“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚМИУ «Джанлуиджи Магнитофон» құрамасы Орталық Лиганың ¼ финалына шықты

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні Челябинск қаласында Орталық Орал КВН лигасының жаңа маусымы өтті.

¼ финалына шығу үшін біздің ҚМИУ «Джанлуиджи Магнитофон» құрамасы – Башкирия, Омск, Астана, Тюмень, Қорған, Томск, Челябинск және Латвия командаларымен күресті.

Командалармен тәжірибелі редакторлар: Михаил Гуликов (Премьер-Лиганың редакторы), Артем Скок («Парапапарам») және Ильгам Рысаев («4 татарина») жұмыс істеді. Көңілді және тапқырлардың фестивалінің жүргізушісі блогер, бұрынғы КВНщица және лиганың қазылар алқасының тұрақты мүшесі – Наталья Краснова болды.

Зал біздің құраманы жылы қарсы алды. Фестиваль соңында қзылар алқасы «ДЖанлуиджи Магнитофон» ойынын жоғары бағалап, Мәскеуге Орталық Лиганың ¼ финалына жолдама берді.

ҚМИУ-нің «Джанлуиджи Магнитофон» құрамасын құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

09.03.2019, 11:57:23, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Теміртауда ерекше іс-шара өтті

2019 жылы 7 наурызда Мәдениет Сарайында «Қанатты әйел» атты театрландырылған әдеби-музыкалық қойылым өтті. Қойылым режиссері КСРО-ның Қазақстандық моделі – Аспет Омарқызы Хаймулдина болды.

Аталған іс-шараның тұжырымдамасы қазақтың ұлттық киімдерін, бархаттан шыққан сәнді кешкі көйлектер мен қолдан жасаған әшекейлер және әлемнің әр түрлі халықтарының ұлттық киімдерін ұсынатын эксклюзивті авторлық киімдер жиынтығының театрландырылған көрсетілімінде болды.

Іс-шараның ерекшелігі модельдер кәсіби емес, қала мекемелер  мен ұйымдарының қызметкерлері болды. Біздің университетімізден модель ретінде халықаралық ынтымақтастық департаментінің Эразмус+ маманы Агилбаева Әсел және баспасөз хатшысы Көлбаева Салтанат шықты.

Коллекцияларды көрсету «Қырық сақ патшайымы» кітабының авторы Сәуле Сүйлеменқызының өлендерімен сүйемелденді.

Шара соңында Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әбиханұлы Әшімов құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік көңіл-күй құттықтау баспасөз қабырғасы орнатылған фойеде қойылды. Көрермендер залына кіре берісте біздің сымбатты студенттер құттықтап, барлық әйелдерге гүл шоқтары мен қала мектептерінің оқушыларының қолымен жасалған құттықтау хаттарын табыс етті.

ҚМИУ баспасөз қызметі

07.03.2019, 17:23:02, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Құрметті ұстаздар және білім беру саласының қызметкерлері! Қымбатты қыз-келіншектер!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

06.03.2019, 19:15:37, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ-де 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

5 наурыз күні университетте аяулы қыздар мен әйелдерді құтықтады. Таң студенттер ұйымдастырған ерекше құттықтаудан басталды: кіре берісте әрбір қызды және әйелді «Құттықтаймыз!» деп айқалап, әуе шарды сыйға тартты. Бұл құттықтау күні бойы жақсы көңіл күй сыйлады.

Осы күну мерекелік концерт ұйымдастырылып, іс-шараның ресми бөлімінде университет ректоры Жәутіков Бахыт Ахатұлы құттықтау сөз сөйлеп, университеттің керемет жартысына зор денсаулық, жағымды көңіл-күй және шексіз бақыт тіледі.

Дәстүр бойынша алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапаттау рәсімі өтті. Жоғары білімді дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хатымен «Электроэнергетика, Автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының меңгерушісі Ющенко Олеся Александровна марапатталды. Қызметіне деген жауапкершілігі үшін ҚМИУ ректорының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды:

«Химиялық технология және экология» кафедрасының профессоры Гавва Нина Федосеевна;

«Құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы Мезенцева Анастасия Владимировна;

– кітапханашы Шамаева Татьяна Викторовна;

«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының аға оқытушысы Исабекова Гүлнар Жұмадоллақызы;

– «Менеджмент және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Алдабаева Әсем Егінбайқызы;

– Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Эразмус+ сектор жетекшісі Даирбекова Гүлдана Сүйіндікқызы;

– Техникалық-экономикалық колледж оқытушысы Ембергенова Алмагүл Қалмағамбетқызы;

– «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы Омарова Гүлмира Бауыржанқызы;

«Химиялық технология және экология» кафедрасының аға оқытушысы Арбуз Галина Сергеевна;

–  техникалық-экономикалық колледжінің оқытушысы Дудникова Ирина Ивановна;

– «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының лаборанты Қыдырбаева Салтанат Жайсанбекқызы;

– техникалық-экономикалық колледжінің офис-тіркеушісі Ажикова Жанар Дулатқызы;

– инфрақұрылымды дамыту және пайдалану департаментінің қызметкерлері Ахметбаева Гүлнар Рысбайқызы, Боранова Замира Қалмұратқызы, Еримбетова Ахзира Абдреевна, Хамит Гүлзира.

Қарағанды облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ жұмысына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының лаборанты Түспаева Гульжамал Жақсылыққызы, адам ресурстраы Департмаентінің инспекторы Абельдинова Гульнар Алпысқызы, инфрақұрылымды дамыту және пайдалану департаментінің қызметкері Мажкенова Аулым Аубакировна марапатталды.

Іс шараға қатысушыларға Қарағанды қаласы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері ең әдемі әндер сыйлады.

Көрермендер залда әншілерге ән шырқады, әрине, осы тамаша күні аналарға, көктемге, қуаныш пен махаббатқа арналған әндер шырқалды.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

06.03.2019, 10:01:27, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Хабарландыру

05.03.2019, 10:19:26, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар, Объявления