“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ-дің 5 студенті білім гранттарына ие болды

[жариялау күні: 26.02.2018, 16:07:40, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

2017-2018 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы нәтижесінде жоғары білім алу үрдісінде босатылған бос білім гранттары бұрын ақылы негізде оқитын Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің бірнеше студентіне тағайындалды.

Бос білім грантын иеленушілер: Ақерке Нурланова және Жібек Абуова («Автоматтандыру және басқару-16к» тобы), Мақпал Берденбаева («Машина жасау-15к-2» тобы), Рамазан Мамыров («Электроэнергетика-16к» тобы) және Аян Шерметов («Құрылыс-16к» тобы).

Бұл маңызды іс-шарамен, тегін оқитын студенттерді ҚМИУ ректоры Б.А.Жәутіков құттықтады.

– Мен ҚМИУ-ға жақсы маман болу үшін түстім. Маған грант тағайындалғанын білгендегі көңіл-күйімді сөзбен жеткізу мүмкін емес, соншалықты қуандым – дейді Жібек Абуова. – Біздің университетіміздің басшылығына өте ризамын. Сенімін ақтауға тырысамын.

– Біздің мемлекет Басшысы бітірген университетте оқитынымды мақтан тұтамын деп, – әңгімеге Рамазан Мамыров қосылады. – Әрине, мен грантқа ие болғаныма қуаныштымын және университет ректоры өзі бізді құттықтады – бұл үлкен абырой.

– ҚМИУ-да оқу – бұл мейірбан студенттер, қайырымды оқытушылар, қамқор декандар мен олардың орынбасарлары. Мұнда оқу – бәрі бір-бірін жақсы біледі және бір үлкен бақытты отбасы өмір сүреді, – дейді Ақерке Нурланова. – Гранттың берілгені туралы білген сәттегі менің эмоцияларымды сөздермен жеткізе алмаймын. Қуанышымда шек жоқ! Енді мен одан да көп тырысамын.

ҚМИУ баспасөз қызметі