“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 55 жылдық мерейтойына арналған «ҰЛТТЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТЫ» атты Х халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді

[жариялау күні: 30.11.2018, 19:53:47, жариялауды: Әкімшілік]

 

Ұлт Көшбасшысы, Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті күні қарсаңында 2018 жылдың 29 қараша күні ҚМИУ, Қарағанды мемлекеттік университетінің 55 жылдық мерейтойына арналған «ҰЛТТЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТЫ» атты  Х халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференция аясында индустриализацияландыру, өнеркәсіпке және білім саласына цифрлы технологияларды  енгізу, сонымен бірге «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Конференцияға Республиканың және алыс, жақын шетелдік, мысалы, Ресей, Германия, Голландия, Польша және Сирия елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Осы елдерден келген қонақтар, жетекші жоғары оқу орындары және кәсіпорындарының өкілдері ҚМИУ негізгі серіктестері.

Конференцияны өткізу аясында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен  3D-инжиниринг (осы жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде) зертхана-фабрикасының және СОТСБИ (ақпараттық банк және  телефондық желістердің сертификатталған жабдықтары) ақпараттық-коммуникациялық орталығының ашылу салтанаты өткізілді, осы орталықта оқытушылар және студенттерді жаңа ақпараттық бағдарламалар бойынша оқыту жүзеге асырылады. «Мұндай орталықтар Ресейдің жетекші техникалық университетттерінде: Мәскеу, Самара, Пермь, Екатеринбург, Астрахан, Ростов қ. жұмыс жасайды», – дейді Қазақ Ақпаратты коммуникациялар Академиясының президенті Шахмаран Сеилов.

Конференция алдында қонақтар Теміртау қ. Бірінші Президентінің Тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың студенттік және еңбек жолына арналған көрмесін тамашалады.

Конференцияның мәжілістік отырысын Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы Есенғазы Нұртөлеуұлы  Иманғалиев ашты.

Әрі қарай конференция қатысушылары, Мемлекет Басшысының серіктестері: ҚР Бірінші Сыртқы істер министрі, Төтенше және өкілетті елшісі, профессор, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің Құрметті профессоры, саяси ғылымдар докторы  – Төлеутай Ысқақұлы Сулейменов және ЖТОО-зауыт түлегі, ғылым және білім саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің Құрметті профессоры, техника ғылымдарының докторы-  Қабидолла Зұлқашұлы. Сарекенов сөз алды.

Конференция қатысушыларына Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевтің құттықтау сөзін Теміртау қ. Білім бөлімінің басшысының орынбасары Халипа Қорабайқызы  Жаудинова оқыды.

Әрі конференция қатысушыларын Еуропалық экономикалық комиссиясы Алқасының жанындағы Кеңесші комитеттің жауапты хатшысы, Ресей Жаратылыс ғылымдарының академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, Самат Бикітайұлы Алиев, «АрселорМиттал Теміртау»  АҚ атқарушы директоры Вадим Борисович Басиннің атынан «АрселорМиттал Теміртау»  АҚ техника бөлімінің басшысы Игорь Юрьевич Евтушенко құттықтады және ол атап өтті, … «Бұл конференция ғылым және өндірісті интеграциялауға жаңа екпін береді, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасындағы ынтымақтастықты жоғары деңгейге көтереді…».

Әрі қарай Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Конференция барысында Қазақ Ақпараттық коммуникациялар академиясының Президенті, Халықаралық байланыс академиясының академигі, профессор Шахмаран Жүрсінбекұлы Сеилов; Дамас университетінің (Сирия) Жоғары сейсмологиялық зерттеу (Hiers) институтының «Жер сілкінісінің геотехникалық инженериясы» кафедрасының меңгерушісі, Л.Н. Гумилёв атын. Еуразиялық Ұлттық университетінің ректорының кеңесшісі, «Кәсіпкерлікті дамыту және инновация» орталығының директоры, профессор Талал Аввад; Астрахан мемлекеттік университетінің «Агробизнес, ветеринарлық медицина және технологиялар» факультетінің деканы, Халықаралық инвестиция және құрылыс экономикасы академиясының нақты мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Равиль Каримұлыу Арыкбаев; Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры, Бахыт Ахатұлы Жаутиков баяндама жасады.

Конференция жұмысы 4 секция бойынша жүргізілді:

  1. Экспортқа бағытталған индустриализациялау: металлургия, жаңа материалдар және технологиялар (102 баяндама).
  2. Білім және индустрияны цифрландыру (22 баяндама).
  3. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының контексіндегі рухани-адамгершілікті құндылықтарды дамыту (28 баяндама).
  4. Өмір сапасын және кірісті арттыру негізі ретінде: болашақ экономикасы және инновациялық менеджмент (43 баяндама). Конференцияның жұмысшы тілдері: қазақ, орыс және ағылшын. Конференция еңбектерінің жиынтығында 194 баяндама жарияланды.

Біздің университеттің 55 жылдық мерейтойы, жоғары білім саласын дамытуға және білікті мамандарды дайындау бағытында қосқан үлесі үшін, Ғылымит кеңес шешімі негізінде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің Құраметті профессоры атағымен және Университет ректорының дипломдарымен марапатталды: Дамас университетінің (Сирия) Жоғары сейсмологиялық зерттеу (Hiers) институтының «Жер сілкінісінің геотехникалық инженериясы» кафедрасының меңгерушісі, Л.Н. Гумилёв атын. Еуразиялық Ұлттық университетінің ректорының кеңесшісі, «Кәсіпкерлікті дамыту және инновация» орталығының директоры, PhD, Талал Аввад; Астрахан мемлекеттік университетінің «Агробизнес, ветеринарлық медицина және технологиялар»факультетінің деканы, Халықаралық инвестиция және құрылыс экономикасы академиясының нақты мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Равиль Каримұлы Арыкбаев.

Жоғары  білім саласын дамытуға және білікті мамандарды дайындау бағытында қосқан үлесі үшін «Ахмет Байтұрсынов» атындағы төсбелгімен марапатталды: Мемлекет Көшбасшысы, ҚР Президентінің серіктестері, Төлеутай Ысқақұлы Сулейменов және Қабидолла Зұлқашұлы Сарекенов;  ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор – Алтын Аманжолқызы Айкеева; оқу ісі жөніндегі проректор – Галина Александровна Сивякова; «Құрылыс» кафедрасының меңгерушісі, профессор Бауржан Әнуарханұлы Базаров, «Жаратылыс-ғылыми пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Айжан Рыскелдіқызы Карипбаева.

ҚМИУ ректоры Б.А. Жаутиковтың атынан естелікті сыйлықтармен, құрметті ақсақалдар және Мемлекет Басшысының серіктестері: Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов, Қабидолла Зұлқашұлы Сарекенович, Куаныш Омашұлы Омашевич, Ермек Ыбраилұлы Төлеубаев, Тоқтархан Ыбрайұлы Искаков және Виктор Алексеевич Никонов марапатталды.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің алдында сіңірген ерекше еңбектері үшін, туған университеттерінің дамуына өз үлестерін қосқан, ҚМИУ түлектерінің қауымдастығының белсенді мүшелері университет ректоры Б.А. Жаутиковтың атынан Алғыс хатпен марапатталды:

– «СТЭКА» ЖШС директоры Василий Иванович Свиридов;

– «Магистраль 2010» ЖШС директоры Сейтхан Рустамбекұлы Сартбаев;

– «Везувиус» фирмасының өкілі Евгений Викторович Фролов;

– «Казмеханомонтаж-2» ЖШС директоры Әмір Сағидолұлы Давлеталиев;

– «Казтемирстрой» ЖШС директоры Болатбек Жанғалиұлы Сулейменов;

– «ТехолМонтаж» ЖШС директоры Сергей Валентинович Глазков;

– Теміртау қ. Жер қатынастары, архитектура және қала құрылысы бөлімінің жетекшісі Гүлмира Нұрмұқанқызы Күсенова;

– «Казавтоматика» ЖШС директоры Сергей Борисович Шестаков;

– «Темиртау электромонтаж» ЖШС директоры Евгений Яковлевич Арыков;

– «Пром Альп эксперт» ЖШС директоры Андрей Викторович Замиралов.

Конференцияның мәжілістік отырысының соңында қарар қабылданды, Ұйымдастыру комитетін, конференция жұмысының мазмұны және бағыты толық қанағаттандырады, мәжіліс отырысының және конференцияның барлық секцияларының жұмысы өздерінің алдын қойға міндеттерін жоғары дәрежеде орындады.

Сонымен бірге Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 55 жылдық мерейтойына және ҚР Президенті мен 1967 жылғы түлектердің оқу бітірулеріне арналған  мерейтойға қатысты көшпелі блокты инсталляциялы көрме жұмысын ұйымдастырды.

Инсталляция «Ұлттық бәсекелестік қабілеттілігі – халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі шарты» атты Х халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының бағдарламасының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды.

Инсталляция құрамында ҚМИУ құылған тарихынан осы күнге дейінгі тарихи құжаттар қарастырылған. Экспозицияда ЖТОО-зауыттың құрылғаны, оның ішінде Н. Назарбаевтың  Қазақстанның ЛКЖО X съезінде сөйлеген сөзінің стенограммасы, ЖТОО-зауыт студенті және түлегі Н. Назарбаевтың жеке студенттік ісі, Мәскеу қ. өткен Дүниежүзілік  жастар және студенттер фестивалінің еңбек акциясына қатысқандары туралы материалдар қойылған. Экспозиция 1960-80 жылдардағы оқытушылар және студенттерге арналған оқу құралдары, жастар фестивалінің қатысушыларының еңбек акцияларына қатысушылардың униформалары қойылған. Экспозиция соңында ҚМИУ түлектері еңбек ететін елдер және қалалар белгіленген Әлем картасы қойылған.

Экспозициялардың жоғары мазмұнына конференцияның құраметті қонақтары жоғары баға берді, оның ішінде Мемлекет Басшысының серіктестері: ҚР Бірінші Сыртқы істер министрі, Төтенше және өкілетті елшісі, профессор, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің Құрметті профессоры, саяси ғылымдар докторы  – Төлеутай Ысқақұлы Сулейменов және ЖТОО-зауыт түлегі, Ғылым және білім саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің Құрметті профессоры, техника ғылымдарының докторы-  Қабидолла Зұлқашұлы. Сарекенов, ҚМИУ ректоры, т.ғ.д., профессор Б.А. Жаутиков, Ресей, Германия, Голландия, Польшя, Сирия елдерінен келген ғалымдар.

Экспозиция жұмысын 520 адам тамашалады.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

30.11.2018, 19:53:47, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар