“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Біздің қонақтар

[жариялау күні: 29.05.2018, 16:28:07, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетіне шетелдік қонақтар – халықаралық білімдік «Синергия» жобасының қатысушылары болды.

Халықаралық университеттік желісті «Синергия» жобасы – бұл заманауи мүмкіндіктер және технологияларды қолданумен жаңа оқыту қағидалары негізінде әзірленген қазіргі кездегі инженерлерді дайындауға қатысты жаңа тәсілдер. Жобада қарастырылған тәсілдер техникалық нысандарды автоматты басқару, мехатроника, робототехникамен, сонымен бірге автоматтандыру және өндірісті интеллектуализацияландырумен байланысты маңызды  инженерлік саланы табысты дамыту қарастырылған, ол отандық кәіпорындардың технологиялық мүмкіндіктері және еңбек өнімділігін арттыруға арналған базисті құрайды.

Жобаны жүзеге асырудағы негізді құрамдастар: бакалаврлар, магистранттар және аспиранттарды теориялық дайындауды кеңінен ұйымдастыру, желісті оқу және оқу-әдістемелік базалар бірлестіктерін қалыптастыру; студенттер және аспиранттардың ҒЗЖ және зертханалық практикум, практикалық сабақтарды өткізуге арналған желісті материалды-техникалық кешендерді жасау. Ғылыми-зерттеуді ұйымдастырудың желісті технологиясын жүзеге асыру және сынақтан өткізу; отандық кәсіпорындар және ғылыми ұйымдарға арналған түлектерді арнайы техникалық дайындаудағы ерекшеліктерді анықтау; әзірленген желісті технологиялар базасында кәсіби бағдарлау жұмысын белсенді жүзеге асыру.

ҚМИУ келген делегация құрамында – Задар университетінің (Хорватия) профессорлары Бранко Каталинич және Анте Углесич, сонымен бірге Мостар университетінің (Босния және Герцеговина) професоры  Лерка Остоич болды. Бранко Каталинич Халықаралық инженерия академиясының Орталық-еуропалық филиалның президенті, Festo  компаниясының атқарушы кеңесшісі және  «Synergy» желісінің үйлестірушісі. Қонақтардың қасында ҚарМТУ кафедра меңгерушісі, ҚарМТУ-Фесто-Синергия» республикалық орталығының жетекшісі  Иосиф Брейдо болды.

Қонақтар үшін ҚМИУ экскурсия ұйымдастырылды, олар өндірістік алаңдар және ерекше зертханалық жабдықтармен танысты. Профессорлар назарына университеттің материалды-техникалық базасы және кадрлар құрамы жайлы толық ақпарат ұсынылды. Жақын болашақта ҚМИУ әлемдік практикада ең үлкен және табысты халықаралық университеттік желісті «Синергия» жобасының қатысушылары құрамына қосылады.

ҚМИУ баспасөз қызметі