“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Бірыңғай ақпараттық сағат  

16 мамыр күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдарының қалыптасуының 20 жылдығына» атты бірыңғай ақпараттық сағат өткізілді.

ҚМИУ тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры М.М. Салпенова  және «Қазақстан тарихы және әлеуметті-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы  М. Солтан Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары және жалпы еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан істер жайлы баяндады.

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Т. Байгабатов студенттерге мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты заң талаптарын, сонымен бірге осы қызметтің қалыптасу және даму кезеңдерін жан-жақты түсіндірді.

Студенттер жүзеге асырылып жатқан  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар шараларының тиімділіктері, жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың маңыздылығы жайлы пікірлерін және ұсыныстарын ортаға салды. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


ҚМИУ студенті облыстық «Абай оқулары» байқауына Теміртау қаласының атынан қатысады

Қалалық «Абай оқулары» байқауы 14 мамыр  күні Теміртау қ. Орталық кітапханасында өтті. Байқауға ҚМИУ студенттері де қатысты. Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар Мағжана Жұмабаевтың өлеңін және екінші кезеңде қазақ әдебиетінің классиктерінің көркем  шығармаларын жатқа оқыды.

«АжБ»-17қ тобының студенті Перизат Курбанбай үшінші орынды жеңіп алды. Үшінші курс студенті Бейбут Тулкибаев («ТМжЖ»-15кқ тобы) жеңілпаз атанып, 18 мамыр күні облыстық «Абай оқуларында» Теміртау қаласының атынан қатысады. Байқауды Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды. Байқау 17-29 жас аралығындағы талантты жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданыс аумағын кеңейту және тіл мәдениетін арттыру мақсатында өткізіледі.

«ЭКжБЖФ» деканының орынбасары Жания Капашева байқау ұйымдастырушыларының атынан ҚМИУ студенттерін байқауға дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 


«Қазақстан – бейбітшілік және келісім территориясы»

Қазақстан халықтары Ассамблеясының бастамасымен Қарағанды қаласында өткен «Қазақстан – бейбітшілік және келісім территориясы» атты бірінші ғылыми-практикалық конференцияға  Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері және оқытушылары қатысты. Біздің университет өкілдерінің жасаған баяндамалары үздік деп танылды.

Халықтар Достығы үйінде Қарағанды, Астана, Теміртау, Петропавл және т.б. қалалардан келген қатысушылар жиналды. ҚМИУ атынан конференцияға алты адам қатысты.

Конференция модераторы ретінде қарағанды облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғылыми-сараптау тобының төрағасы Вилен Молотов-Лучанский қатысты. Пленарлық отырыста Қазақстанның бірнеше жоғары оқу орындарының өкілдері баяндама жасады. Әрі қарай панелді сессиялар «Қоғамдық сананы жаңғырту идеясын жүзеге асырудағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлі», «Әлеуметтік мемлекеттік және ұлттық әл-ауқаттың Қазақстандық моделі» және «Төртінші өнеркәсіпті революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» бойынша жұмыс жалғасты. Іс-шараға облыстың қоғам қайраткерлері, этникалық және конфесиялы келісім мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, ғалымдар, докторантты, магистранттар және студенттер қатысты.

Тәжікстаннан келген ҚМИУ студенті Сухроб Ашуров «Қазақстан-тәжікстан арақатынасының шегі» тақырыбына арналған баяндамасын ұсынды, жетекшісі ҚМИУ «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к. Татьяна Семенова. Ол конференцияға өзінің ұлттық киімінде қатысты, бұл үлкен қызығушылық тудырды. Баяндама аяқтағлғаннан кейін бірнеше сұрақтар қойылды: «қазақстанда тәжіктерге деген қатынас қандай?», «Тәжікстанда қазақтар тұрады ма және олар қандай жағдайда өмір сүреді?», «Қазақстан-тәжікстан қарым-қатынасын дамыту үшін қандайц мемлекеттік ұйымдар және қорлар құрылған?».

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы  Динара Жанабергенованың жетекшілігімен ҚМИУ бірінші курс студенті Савелий Елефтериади «Теміртау қаласының дамуына гректердің қосқан үлесі», ал ҚМИУ оқытушысы  Магира Солтанның жетекшілігімен Саулет Куаныш «Жастар арасындағы толеранттылық мәселесi» тақырыбына арналған баяндамалар дайындады.

Конференция қортындысы бойынша резолюция қабылданды, ал барлық қатысушылар фотоға түсті және оларға сертификат тапсырылды.

 ҚМИУ баспасөз қызметі

kelisim.kz сайтынан конференция қатысушыларының фотосы


Шетелдік қонақтар: озық тәжірибе

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде студенттерге дәріс оқуға келген шетелдік оқытушылар үшін 4 мамыр күні университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды: оларға 3D-инжиниринг зертханасы, мұражай және инженерлі бейінді зертхана көрсетілді.

Токушима университетінің (Жапония) профессоры Акитоши Мочизуки өзінің отанында геотехникалық инженерия, былайша айтқанда топырақ механикасы бойынша дәріс оқиды. Қазіргі уақытта ол Л. Гумилев атындағы Еуразиялық университетінде шақырылған шетелдік ғылым ретінде дәріс оқиды. Қазақстанда профессор 30 шілдеге дейін болады, оның жылдық келісім шартының уақыты аяқталады. ҚМИУ Акитоши Мочизуки бір күнге келді, осы уақыт аралығында ол тек ғана университет және  оның ерекше зертханалық жабдықтарымен  ғана танысып қоймай, студенттерге болашақ құрылысшыларға дәріс оқыды. Қонақтың топырақты сынау кезінде центрифуганы қолданудағы тәжірибесі үлкен.

– Бұл техника 1936 жылы Кеңес Одағында жасалған, ал бүгінгі күні Жапония, Сингапур және Америкада әрі қарай жетілдірумен қолданылады. Бұрын КСРО құрамын кірген елдерде казір бұл процесс дамымаған, – дейді Акитоши Мочизуки. – Сіздің еліңіз қарқынды даму үстінде, оның рейтингісі жоғарлауда және оны әрі қарай жоғарлату өте маңызды. Қазақстанның білім саласында заманауи озық аспаптар және жабдықтарға деген қажеттілік үлкен. ҚМИУ студенттері менің дәрісім арқылы центрифуга жайлы, оның жұмыс жасау әдісі, осы аспапты қазақстанда қолдануға қатысты білген ақпаратына қызығушылық танытса қуанамын. Мен өзімнің тәжірибеммен бөлісуге дайынмын. Сонымен бірге Қазақстанда менің ғылыми бағытыма сәйкес жұмыс жасайтын жас ғалымдармен әрі қарай байланысты орнатуға және дамытуға дайынмын.

Профессор күрделі топырақты жағдайда ғимарат және құрылыстарға топырақтардың ығысу деформацияланудың әсер ету мәселелеріне қызығушылық танытты. Жапонияда еңістіктер және көшкін тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер өзекті. Осы мәселені шешуге профессор үлкен көңіл бөледі. Сонымен бірге ол іргетас негізіне түсетін күштер қабілетін зерттеумен айналысады. Профессор Акитоши Мочизуки  ҚМИУ профессоры Бауржан Базаровтың ғылыми зерттеулерінің бағыты, оның ішінде қазбалы аумақтарда ғимараттар құрылысын салу (Қарағанды облысының шахталарының үстіндегі) әртүрлі модификациялы коникалық іргетасты жасау мәселелеріне қызығушылық танытты. Казіргі уақытта Акитоши Мочизуки   және Бауржан Базаров бірге үшөсті сығу жағдайында компрессиялы түрдегі стабилометрмен топырақтың механикалық қасиеттерін зерттеумен айналысады.

Осы күні ҚМИУ студенттерінің алдына профессор Акитоши Мочизукимен бірге келген Л. Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің «Ғимарат және құрылысты жобалау» кафедрасының меңгерушісі профессор Аскар Жусупбековте дәріс оқыды. Ол біріншілердің қатарында Астана қ. жаһандық биік ғимараттар және құрылыстар жағдайында ерекше топырақта қадақтарды бұрғылаумен және қағумен қадау қондырғысы бойынша  озық геотехникалық тәсілді қолданған.

