Махметова (Қ-15қ т.) қатысты.

Турнир тоғыз турдан тұрды. Үш күннің әрқайсысында командалар бір-бірімен әрқайсысы ұзақтығы 15 минуттық үш ойында кездесті. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша өткізілді, бұл қажет болған жағдайда жетіспейтін ұпайларды жинауға мүмкіндік берді.

– Жарыс қызықты өтті. Партиялар арасында үлкен үзілістер болды, сол кезде біз өз қателіктерімізді анықтауды, сөйлесуді, басқа қатысушылармен ойнауды жүзеге асырдық, – деді Василий Ким. – Біздің қарсыластар әртүрлі болды, бірақ тұтастай команда болған жоқ. Әр ойында мүмкіндіктер болды және күрес болды.

ҚМИУ командасы 21-ші орынды иеленді. Ұйымдастырушылар біздің балаларымыздың жақсы дайындық деңгейін, сондай-ақ олардың университеттің атымен және логотипімен бірыңғай формасын атап өтті. Турнир соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

Фото с сайта http://kipyat.com