“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ!

[жариялау күні: 27.07.2018, 14:12:03, жариялауды: Әкімшілік]

Көңіл аударыңыз!

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті магистратура және докторантураның келесі мамандықтары бойынша құжаттарды қабылдайды:

МАГИСТРАТУРА

6М070900 Металлургия 20
6М071000 Материалтану және жаңа метариалдар технологиясы 2
6М071200 Машинажасау 8
6М072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 2
6М072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша) 10
6М072900 Құрылыс 4
6М073100 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 6

ДОКТОРАНТУРА

6D070900 Металлургия 7
6D074000 Материалтану және жаңа метариалдар технологиясы 3

ҚМИУ магистратурасына оқуға қабылдау конкурс негізінде оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Магистратура бойынша құжаттарды қабылдау 3 мен 31 шілде аралығында жүзеге асырылады. Оқуға түсу емтихандары 10 мен 20 тамыз аралығында өткізіледі. Оқуға қабылдау 25 тамызға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

ҚМИУ магистратурасы жәнеи докторантурасына оқуға түсу үшін үміткерлер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) мекеме басшысының атына жазылған өтініш, шетел тілі бойынша оқуға түсу емтиханы тапсырылатын қала атауы көрістеледі;

2) жоғары білім туралы құжат көшірмесі;

3) шетел тілі бойынша (болған жағдайда) тест тапсырылған халықаралық сертификат көшірмесі;

4) еңбек өтілін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) және кадр есебі бойынша жеке парақша;

5) 3×4 өлшемді алты фотография;

6) 086-У үлгілі медициналық анықтама (ФШК суреті);

7) жеке куәлік көшірмесі;

8) ғылыми және ғылыми әдістемелік жұмыстар тізімі (болған жағдайда).

 

Аталған құжаттар көшірмесімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары да тапсырылады.

Қабылдау комиссиясының телефоны: 8(7213) 91-42-34