Осы күні профессорлар биік ғимарат және құрылыстың қадалы іргетастарына қатысты геотезникалық құрылыс және күрделі топырақ жағдайында оларды тестілеу мәселелерін талқылады.

– Топырақты сулар деңгейінің жоғары, күрт температуралық өзгерістер, ұзақ суық қыс және көктемгі топырақты сулардың жылдам еруі – осының барлығы ғимарат және құрылыстың іргетасына күші әсер етеді – дейді Аскар Жагпарович. – Мен өзімнің дәрісімде ерекше заманауи тестілеу әдістері жайлы айттым. Қарағанды қ. «Бесоба» шағын ауданында болған қайғылы жағдай қайталанбас үшін инженерлі-геологиялық зерттеулерге ерекше көңіл бөліп, оларды міндетті түрде орындау қажет екендігіне ерекше тоқталып өттім.

Дәрістен кейін қонақтарға университет тарихы жайлы ақпараттар ұсынылды. Университет ҚР Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  – Альма-матері және биыл 55 жылдық мерейтойы. Сонымен қатар ҚМИУ зертханаларындағы ерекше жабдықтар көрсетілді. Университет мұражайы және зертханалары бойынша ұйымдастырылған экскурсияға Каталония Политехникалық университетінің профессоры Жорди Касадемон қосылды, ол «Сымсыз желістер» бағыты бойынша «Эразмус+» бағдарламасы шеңберінде ҚМИУ студенттеріне дәріс оқу үшін келген. Сонымен қонақтар студенттермен ағылшын тілінде сөйлесті. Жапониялық қонақтан Жорди Касадемонның ерекшелігі ол өзінің дәрісін оқу барысында ғаламторды пайдаланды.

– Жақын уақытта сымсыз желіс жиі пайдаланылады – дедйді ол.  – барлық ғаламторға қосылуға қатысты бұл  барлық процестерді бақылауға мүмкіндік береді.

Қонақтар үлкен қызығушылықпен мұражай стендтерімен, оның ішінде Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа арналған оның студенттік және комбинаттағы жұмысы кезеңімен танысты. Университеттің зертханасында орналасқан 3Д-принтер, жоғары дәлділікті микроскоп және басқа жабдықтар таң қалдырды. Сонымен бірге шетелдік конақ Жорди Касадемонға Бірінші мамыр шеруіне қатысу, сол күні ауа-райы және қазақтың ұлттық тамағы бесбармақ ұнады.

Кездесу соңында Акитоши Мочизуки қазақстандық студенттердің дайындығын жоғары бағалады:

– Сіздер және біздің еліміз үшін халықаралық байланыс тілі үлкен мәселе. Егер де біз әсіресе ағылшын тілін жақсы игерсек, қарым-қатынас аумағы және ақпаратпен алмасу шеңбері кең және терең болатын еді. Бірақта сонымен бірге қазақстандық студенттердің ағылшын тілін игеру деңгейі жапондық студенттер деңгейімен салыстырғанда жоғары.

Светлана ЕГОРОВА

Автор фотосы


ҚМИУ командасы Жеңіс марафонына қатысты

Университеттің және ҚМИУ жанындағы Техника-экономикалық колледждің отыз студенті 10 мамыр күні «Жеңіс» марофонына қатысты. 2,5 км жүгіру жарысы Ұлы Отан соғысының 73 жылдық Жеңіс күніне арналды.

Марафон қалалық қорғаныс бөлімі маңындағы интернационалист-жауынгерлер ескерткішінен басталып гагарин алаңындағы Белгісіз солдат ескерткіші алдында аяқталды. Жарысқа 175 теміртаулықтар қатысты.

«ЕТжБҚ-16» тобының студенті Константин Галиулин 19-23 жастағы жастар арасында 1 орынды, ал «ЭЭ-17с» тобының студенті Алексей Устинов екінші орынды жеңіп алды.

Барлық топ бойынша жеңілпаздар сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Марапаттау шарасы ҚР Бірінші Президенті мұражайында салтанатты жағдайда жүзеге асырылды.

ҚМИУ баспасөз қызметі