“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Кафедра туралы

«Технологиялық машиналар және көлік» («ТМжК») кафедрасы 1975 жылы ұйымдастырылған. Ол кезде кафедра «Металлургиялық зауыттардың механикалық жабдықтары» («Металлургиялық машиналар және жабдықтар» («ММжЖ»)) деп аталды.

Кафедраның бірінші меңгерушісі қызметін 1978жылға дейін т.ғ.к. Кривобоков Владимир Николаевич атқарды. 1975 жылы кафедраны инженер-механиктердің 16 алғашқы түлектері бітіріп шықты.

1978 жылы кафедраны доцент Бурдов Алексей Иванович басқарды. 1978 жылы конкурс бойынша «МЗМЖ» кафедрасының меңгерушісі болып Илькун В.И. тағайындалып, бұл қызметті 1983жылға дейін атқарды.

Кафедраны әр кезде доцент Бурдов Алексей Иванович (1978 ж), Илькун Владимир Иванович (1978-1983 жж., 2000-2001 жж.); т.ғ.к. Атаманов Виктор Федорович (1983- 1996 жж.); т.ғ.д. Ичев Борис Рускович (1996-1998 жж.); т.ғ.к. Киманов Болат Мажитович (1998-2000 жж.); т.ғ.к. Илькун Владимир Иванович (2000-2001 жж.); т.ғ.к. Кузнецов Борис Сергеевич (2001-2005 жж.); т.ғ.к. Изместьева Ольга Алексеевна (2005-2006 жж.) басқарды.

2006 жылдан бері кафедраны т.ғ.к. Ноғаев Қайрош Әбілұлы басқарады. Қазіргі уақытта кафедра университет кешенінің екі корпусында орналасқан. Кафедрада 8 оқу зертханасы және 1 компьютерлік сынып бар. Оқу үрдісінде 65 стенд қолданылады.

1998 жылы «Металлургиялық машиналар және жабдықтар» («ММжЖ») кафедрасы мен «Өндірістік кәсіпорындардың механикалық жабдықтары» (бұрыңғы «Құрылыс және жол машиналары» кафедрасы)  кафедрасы біріктірілді. Өндірістік кәсіпорындардың механикалық жабдықтары» кафедрасын әр кезде доцент Бурдов Алексей Иванович, т.ғ.к. Петин Юрий Петрович,  т.ғ.к. Крюков Александр Александрович, т.ғ.к. Попов Владимир Григорьевич, т.ғ.к. Винник Анатолий Федорович, т.ғ.к. Вернер Александр Оскарович, т.ғ.к. Орынбасаров Амангельді Сатыбалдиевич басқарды. Біріктірілу нәтижесінде кафедрада тек металлургия саласымен қатар құрылыс және көлік салалары үшін де механик мамандар дайындай бастады.

Қазіргі уақытта кафедрада «Көлік, көліктік техника және технология», «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандықтары бойынша бакалаврлар және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша магистрлер дайындайды.

Кафедра түлектері өндіріс, ғылым, бизнес салаларында, басқарушылық және жетекшілік қызметтермен қоса, әртүрлі лауазымды қызметтерді атқарады. Олардың ішінде кафедраның келесі түлектерін атап өтуге болады: Карабалин А. А. – 1993-2001 ж.ж. Теміртау қаласының әкімі, Георгиади И. В. – облыстық маслихат депутаты, «Имсталькон-Темиртау» ЖШС директоры,  Лисицын Е.Г. – «Оптим кран Казахстан» БК ЖШС директоры, Каримхан Е.К. – «Шымкентхиммонтаж» АҚ вице-президенті, Зияшев С.И. – облыстық маслихат депутаты, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-да цех бастығы, Арысов Т.Ж. – «Құрылысмет» ЖШС басқарма бастығы және т.б.