“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Студенттер сенбілікке қатысты

[жариялау күні: 23.04.2018, 14:08:55, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

21 сәуір күні Теміртау қаласында кеңауқымды сенбілік өткізілді. Сенбілікке Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 250 студенті қатысты.

21 сәуір күні Теміртау қаласы және Қарағанды облысының басқада қалалары мен аудандарында территорияны тазалауға арналған сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке қаланың әртүрлі кәсіпорындары және ұйымдарының бірнеше мың өкілдері қатысты.

Осы күні Металлургтер монументі жанында жас ағаштарды отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Жас көшеттерді қаланың кәсіпкерлері, қоғамдық бірлестіктер, депутаттар, этномәдениет орталықтарының өкілдері, Қарағанды облысының Табиғатты ресурстар және жер қойнауын пайдалануды реттеу басқармасы сатып алды. Сонынмен бірге жол жиектері және балалардың ойын алаңдары сырланды.

Жас көшеттерді отырғызуға: Қарағанды облысының әкімі Е. Ж, Қошанов Е. Ж, Теміртау қ. әкімі Ғ.Ә.Әшімов,  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры  В.П.Басин, Қарағанды облыстық мәсилихаты  және Теміртау қ. мәслихатының депутаттары, «Нұр Отан» партиясының депутаттары, Қоғамдық кеңес, қалалық ұйымдарының өкілдері, «Жас Отан» ЖҚ белсенділері және көптеген қала тұрғындары қатысты. Осы іс-шараға ҚМИУ басшылығы, оқытушылары және студенттері де өз үлестерін қосты.

ҚМИУ баспасөз қызметі