“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиын өтті

[жариялау күні: 14.12.2017, 18:22:50, жариялауды: Әкімшілік]

 

Мерекенің қатысушылары Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің  оқытушылары мен студенттері, ал Құрметті қонақтары – ҚР Тұңғыш Президент серіктестері және басқа да құрметті теміртаулықтар болды.

 Осы күні қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласқаны үшін Теміртау қаласының әкімінің Құрмет грамоталарымен ҚМИУ-дің оқытушылары: «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Өтепберген Артықбайұлы Артыкбаев; «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Юрий Иванович Шишкин; «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Анатолий Корнеевич Торговец; «Химиялық технологиялар және экология» кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Нина Федосеевна Гавва марапатталды.

Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін және Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар: оқу ісі жөніндегі проректор, профессор Сивякова Галина Александровна; «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының меңгерушісі, профессор Ольга Николаевна Кривцова; «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Оксана Николаевна Гуменчук; «Қазақ, орыс және шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Алтынай Қасымқызы Жүнісова; ҚМИУ жанындағы техникалық-экономикалық колледжінің директоры Сапар Бағдатұлы Хамитов; «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының доценті Артем Владимирович Гурушкин; инфрақұрылымды пайдалану және дамыту департаментінің директоры Ердос Сағатұлы Айтбаев.

Адал білікті қызметі үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, ҚМИУ ректорының алғыс хаттарымен инфрақұрылымды пайдалану және дамыту департаментінің қызметкерлері: Мейрамбек Нұрғалиұлы Қосаев, Айбек Шакизатович Ильясов, Аяужан Аубакировна Мажкенова, Николай Николаевич Гасилов, Сания Султановна Карабаева, Венера Анваровна Хасанова, Айнур Алимхановна Шушибаева марапатталды.

Биылғы жыл ҚМИУ үшін ерекше: 1967 жылы ЖТОО-зауытын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы бітіргеннен бері 50 жыл өтті. 1 желтоқсан қарсаңында университетімізде ауқымды халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, оның қонақтары мен қатысушылары Мемлекет басшысының серіктестері, Қарағанды облысының әкімі Қошанов Ерлан Жақанұлы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев, шет елдердің жетекші профессорлары, Қарағанды облысы мен Теміртау қаласының еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары және қоғам қайраткерлері болды. ЖТОО-зауытының 1967 жылғы түлектерінің «алтын» мерейтой құрметіне Қазақстанның тәуелсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан түлектер туралы ҚМИУ-да кітап шығарылды. 13 желтоқсанда салтанатты жиында кітаптың тұсаукесері өтті. Сахнаға құрметті қонақтар, Мемлекет басшысының әріптестері Қуаныш Омашұлы Омашев, Ермек Ыбраилұлы Тулеубаев, Тоқтархан Ыбрайұлы Искаков және Никонов Виктор Алексеевич, сондай-ақ кітапты жасауға белсене қатысқан – профессор Оксана Николаевна Гуменчук шақырылды.

ҚР Тәуелсіздігінің 26-жылдығы қарсаңында ҚМИУ студенттері республикалық және облыстық жарыстарда керемет нәтижелер көрсетті. Белсенді азаматтық ұстанымы, қаланың қоғамдық-саяси өміріне қатысқаны, жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін Теміртау қалалық мәслихатының Құрмет грамоталарымен Еламан Қайым, Айбибі Ақберген, Нұрхан Талғат, Сабит Райымбеков, Вячеслав Ким, Айгерим Абилхасымова, Василий Ким, Сұңқар Авижат, Талант Биғалиұлы марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

IMG_0516 IMG_0513 IMG_0486 IMG_0450 IMG_0440 IMG_0434 IMG_0421 IMG_0404 IMG_0358 IMG_0319  IMG_0315 IMG_0314

 

 

14.12.2017, 18:22:50, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар