“Осыдан жарты ғасыр бұрын, кезінде жоғары техникалық оқу орны атанған осы университетті бітіріп, өндіріске жолдама алған түлектердің қатарында өзімнің де болғанымды мен әрдәйым зор мақтаныш сезіммен еске алып жүремін.”

Н. Ә. Назарбаев

Ректордың блогы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрлард...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ ИБРАГИМОВ САТЫБАЛДЫНЫ ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН, ҚМИУ-ДЕ «ПЕРВОКУРСНИК – 2019» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

2019 жылдың 9-18 қазан аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің спорт ғимаратында жыл сайынғы «Первокурсник – 2019» Спартакиадасы өткізілді.

Биыл спартакиада, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Ибрагимов Сатыбалды еске алуға арналды.

Іс-шараның негізгі мақсаты-оқушылардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыру, спорттың әр түрі бойынша университеттің құрамаларын қалыптастыру, сондай-ақ студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Бір апта бойы университеттің спорт алаңдарында университет факультеттерінің үш командасы («Металлургия және машина жасау», «Экономика және құрылыс», «Энергетика, көлік және басқару жүйесі») және ҚМИУ жанындағы Техникалық-экономикалық колледж оқушылары арасында спорттың келесі түрлері: волейбол, баскетбол, дойбы, шахмат, тоғыз – құмалақ, үстел теннисі, футбол және спорттық ойын-сауық эстафеталары бойынша біріншілік үшін белсенді күрес жүргізілді.

 

Спартакиада қорытындысымен 8 спорт түрі бойынша, орындар келесі түрде бөлінді:

 

 Волейбол – 9, 11 қазан 2019ж.

 

Ұлдар

1 орын – ЭКжБЖФ 

2 орын – ЭжҚФ

3 орын – МжМФ

Қыздар

1 орын – ЭКжБЖФ 

2 орын – ТЭК

3 орын – МжМФ

Ең үздік ойыншы-Исин Рахат деп танылды.

 

 

 

 

Баскетбол – 10 қазан 2019ж.

1 орын – ЭКжБЖФ 

2 орын – МжМФ

3 орын – ЭжҚФ

        

Үздік ойыншы болып Жандильдин Асанали деп танылды .

 

Футбол – 14 қазан  2019ж.

1 орын – ЭжҚФ

2 орын – МжМФ

3 орын – ЭКжБЖФ

 

Үздік ойыншы болып Әбін Дінмухамед деп танылды .

 

Спорттық-ойын-сауық эстафетасы  – 18 қазан 2019ж.

 

1 орын – ЭжҚФ

2 орын – ЭКжБЖФ

3 орын – МжМФ

 

Шахматтан жеке біріншілік – 10 қазан  2019ж.

Ұлдар

1 орын-Ағабек Е. – БИ – 19к

2 орын-Жолдасбек – БИ – 19-2

3 орын – Кузьмин В. – ӨТЖ – 19

Қыздар

1 орын – Темир Г. – ФӨТ – 19-к -1

2 орын – Ермек К. – ФӨТ – 19-к 3

 

Дойбыдан жеке біріншілік – 10 қазан 2019ж.

Ұлдар

1орын-Ағабек Е. – БИ – 19к

2 орын-Ілісбай А. – ФӨТ – 19к

3 орын – Муталов Е. – БИ – 19к

Қыздар

1орын- Хадырбай У. – ФӨТ – 19к-3

2 орын- Миейердек Н -– БИ-19к

3 орын – АбылкаироваН – МҚӨ – 19к

 

 

 

Тоғыз – қумалақтан жеке біріншілік –10 қазан 2019ж.

 

Ұлдар

1 орын – Шукерхан А.ҚММ – 19к

2 орын – ӘбІн Дінмухамед – БИ – 19к

3 орын – Ыбрай Аблайхан – ФӨТ – 19к

Қыздар

1 орын – Заздравных Аиша – ТЭК

2 орын – Ниябек Аружан – ФӨТ – 19к

3 орын – Толегенг Жанна – ФӨТ – 19к

 

Үстел теннисінен жеке біріншілік – 14 қазан  2019ж.

Ұлдар

1 орын и 2 орын- Әбін Дінмухамед – БИ-19к

3 орын –Кұттыбай жумахан – БИ-19к

Қыздар

1 орын-Хафизова Диана – ЕжА – 19

Хафизова Диана – ЕжА-19 тобының студенті  абсолютті чемБИон деп танылды.

 

Жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздары Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері, спорт қоғамы мен спорт ардагерлері кеңесінің басшысы , Қазақстан Республикасының садақ ату федерациясының Вице-президенті Кемелбек Момынұлы Сүйімбаев ұсынған грамоталармен және медальдармен марапатталды.

 

«Первокурсник» спартакиадасы алғаш рет өткізіліп отырған жоқ, осы уақыт ішінде ең жарқын және маңызды корпоративтік дәстүрлердің бірі болып табылады. Жарыстың әртүрлілігі, эмоциялық өрлеуі, спорттық күрестің жоғары шыңы, мереке атмосферасын құруға ықпал етті, өйткені Спартакиада тек жарысқа қатысушыларға ғана емес, сонымен қатар көрермендерге де үлкен жағымды әсер берді.

 

Спартакиаданың барлық қатысушыларын жарыстың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!

Сіздерге жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

 

ҚМИУ баспасөз қызметі


УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ «МУЗЫКАЛЫҚ САРЫАРҚА» ХХІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

2019 жылы 17 қазанда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ұжымы Новосібір мемлекеттік филармониясының орыс академиялық оркестрінің ХХІ халықаралық «Музыкалық Сарыарқа» фестиваліне қатысты, өткізу орны Теміртау қаласының Мәдениет сарайы болды.

Новосібірдің ескі музыкалық ұжымы 1927 жылы бірінші Сібір радиохабар компаниясының жанында құрылды. Оркестрдің ұйымдастырушысы-Василий Гирман. Ал 1976 жылдан бастап ұжымды Владимир Гусев басқарады.

Маэстро-оркестрдің көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі – Владимир Гусев және Бүкілресейлік дирижерлер конкурсының лауреаты-Рустам Ділмұхамедов концертті өткізу кезінде залдың көрермендеріне түрлі стильдер мен жанрлардың музыкасын: классикалық, халықтық, үрмелі және джаз дирижерлығымен тәнтті етті.

Оркестрде ХІХ ғасырдың соңында қалыптасқан ұлттық орыс оркестрінің барлық құралдары ұсынылды. Оркестр өзінің орындаушылық мәнері бар, ол қатал, ұстамдылық пен тонның асылдығынан, ән айту мен дыбыстың жылулығынан, жеке аспаптың жарықтығынан ерекшеленеді. «Академиялық» құрметті атағы бар Ресейдегі төрт халық аспаптар оркестрінің бірі болып табылады.

Фестивальдің концерттік бағдарламасында 18 музыкалық шығарма орындалды:

  1. Моцарт Увертюр. «Театр директоры» – орыс академиялық оркестрінің орындауында, Бүкілресейлік байқаудың лауреаты Рустам Ділмұхаметовтың дирижерлығымен.
  2. Д.Россини. «Севильдік цирюльник» операсынан «Фигаро Кавантина» – Новосібір ГАТОБТ солисті, халықаралық конкурстардың лауреаты Гурия Гурьевтың орындауында.
  3. П.Чайковский. «Опричник» операсынан «Опричник биі»
  4. А. Феррарис, сөзі.Е.Гребёнкин «Очи черные».
  5. А. Белокуров. «Боярыня – Барыня» – балалаек дуэтінің орындауында: Ресей халық әртісі Андрей Гуревич және бүкіл ресейлік халықаралық байқаулардың лауреаты Вадим Шелепов балаек дуэтінің орындауында.
  6. Б.Барток. №1 Сюитасы Финал – Орыс академиялық оркестрінің орындауында, бас дирижер-Росияның халық әртісі, профессор Вадим Гусевтің дирижерлығымен.
  7. Е. Подгайц «Зима» , «Времена года в Москве» концертінен – Новосібір ГАТОБТ солисті, халықаралық конкурстардың лауреаты Ирина Новикованың орындауында.
  8. Х.М. Кано «Дитя луны».
  9. Х.Хименес «Цапатеадо».
  10. С.Сиротин. «Утесов – Фантазия» – Орыс академиялық оркестрінің орындауында болды.

Оркестр ұжымын шын көңілмен қабылдады, әрбір қойылым көрермен қатты овациялармен сүйемелденді. Зал үлкен шаттыққа бөленді.

Концерттен кейін көрермендер үйлеріне риза болып кетті, көптеген адамдар Ресей Федерациясындағы төрт халық аспаптар оркестрінің бірі болып табылатын Новосібір ең танымал және ескі музыкалық ұжымдарымен бірге Ұлы музыкаға жанасудан эмоцияларын тежей алмады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Қала күнімен!

 

Құрметті теміртаулықтар!

 

Сіздерді Қала күнімен құттықтаймыз. Аз уақыт ішінде шағын жұмысшы кенті дамыған әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымы және өзінің мәде-ни мен еңбек дәстүрлері бар заманауи және шағын қалаға өсті.

Қазақстанның көптеген қалалар қатарынан Теміртау қаласы ерекше орын алады. Тарихи өлшем бойынша шағын, толы өмір оқиғалары Қазақстан Республикасының қалыптасуынан ажырағысыз.

Теміртау Қазақстанда және одан тысқары елде Қазақстан Республика-сының Президенті Н.Назарбаевтың, оның еңбек қызметінің едәуір бөлігі өт-кен қала ретінде танымал.

Мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, Теміртау қаласының және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа та-быстар тілейміз.

 

Б. Жәутіков
Қарағанды мемлекеттік индустриялық
университетінің ректоры


Қымбатты біздің ардагерлер!

Қымбатты біздің ардагерлер!

Сіздерді Қарттар күнімен құттықтаймыз! Бұл күні біз белсенді өмірлік ұстанымның арқасында, тынымсыз еңбегімен, сарқылмас оптимизммен, біздің еліміздің болашағын құрған адамдарға құрмет көрсетеміз.

Аға буын адамдары –біздің ерекше мақтанышымыз, өйткені олардың көпшілігі өз еңбек қызметін аяқтап, жастарды тәрбиелей, құнды өмірлік тәжірибесін сақтай және бере отырып, белсенді қоғамдық өмірін жалғастыруда. Сіздердің даналық пен тәжірибелеріңіз біз және біздің жастар үшін құнды.

Өмірден қуаныш, бақыт және үлкен ләззат алу үшін жастың кедергі болмауын тілейміз! Сіздерге әр күні таңертең және күні бойына көтеріңкі көңіл-күй, туған-туыс пен жақын адамдардың махаббатын, құрмет пен түсіністік тілейміз!

 

Б. Жәутіков
Қарағанды мемлекеттік индустриялық
университетінің 
ректоры


«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.

Бағдарлама мақсаты – еліміздің еңбек ресурстары мол оңтүстік өңірінің жастарын оқытумен (Алматы, Түрікстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) кадрлар жетіспейтін шығыс, солтүстік және батыс өңірлерінде жұмыспен қамтамасыздандыру.

2015 жылдан бастап Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасына техникалық мамандықтар бойынша біздің Қарағанды мемлекеттік инлдустриялық университетті де қатысады.

2015 жылы ҚМИУ 8 мамандық бойынша 300 грант бөлінді. Оның 01.09.2015 жылы 294 гранты игерілді, 6 грант 2016 жылдың қаңтар айында қайта бөлінді.

2016 жылы ҚМИУ 11 мамандық бойынша 160 грант бөлінді. Оның 01.09.2016 жылы 157 гранты игерілді, 3 грант 2017 жылдың қаңтар айында қайта бөлінді.

2017-2018 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша 11 мамандықтар бойынша 161 талапкер оқуға қабылданды. 6 грант игерілмеді.

Ағымды 2018-2019 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша  90 талапкер, 9 мамандық бойынша оқуға қабылданды.

Мамандық  2015-2016 оқу жылында оқуға қабылдау

2016-2017

оқу жылында оқуға қабылдау

2017-2018 оқу жылында оқуға қабылдау 2018-2019 оқу жылында оқуға қабылдау
1 Машинажасау 32 15 16 4
2 Көлік, көлікті техника және технологиялар 35 10 20 9
3 Технологиялық машиналар және жабдықтар 34 20 5
4 Электрэнергетика 35 5 12 14
5 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы 35 20 4 5
4 Металлургия 44 19 9 7
5 Құрылыс 39 15 24 9
8 Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы 40 28 27 9
9 Автоматтандыру және басқару 10 23 24
10 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 5
11 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру 10 21 9
БАРЛЫҒЫ: 294 157 161 90

 

Қазіргі таңда барлығы 659 студент оқиды.

Осы бағдарлама бойынша ҚМИУ оқуға түскен талапкерлер жатақханамен қамтамасыз етілген, олар оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастырылады.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жақсы оқу үшін студенттеге қолайлы жағдай жасалған.

Университетте заманауи оқу дәрісханалары және ғылыми зертханалары орналасқан 6 оқу-зертханалық корпус, 260 мың кітап қоры бар кітапхана, екі заманауи акт залы, құрамында 6 ойын залы және ашық алаңды спорт кешені жұмыс жасайды.

Университетте 890 орынды 2 жайлы жатақхана бар. Студенттер үшін жатақхана тегін. Университетте қоғамдық тамақтану орындары (4 дәмхана, 80 орынды асхана), сонымен бірге медициналық бөлме  жұмыс жасайды.

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетін таңдаумен – болашаққа сенімді кепілдендірілген  жолдаманы таңдайсың!