“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Конкурс жеңімпаздарына – гранттар мен оқуға жеңілдіктер

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Мамандықты таңдай – тағдырымды таңдаймын» атты эссе конкурсы өтті. Оның қорытындысы бойынша №19 ОМ түлегі Алейникова Валентина ҚМИУ жанындағы Техника-экономикалық колледжінде (ТЭК) бірінші курста оқуға ректор грантын иеленді, ал бірнеше адам университеттің бірінші курсында оқу үшін жеңілдіктер алды. 

Дәстүрге айналған және екі тілде жүргізілетін бұл конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы шеңберінде жастардың белсенді азаматтық-патриоттық ұстанымын қалыптастыру.

Конкурстық комиссияның құрамына кіргендер: төрағасы – тәрбие ісі және жастар саясаты жөніндегі Департамент директоры М.М. Салпенова; төраға орынбасары – ТЭК директорының орынбасары Т.К. Акишев; «ҚТ ж ӘГП» кафедрасының меңгерушісі О.Н. Гуменчук; «ҚО ж ШТ» кафедрасының меңгерушісі Н.А. Абдикарим; комиссия хатшысы – тәрбие ісі және жастар саясаты жөніндегі Департамент маманы Н. Е. Попова.

Конкурстық комиссияның алдында қала және облыстың жалпы білім беру мектептерінің түлектері қатарынан жеңімпаздарды айқындау бойынша оңай емес таңдау жасау міндеті тұрды. Алдымен конкурстық жұмыстар қарастырылды және олардың ең үздіктері іріктеліп алынды. Сосын сайыскерлер өздерінің эсселерін жеке таныстырды, содан кейін география бойынша тестілеуден өтті. Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелері міндетті түрде ескерілді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Валя Алейникова үздік деп танылды. Енді ол техника-экономикалық колледжінде “Есеп және аудит” мамандығы бойынша бірінші курста тегін оқитын болады. Егер қыздың емтихандық сессияның қорытындысы бойынша “үштік” болмаса, онда ол одан әрі грантта қалады.

Екінші орынды экономист болуды жоспарлап отырған БТКЛ түлегі Әнуар Қазбеков иеленді, ол ҚМИУ-да оқуға 50 пайыздық жеңілдік алды. Үшінші орынды Кристина Кучеренко (№19 ОМ), Ақерке Куанышбекова (№9 ОМ) және Әлия Мадкен (№5 ОМ) өзара бөлісті. Қыздар ҚМИУ-да оқуға 25 пайыздық жеңілдік алды. Аталмыш жеңілдіктер әзірге тек бірінші курста ғана жарамды. Егер барлық жеңімпаздар оқу барысында жақсы нәтижелер көрсетсе, онда жеңілдіктер оларға әрі қарай берілетін болады.

Аталған конкурстың жеңімпаздарын құттықтау 1 қыркүйек 2018 жылы сағат 11.00-де ҚМИУ жаңа корпусының акт залында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиналыста өтеді.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Алға, жоғары білімге!

15 және 16 шілдеде ҚМИУ базасында талапкерлерді кешенді тестілеу екі ағынмен өтті. Оған 334 адам қатысты, олардың жартысы шекті деңгейден асып, енді жоғары білім ала алады.

Бірінші ағында өткен жылдардың орта мектеп бітірушілері тестілеу тапсырды. Ең жоғарғы балл-81, орта – 40,3 құрады.

Екінші ағында ТжКБ базасында, ең жоғары балл – 48, орта– 23,94.

Кешенді тестілеуді сәтті тапсырғандар мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысуға құқығы бар. Құжаттарды қабылдау шілденің 18-26 аралығында өтеді.

Өту балын жинамаған талапкерлер тамыз айында қайтадан тестілеуден өтуге және ақылы бөлімге түсуге болады, ол үшін 3 тамызға дейін университеттің қабылдау комиссиясына жүгіну қажет.

ҚМИУ баспасөз қызметі


«Білімді ел» газетіндегі жарияланым


Сәкен оқулары

ҚМИУ-да 16 шілде  «Сәкен оқулары» конкурсы өтті. Оның қатысушылары көрнекті қазақ жазушысы, ақын және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын оқыды, сондай-ақ домбыраның сүйемелдеуімен орындады.

Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық мұрасын зерттеуге бағытталған конкурстың ұйымдастырушылары Теміртау қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тілдерді үйрену орталығы болды. Іс-араға 60-тан астам адам қатысты, олардың арасында Теміртау қ. ақсақалдар кеңесінің өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшелері, студенттік жастар болды, олар үшін Сәкен Сейфуллиннің бейнесі – бұл Қазақстан поэзиясының жарқын беттерінің бірі.

Қатысушылар заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы шығармаларын орындаумен қатар, оның жарқын, бірақ өте қысқа өмірінің санаулы белгілі сәттері туралы да айтты. Өкінішке орай, Сәкен Сейфуллин 1938 жылдың сәуірінде Алматыдағы ІІХК түрмелерінің бірінде «халық жауы» ретінде атылған. 1957 жылы КСРО Жоғарғы Сотының Әскери Алқасымен қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.

Ақсақалдар Ілияс Баймырзаев пен Қасым Ботанов Сәкен Сейфуллиннің ұлы шығармашылық мұрасын және Қазақстан Республикасының ағарту ісіне қосқан зор үлесін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


«Казахстанская правда» газетіндегі жарияланым